6. Жинақталған бағалау жүйесін ұйымдастырудың тиімді тәсілі ретінде портфолио қарастырылады.
Бұл тәсіл белгілі бір уақыт ішіндегі түрлі сала бойынша қол жеткізген жетістіктері мен жұмыс нәтижесін тиянақтау, белгілеу, жинақтау және бағалау. Портфолио – «педагогикалық екпіннің» ауыспалылығын қамтамасыз етеді.
Портфолио технологиясы білім беру үдерісінде мынадай функцияларды қамтамасыз етеді:
●диагностикалық (белгілі бір уақыт аралығындағы жағымды өзгерістерді (өсу, динамика) белгілейді; ● мақсатқа бағытталған (стандарт бойынша құрастырылған білім беру мақсатына қолдау көрсетеді;
● мотивациялық (жағымды нәтижеге қол жеткізу мен педагогтар және ата-аналардың өзара әрекеттесуін ынталандырады);
● мазмұндық (орындалатын жұмыс пен жетістіктің барлық спектрін мүмкіндігінше жүзеге асырады);
● дамытушылық (оқыту мен тәрбиелеуді, даму үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді);
● рейтингілік (дағды мен біліктілік деңгейін, диапозонын көрсетеді);
Сонымен қатар:
● білім берушілік (квалиметрикалық құзыреттіліктер негізін қалыптастыруда зор мүмкіндік береді);
● түзетуші (стимулирует развитие в условно задаваемых стандартом и обществом рамках).
Оқушылар үшінпортфолио – оқу әрекетін ұйымдастырушы, ал мұғалімдер үшін бағалау құралы және кері байланыс тәсілі.
Портфолионың кеңінен тараған бірнеше түрлері мынадай сипаттарға ие:
● жетістік портфолиосы;
● портфолио – есеп
● портфолио – өзін-өзі бағалау
● өзіндік жұмыс жүйесін жоспарлау портфолиосы
Портфолионың түрін таңдау оның құрылу мақсатына тәуелді.
Порфолионың айрықша ерекшелігіоның тұлғаға бағдарланған сипаттамасында:
- оқушы мұғаліммен бірлесе отырып анықтайды немесе портфолионың құрылу мақсатын нақтылайды;
- ақпараттарды оқушы жинақтайды;
- нәтижелерді бағалау негізінде өзін-өзі бағалау мен өзара бірін-бірі бағалау жатқызылады.
Портфолио инновациялық технологиясының классификациясын төмендегідей келтіруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |