Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГ КРЕАТИВТІЛІГІН ДАМЫТУ



бет546/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГ КРЕАТИВТІЛІГІН ДАМЫТУ



Cарсекенова А.Б., Балапанова Ж.Т(Атырау)
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауында былай деп атап көрсетті: «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Негізгі педагогикалық білім берудің стандарттарын, мектеп және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс».

Педагогтың мәртебесі оның интеллектуалдық, кәсіптік деңгейімен, жеке тұлғалық қасиеттерімен белгіленеді. Аталған қасиеттерді жетілдіру үшін біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі осы бағытқа арналуы тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіне өзгерістер ендіру қажет.

Қазақстандық білім беру жүйесінде педагог мәртебесін арттыруда төмендегідей стратегиялық бағыттар анықталды:

1. Педагог қызметкерлердің біліктілігін артырудың жаңа жүйесін жасау.

2. Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибе негізінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мазмұнын модернизациялау.

3. Жоғары оқу орындары мен колледждің педагогикалық мамандықтарындағы оқытушылардың біліктілігін арттырудың инновациялық жүйесін дамыту.

4. Білім сапасын қамтамасыз ететін біліктілікті арттыру жүйесінің тиімді жұмыс жасауына қажетті жағдайлар тудыру.

Бұл мәселенің өзектілігі елдің экономикасын дамытуға негіз болатын адам капиталын қалыптастырудың басты механизмі білім беру жүйесіне мемлекет тарапынан қойылып отырған жаңа талаптармен түсіндіріледі. Сондықтан елдің педагогикалық қауымдастығы алдында өндірістік күшті жетілдіру, қоғамның интеллектуалдық және рухани-адамгершілік әлеуетін дамыту әлеуметтік міндеттері айқындалды. Осы негізде қоғамдағы кәсіптік құндылықтар баспалдағында педагог еңбегінің орны мен маңызы белгіленеді.

Елімізде білім беру жүйесін дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Педагог қызметкердің мәртебесі деп аталатын 7-тарауда 50-53 баптарда педагог қызметкердің мәртебесі, педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі, тиесілі әлеуметтік кепілдіктер анықталды. Әрбір педагог өзінің қызметінде нормативтік құжатқа сүйене отырып, өз жұмысын дұрыс құруға міндетті. Педагогтардың мәртебесін арттырудың бірден бір жолы – өз құқығын білуі және шығармашылықпен жұмыс жасау. Осы заңның 51 бабының 2 тармақшасына сәйкес педагог қызметкер ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге құқығы бар. Біздің ойымызша, бұл қазіргі жағдайда педагогтар үшін бәсекеге қабілетті болуына қажетті негіз болып табылады.

Білім – адам сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сондықтан «адамды» өмір сүру барысында өзгеруге әлеуеті жететін ашық жүйе деп қарастырғанымыз жөн. Ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» — маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік – бұл білімді меңгерудегі, тәжірбиедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бүгінгі күн мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпықоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызметінде табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кеңірек қарастырған жөн.

Бүгінгі оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс.

Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймыз. Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесін зерттеген ғалымдар бұл саланың даму тенденциясын жан-жақты көрсеткен. Іс-тәжірибе барысындағы қиындық мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қызметі мен даярлық деңгейіне қойылатын талаптар арасындағы сәйкессіздік салдарынан туындайтыны сөзсіз. Жас мұғалімдер оқушылардың өзбетімен әрекет ете білу дағдыларын қалыптастыру, оның қарқынын зерттеу, оқушылардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру мәселелерінде қиындық көреді. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың пән мазмұны бойынша білімді меңгеруінен емес, сол бойынша жұмыс істету әдістерінен қиындық көреді. Сонымен бірге мұғалімдер оқу мақсаттарын қою, міндеттерін белгілеу және оның нәтижесін жоспарлау, қиындықты жеңу әдістерін іздестіру т.б. бойынша да қиындықтар көретіндігі байқалады.

Ұлттық білім берудің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде танып, оның рухани баюына, саяси көзқарасы мен шығармашылық белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына толық мүмкіндік беру, жағдай жасау. Сондықтан жас маманның бойында үш түрлі біліктілік қалыптасуы қажет: а) пәндік біліктілік. 

Пән бойынша алған теориялық білімі мен іскерлігі жатады. Теориялық білім пән арқылы беріледі. ә) педагогтік біліктілік. Педагогиканың негізін, ұстанымдарын, әдіс –тәсілдерін, сабақты ұйымдастырудың негізгі нысандарын білуі тиіс. б) технологиялық біліктілік. Білім берудің сапасын көтеру, өз бетімен іздену қабілетін қалыптастыру. Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты – маманның бойында іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, білім ғасырындағы білім берудің жаңа жүйесі нені оқыту (білім мазмұны), қандай жүйеде оқыту (құрылымы), қалай оқыту (педагогикалық технология) мәселелерін шешуге бағытталуда. Оқытушының қызметін өз дәрежесінде атқара алуы оның біліктілігіне байланысты. Атап айтқанда: гностикалық, педагогтік, қоғамдық –экономикалық, коммуникативтік. Білікті маманның тәрбиелеген шәкірті білімді болары сөзсіз. Ал білім – қоғам дамуының шешуші факторы.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құрулардағы педагогикалық үдерістің негізгі субъектісіне айналып отыр. 

Біліктілікті арттыру құрылымына жаңаша көзқарас жаңартылған жүйеде педагогтердің мінсіз қызмет атқаруынан басталады. Облыс орталықтарында құрылған педагогтердің біліктіліктерін арттыру филиалдары: педагог кадрлардың қосымша білім беру жүйесіндегі білім беру қызметінің сапасына бірыңғай талапты; мазмұны, ұйымдастыру әдісі және түрі жағынан әртүрлі, бірақ қай өңірде болса да бірдей жоғары сапалы курстық дайындыққа педагогтердің қолжетімділігін; ұлттық деңгейдегі курстық дайындықтың сапасын басқаруды мониторинг жүйесінің көмегімен қамтамасыз етеді. Біліктілік жүйесіндегі мониторинг белгілеу, түзету және болжау қызметтерін жүргізуге мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар арқылы жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет