Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді



бет538/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   534   535   536   537   538   539   540   541   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді:

1) өз оқушыларының темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;

2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік доспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі;

3) әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы;

4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі;

5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі;

6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі;

7) оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.

3. Оқушының сапалы білім алуын басқару мен оқу үдерісін ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету.

Оқыту сапасын басқарудың ақпараттық-аналитикалық әдісі секілді технологияны оқу үдерісіне енгізу тұтас бір мектепті, жекелеген кластардағы әр оқушының дамуын бірізді бақылауға мүмкіндік береді. Кейбір модификацияларда кластық - қорытынды бақылауға даярлық барысында, оқу жоспарындағы кез келген пәнді зерделеу жағдайында маңызды болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   534   535   536   537   538   539   540   541   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет