Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ КӨПТІЛДІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет543/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   539   540   541   542   543   544   545   546   ...   668
ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ КӨПТІЛДІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Нұрмұханова Б.С. (Атырау)
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».

Н.Ә.Назарбаев.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің жиынтығы.

Көпмәдениетті тұлға — көпұлтты және көпмәдениетті ортада белсенді, әрі тиімді өмір сүре алатын, өз халқының мәдениетін білетін, қастерлейтін, өзге мәдениеттерге құрметпен қарай алатын, елдегі басқа халықтармен ынтымақтастықта өмір сүруге бейім азамат.

Жалпы педагог ғалымдар «көпмәдениеттілік», «көпмәдениетті тұлға», «көпмәдениетті құзыреттілік» түсініктерінің мәнін ашу мен құзыреттілігін қалыптастырудың жолдарын қарастыруда. Әрине, біздің көп ұлтты елімізде жастардың көпмәдениеттілік құзіреттілігін дамыту аса қажеттілік деуге болады. Сондай-ақ, жаһандану заманында әр түрлі мәдениеттердің тұрақты дамуы үшін оқушылардың көпмәдениетті құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр.Білім, білік және дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз. Сондықтан оқушыларды біліммен сусындатумен бірге, бірнеше құзіреттіліктерді қатар меңгерту маңызды (құндылықтарды бағалау құзыреттілігі,мәдениеттану құзыреттілігі, оқу-танымдық құзыреттілігі, коммуникативті құзыреттілігі, ақпараттық-технологиялық құзыреттілігі, әлеуметтік еңбек құзыреттілігі, тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі). «Педагогикалық Шеберлік Орталығы» және «Назарбаев Зияткерлік мектебі» шетелдік серіктестерімен біріге келе, әлімдік тәжірибе мен педагогикалық тәжірибені қолдана отырып, ҚР педагог қызметкерлерінің біліктігігін арттыру мақсатында көпдеңгейлік Бағдарлама құрды. Осы Бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» мен Кембридждік бағдарлама модулдері ( білім берудегі және білім алудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауды үйрету; білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау; білім беруде АКТ-ны пайдалану; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту; білім берудегі басшылық және көшбасшылық) негізіндегі оқыту әдіс-тәсілдерінің маңызы зор. Бағдарламаның әрбір модулін сабаққа кіріктіре отырып, оқушыларды көпмәдениеттілікке, мәдениетаралық қатынас жасай алуына тәрбиелей аламыз. Жеті модульдің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері арқылы білім берудің жаңа тәсілдері қалыптасады. Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан білім беруді түсіну (Vygotsky, 1978; Wood, 1998) осы Бағдарламада айтылған «Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Mercer, 1995; Alexander, 2008), метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрету» (Flavell, 1976; Vygotsky, 1978) деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады.«Қалай оқу керектігін үйрету» білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге, мұғалімнің өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы керектігі, мұғалім бұл үдерісте көмек көрсететін тұлға екені айтылған. Мәдениетаралық оқушы тәрбиелеу — заманауи қоғамда халықтар мәдениетін жақсы түсінуге үйрету, бұл адамдарға мәдениетаралық хабардарлықты байытуға мүмкіндік береді, сол арқылы әртүрлі мәдениет адамдары бір-бірімен араласуға мүмкіндік алады, қоғамдағы мәдениеттердің алуан түрлілігіне қатысты икемді бола алады, әлеуметтік өзара іс-әрекетке қатыса алады және адамзаттың жалпы мұрасын түсінетін болады. Шет тілі сабағында диалог тәсілі бұрыннан бар. Десек те, аталған бағдарлама бойынша пікір алмасу барысында оқушы мен мұғалім тең құқылы серіктестер болып табылады. Әңгіме-дебат, топтық, зерттеушілік әңгімелер оқудың ажырамас бөлігі іспетті. Диалогта оқушы сындарлы сөйлеуге, білімін қалыптастыруға, сыни тұрғыда ойлауға үйренеді, өз сезімдерін ашық білдіре алады. Шет тілі пәндерінде сыни тұрғыдан ойлауды үйретуде тақырыпқа байланысты суреттер, естелік жазбалар мен зерттеу еңбектерін жинап, топтастырып, оларды бағалауға, сұрақ қойып, болжам мен ұсыныстарды қайта қарауға үйренеді. Рефлексивтік әрекеттер арқылы оқушы өзінің және өз даму бағдарының жолын анықтай алады. Бұлардың барлығы оның әртүрлі өмір жағдайында өзін өзі тануына, өмірде жолын табуға көмектеседі.

Мінсіз оқушы- жарқын болашақ ертеңі. Жарқын болашақ- халық ертеңі. Мінсіз оқушы тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ету- әр ұстаздың басты міндеті. Сабақ барысында жаңа тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыра аламыз. Ынтымақтастық атмосферасын құру арқылы өз түсінігі, өз зерттеулері мен тұжырымы бар белсенді оқушы тәрбиелей аламыз. Сыни ойлау дағдысы қалыптасқан ортада әр бала өзіне «нені білемін, нені үйрендім және нені білгім келеді» деген сұрақ қоя алады. Осы сұрақтар оны ізденуге жетелейді. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету барысында біз қандай жетістіктерге жете аламыз?

Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.

Ең маңыздысы- әр оқушы мәселелерді талқылайды, ой елегінен өткізеді, зерделейді, бақылай отырып бағалайды. Алдына мақсат қоя алады, сол мақсатқа жету үшін бар күш- жігерін жұмсай отырып білімін жетілдіреді, өзіне сенімі артады және белсенді болады. Мәселелерді шешу барысында проблемалық сұрақтар қоя алады, сұрақ қоя отырып өзгенің пікірін тыңдайды, саралайды, санасады. Белгілі бір тұжырымға келеді. Осы арқылы оқушылар арасында және оқушы мен мұғалім арасында диалог қалыптасады. Диалог- жәй ғана қарым- қатынас емес, білім беру мен білім алудағы үдерістің дамуында пайдасы зор әдіс- тәсілдердің бірі болып табылады. Сыныпта диалог қалыптасқан жағдайда оқушылардың қызығушылығы артып қана қоймайды, сонымен қатар олардың білім деңгейі өседі. Диалог барысында оқушы өз ойын еркін жеткізе отырып, дәлелдейді. Дәлелдеу үшін ол ізденеді. Өз бетімен іздену- білім деңгейінің дамуында орасан зор мүмкіндік береді. Оқушы өз ойын еркін жеткізу барысында оның бойында көшбасшылық қабілеті дами түседі. Қошбасшы өз сыныптастарының арасында әрдайым көзге түсіп, ерекшеленіп тұратын оқушы. Көшбасшылық қалыптасса сол оқушының бойындағы басқа да қабілеттері ашылады.

Қабілетсіз оқушы болмайды, сол қабілетті дамыту- мұғалімнің шеберлігінде. Қабілеті ашылған оқушы дарынды, талантты оқушы қалыптастырады. Бұл да 7 модульге кіретін идеялардың бірі.

Көшбасшы, талантты және дарынды оқушы өз ойын, өз идеясын дәлелдеу үшін, басқаның пікірімен санасу үшін басқа оқушының не айтып, не істегенін және өзін- өзі бақылап отырады. Іс- әрекетін саралап, ой түйіндейді, белгілі бір нәтижеге келеді. Бақылай отырып бағалайды. Бұл білгенін айту, білмегенін жетілдіру болып табылады. Оқушы дербес тұлға, оның әр пікірі құнды. Сондықтан ол өзін, өзгені және оқытуды бағалауға қалыптасады.

Осы айтылып кеткен барлық білім беру мен білім алудағы модульдік идеялар оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асуы тиіс. Яғни әр тапсырма беру кезінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру маңызды.

Болашақта дарынды және талантты оқушы, бір сөзбен айтқанда «мінсіз оқушы» қалыптастыру үшін мұғалім жан- жақты ақпараттық- коммуникациялық технологияны жетік меңгерген болуы тиіс. Себебі бұл заман талабы. Мінсіз оқушы қалам немесе кітаппен шектелмейді, АҚТ –ды пайдаланады.

Білімберуде 7 модульді идеяларды бірінен- бірін ажыратып ала алмаймыз. Олар бір- бірімен тығыз байланыста. Жарқын болашақта сын тұрғысынан ойлау қабілеті қалыптасқан, өзіндік «МЕН» тұжырымы бар, алған білімін өз өмірінде жетік пайдалана алатын, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды жетік меңгерген, бақылай отырып бағалайтын, ой толғайтын, еркіндігі шыңдалған, кез- келген қиыншылықтарға төтеп беретін, пікірін анық жеткізе отырып дәлелдей алатын, кез- келген ситуациядан шыға алатын ұрпақ шығары сөзсіз.

Тегеуіріні - мықты, тәуелсіздігі – шуақты еліміздің болашағының баянды болуы білімді ұрпақтың қалыптасуында жатыр. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған «Жарқын болашаққа нық қадаммен» атты мемлекеттік бағдарламасындай, шебер мұғалім қалыптасқан, мінсіз оқушы тәрбиелеген, кез- келген дамыған ел қатарлы, иық тірескен, тұғыры биік Қазақстан Мемлекеті боламыз деген сенімдемін. Осы жолда аянбай еңбек етіп, кездескен кедергілерді жеңе білейік.

Болашақ ұрпақ- кемел келешек кепілі. «Болашақ ертеңі- біздің қолымызда, ұстаздар!» дегім келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   539   540   541   542   543   544   545   546   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет