Жаңа технология нанотехнология



Дата03.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#89367
Байланысты:
naunyy-proekt-nanotehnologiya

“Жаңа технология – нанотехнология“ 2013-2014жж.

Ақөре орта мектебі

Жобаның мақсаты:

Физика пәні бойынша жаңа техналогияларға арналған материалдарды сыныптан тыс жүргізу әдістемесі.

Сондықтан ғылыми жобада көзделген:

  • Нанотехналогияларға түсінік беру, жаңа техналогиялар туралы білімдерің кеңейту;
  • Нанотехнология әдістері биотехнология, қоршаған ортаны қорғау, медицина, техника және т.б. аймақтардың дамуына маңызды жаңа құрылғылар мен материалдармен қамтамасыз ету мүмкідігін көрсету;
  • Оқушыларды ғылыммен айналысуға, физика ғылымына қызығушылықтарын арттыру.

Жаңа технологиялар біздің өмірімізді түрлендіреді, оны құлпыртады.

Нанотехналогия дегеніміз не? Олар заттардың қасиетерін қалай өзгерте алады?

Нанотехнология – бұл адамның көзіне көрінбейтін майда бөлшектерді белгілі бір ретке келтіре отырып, оның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды қарастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайлап орналастыру. Нанометр дегеніміз бір метрді миллиардқа бөлгендегі ұсақ бөлігі (1 нанометр=10-9 метр).

Нанотехнологиярмен қандай ғалымдар айналысады және олар қандай құралдарды қолданады?

Нанотехналогтар физика, химия және биологияда кең ауқымды білімдері бар мамандар. Сонымен қатар компьютер ғылымдары бойынша да маман болулары қажет. Себебі, ғалымдар алдымен наноматериалдар мен наноқұрылғыларды компьютерлік көлемді модель ретінде жасайды.

Нанобөлшектердің оптикалық қасиеттерін бақылау жаңа заманғы нанозертханасының көрінісі. Нанозертхана: оптикалық микроскоп, электронды зондтық микроскоп және спектр деп аталатын құрылғыдан тұрады.

Нанотехнологияны елімізде дамытудың алдыңғы шарттары

Қазақ жерінде нанотехнологияларды дамыту мақсатымен мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекші он жоғары оқу орындарында инженерлік зертханалар құру тапсырмасына байланысты мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, сатып алынған электронды микроскоптар, спектрометрлер т.б. құралдар нанотехнология элементтерін жүзеге асыруға мүмкіндік берумен қатар, оның әрі қарай дамуына үлес қосып жатыр. Бұға тағы бір дәлел алдымызда өтетін Astana EXPO – 2017 .

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті нанотехналогияның елімізде дамуына өз үлесін қосуда.

10 сынып оқушылары ғылыми жобаны еліміздің алдынғы қатарылы білім ордасынан бастауды жөн көрді.

Оқушылар “Нанотехналогия және радиотехника” кафедрасына қарасты арнайы зертханадыснда болып, мұғалімдермен кездесіп дәріс алды.

Оқушылар “Нанотехналогия және радиотехника” кафедрасына қарасты арнайы зертханадыснда болып, мұғалімдермен кездесіп дәріс алды.

Оқушылар бұл зертханада нанотехналогиялар арқылы күн фотоэлементтерін жасаумен айналысатынын білді.

Физика және жаңа техналогиялар

Барлық техниканың негізінде физика жатыр. Жаңа техналогиялардың дамуына физика ғылымының қосып жатқан үлесі зор.

Нанохимия

Күмістің нанобөлшектері. Күміс зиянды микробтарды жоя алатын қасиетір бар екені адамдарға ежелден-ақ белгілі. Сол сияқты күміс сүзбесінен өткен судың бойында микробтар мүлдем болмайды десе де болады.

Нанобиотехналогия

Нанобиотехналогия - бұл қазіргі заманғы ғылым мен техникадағы ең қызықты бағыттардың бірі. Нанобиотехналогияда бірден бірнеше ғылымдар: биология, химия, физика. және материалтану тоғысады. Нанобиотехналогия жанды мен жансызбен – тірі жасушаларды адамның қолымен жасалған наноқұрлымдарды түйістірумен айналысады.

Қортындылау

Нанотехнология - ХХІ ғасырдағы ғылыми-техникалық дағдарыстың жетістігі десек, қателеспейміз. Біз нанотехнологияның дамуы қоғамның жаңа түріне әкелетініне күмәніміз жоқ. Алайда нанотехнологиялық болашағымыздың қандай болатыны, ол қазір өмір сүріп жатқан сіз бен біздерге байланысты!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет