Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет544/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Әдебиеттер

  1. Біліктіліктіарттыру орталығы. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» .Үшінші (негізгі) деңгей, 5-40 беттер www.cpm.kz

  2. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері, 2010ж. «Методы обучения различным видам чтения». Автор: Ф. С. Баурова

  3. Мектептегі шет тілі, 2010ж. «Техникалық құралдарды пайдаланудың тиімділігі». Автор: Ж. Т. Бектаева

  4. Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013



СӨЗДІКТЕРДЕГІ «ЖҰЛДЫЗ» АТАУЫНЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
Оразымбетова А.Б. (Ақтөбе)
Біздің зерттеу нысанымыз «жұлдыз» сөзі өте ерте замандарда, түркі халықтары дараланбаған кезде шыққан. Жұлдыздарға қарап жол табу әдісі ұшы-қиыры көрінбейтін далаларда, ашық теңіздерде ұзақ уақыт жүргенде ғана қолданылған. Жақын жұлдыздарға ат қойып, оларды бірінен-бірін айырып атау, көрінетін орындарын аңғару дәрежесіне жеткенше мыңдаған жылдар өтеді.

Ертедегі адамдар жұлдыздарды аспанның хрусталь (шыны) күмбезіне ілінген жанып тұрған кішкене фонарьлар деп ойлаған. Олар: «Әрбір адамның жұлдызы бар, ол өлген сәтте сөнеді» дегенге сеніп, аспанда жарық жұлдыз ағып өтіп, сөнген кезде «Құдай біреудің жанын алды» дейтін болған. Халықтың бұл түсінігі ақын-жазушылардың шығармаларында көптеп кездеседі.

Мысалы, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев:

...Бірадамтуса,

Біржұлдызбіргекеледі.

Сенбесеңсенбе, әйтеуір, мен сенем.

Құлазыпқалам, біржұлдызағыпсөнсе, мен.

Несі бар оның,

Айып па адамтағдырын

Бүкілғаламныңбиіктігіменөлшеген.

Аспандакейде

Біржұлдызағыпбаратса,

Тұрам да қаламбұралмайқалғансағатша.

Кереметнеткен,

Адамныңкелтеөмірін

Жұлдыз бен жердіңқашықтығынанжаратса!.. - дептолғанады.

Сөздіктерде «жұлдыз» атауының беретін заттық, ұғымдық, сезімдік мағынасы қандай? Халықтың өмірлік тәжірибесінде қолданылатын жұлдызға қатысты атаулар түгелдей дерлік өз бағасын алды ма? Бұл орайда қолымызға түскен қазақ және орыс тіліндегі ғылымның әр саласы бойынша сөздіктерді парақтадық.

Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінің төртінші томында «жұлдыз» ұғымына мынадай түсінік беріледі: «Жұлдыз. зат.». 1. Астр. Жерден өте қашық орналасқандықтан нүктедей ғана болып жылтырап көрінетін аспан денесі. 2.Көне. Жылдың он екіден бір бөлігі, ай. 3.Ауыс. Маңдай алды, халық қалаулысы, бетке ұстары. Жұлдыз зат. Бес бұрыш (тармақ) етіп жасалған Совет мемлекетінің айырым белгісі, эмблема [3,213]. 2002 жылы Ә.Нысанбаевтың басқаруымен шыққан «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясында: «Жұлдыз - өте күшті қызған газдан тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері» деп ғылыми тұрғыдан негізделеді.

Қазақ тіліндегі сөздіктер мен орыс тіліндегі сөздіктерде «жұлдыз» космониміне берілген анықтамаларды салыстыру мақсатында 1955 жылы СССР Ғылым академиясынан шыққан «Словарь современного русского литературного языка» кітабының төртінші томынан «жұлдыз» (звезда) сөзінің бес түрлі лексикалық мағынасын ұшыратамыз: 1.Небесное тело, пео своей природе сходное с Солнцем, вследствие огроиной отдаленности видимое как светащаяся точка. 2. Перен. О человеке, прославившемся чем либо, о знаменитости. 3. Геометрическая фигура, облдающая остроконечными выступами; предмет в форме подобной форме подобной фигуры. 4. Светлое пятно на лбу у животного 5. Знак отличия, орден, имеющий форму звезды [6, 1133-1135]. Көріп отырғанымыздай, қазақ тілі және орыс тілді лексикографиялық деректерде «жұлдыз» сөзінің дыбысталуы әр басқа болғанымен, танылу деңгейі мен лексикалық мағынасында ұқсастық бар.

Қазақ халқы дүниетанымының кеңдігін «жұлдыз» ұғымына қатысты теңеулердің көптігінен аңғаруға да болады. 1990 жылы Т.Қоңыров құрастырған «Қазақ тілінің тұрақты теңеулері» сөздігінде мынадай көркем теңеулер берілген: «ағып түскен жұлдыздай, аққан жұлдыздай сырғу, жарқыраған жұлдыздай, жұлдыздай жайнау, жұлдыздай құлпыру, жұлдыздай жалтылдау, жұлдыздай жарқырау, жұлдыздай жылпырау, жұлдыздай жану, жұлдыздай маздату, жұлдыздай жылтылдау, жұлдыздай ағу, жұлдыздай құлдырау, жұлдыздай жалт ету, жұлдыздай жүйтку, жұлдыздай жиі, жұлдыздай (көп), жұлдыздай жыпырлау, жұлдыздардай жүзім, жұлдыздай гүл, қосжұлдыздай жанары, Үркер жұлдызындай шоқтану, Үркердей (аз),Үркердей жиі тізілу, Үркердей болып тұру, Үркердей аз,Үркердей болып жиналу, Шолпан жұлдызындай, Шолпандай ойнау, Шығыстың шолпанындай» [4,180-181]. Аталған теңеулер көбінесе М.Әуезовтың, Т.Ахтановтың, С.Сейфулиннің, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың, Ғ.Мұстафиннің шығармаларында және қазақ батырлар жыры мен ертегілерінде көп кездеседі. Негізінен қимыл-әрекетті, нәрсені аспандағы жұлдызға теңеуі адамдардың дүниені тану мақсатында қоршаған орта құбылысын жіті бақылауынан туындаса керек.

Ал 1977 жылы І.Кеңесбаевтың жалпы редакциясымен шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» жұлдыз сөзімен тіркескен бірнеше тұрақты тіркестердің мағынасын ашып көрсетеді:

Жұлдыздай ақты – қатты жүгірді, оқша атылды.

Жұлдыздай толғанда.диал. Ел орынға отырған соң, кеш әбден түскен соң.

Жұлдызы жарқын. 1.Өмірі кіршіксіз; 2. Беті ашық.

Жұлдызы жоғары. (жоғарыкөрінді). Мерейіүстем, дұшпанынмұқатып, иығыөсіптұрдегенмағынада (көбінесе бал ашқандаайтады).

Жұлдызықарсы.өш, қас.

Жұлдызыоңынан (соңынан) туды.Бағы ашылды;жолы болды.

Жұлдызы сөнді (ұшты). 1. Өлді, дүниеден қайтты. 2. Бақыты тайды.

Жұлдызы түзелді.Тағдыр таразысы оңғарылды; ісі, беті оңғарылды.

Жұлдызы ыстық. Сүйкімді, кісіні өзіне тартатын қасиетке ие [10,209].

«Жұлдыз» сөзі қосымша қабылдамай, тек қана бір өзі жеке тұрып мағына бермейді, сонымен бірге оған сөзден сөз тудырушы, сөзден сөз түрлендіруші аффикстер жалғану арқылы және басқа сөз таптарымен бірігу, тіркесу арқылы мағыналық түрлене алады. Мысалы, түбірге аффикстердің жалғануы арқылы жұлдызша, жұлдыздай, жұлдызды, жұлдызсыз, жұлдыздайын, жұлдыздық, жұлдысшы сөздері туындаса, басқа сөзбен бірігу арқылы жұлдызгүл, жұлдызшөп, жұлдызшешек, жұлдызтүк сөздері, басқа лексикалық сөзбен тіркесуі арқылы жұлдызды аймақ, жұлдыз тәріздес нейрондар, жұлдызқұрт жайы, жұлдыз ауруына ұшырау, жұлдыз астрономиясы, т.б. сөз тіркесін жасап, тілдің лексикалық жүйесін құрайды.

«Грамматика - белгілі бір тілдегі сөздердің өзгертілуі, сөйлемде тіркесуі туралы ережелердің жиынтығын баяндайтын ғылым. Ол морфология (сөз формаларын зерттейді) және синтаксистен (сөйлемдегі сөз тіркестерін зерттейді) тұрады» [1,14]. Грамматикалық көрсеткіштердің қалыптасуы, даму жолы мен қазіргі түркі тілдеріндегі қалпы салыстырмалы-тарихи зерттеу объектісіне жатады. Сөз тудырушы жұрнақтардың «жұлдыз» негізгі түбірге жалғану арқылы тіліміздегі қолданылатын сөздер сөздіктерде де көрініс табады.

Қ.Жұбанов өзінің «Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі тарихынан» атты зерттеу еңбегінде (1936 ж.) қазіргі аффикстер мен әр алуан көмекші сөздер бірте-бірте негізгі мағыналарынан айырылып, оған сәйкес, дыбыстық өзгеріске ұшыраған түбір сөздерден пайда болған» деген пікірдің дұрыстығын нақты деректермен дәлелдейді.

Біздің айтпақ ойымыз – «жұлдыз» сөзіне жалғанған қосымшалардың әуелгі кезде жеке түбір болып, ол да бір жеке мағына бергенін дәлелдеу. Мәселен, 10 томдық қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен «жұлдызша» заттық ұғымда беріліп, оның «түнде аспан әлемінде жарқырап кішкентай болып көрінетін планеталар» деген сипаттамасы берілсе, сонымен қатар, жұлдызшаның қоғамдық қызметінің екі түрін, яғни Совет үкіметі кезінде «бес тармақ бұрыш етіп жасалған октябрят белгісі, значек» және полиграфияда «жұлдыз тәрізді баспахана белгісі» жұлдызша қойылады. Бұл әлі де біздің өмірімізде өз қызметтерін атқарып келеді. Қазіргі уақытта жұлдызша октябрят белгісін бермесе де, еліміздің елтаңбасында белгіленіп, кітаптарда анықтама берілген, түсіндірілген ұғымды ерекшелеу мақсатында «жұлдызша» белгісін қояды.

Осыны негізге ала отырып, бізде де жұлдыз негізгі түбіріне -шы аффиксі жалғауы арқылы «жұлдызшы» деген заттық атаудағы сөзді қолданамыз. «Жұлдызшы – ежелгі дәуірлер мен орта ғасырларда аспан денелерінің қозғалыстарын бақылаумен шұғылданған адам, астроном» [1,65] деген анықтама берілсе, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» 4-томында осы мәндес мынадай анықтама беріледі: «Жұлдызшы – аспан денелерінің қозғалыстарын бақылаумен шұғылданған адам, ерте кездегі астроном» [3,215.]

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «жұлдыздай» сөзі сын есімнің қызметін атқарып, «жұлдыз сияқты, жұлдыз тәрізді» деген анықтама береді және де «жұлдыздай ақты – көз ілеспеді, зымырады, жұлдыздай самсады – жұлдызша жыпырлады, жайнады, құйрықты жұлдыздай ағып өтті – жалт етті де жоқ болды» [3,214] деген түрлеріне сипаттама береді. «Жұлдыз» түбіріне «тең» сөзімен салыстыру мағынасын тудыратын теңеулік тәсіл ретінде қолданылған. Ал проф. Т. Қоңыров –дай, -дей аффиксі қазақ тіліндегі «тең» сөзімен төркіндес дегенді негіздейді.

Ғалым Ж.Тектіғұл өзінің «Тарихи грамматика» атты зерттеу еңбегінде Ғ.Мұсабаевтың мына бір пікірін келтіреді: «-дай, -дей қосымшасы түрлі кезеңдерден өтсе де, әлі жіктеліп жетпеген, оның семантикасының екі жағы бар деуге тиіспіз. Оның бірі – сөз арасын байланыстыратын жалғаулық мәні, екіншісі - өзі қосылған сөзге үстеме мағына туғызып, жалғау категориясы тұлғаларынан бұрын жалғанып, жұрнақтық мәнге ие болуы. Сөйтіп, бірде жалғаулықтың, бірде жұрнақтың қызметін атқаруы осы –дай,-дей... қосымшасының ерекшелігі» [7,36].

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде сындық мағынада қолданылатын, фольклорда сақталған «жұлдыздайын» деген туынды сөзді келтіріп, оған «жұлдыздай» деген мағынасын береді. Сондай-ақ сандық мәнде «жұлдызды» - жұлдызы көп, жұлдызы мол, «жұлдыздық» - жұлдызға қатысты деген мән түрлерін келтіреді. [3,214].

«Жұлдыз» сөзі сонымен қатар септеледі, тәуелденеді, жіктеледі, көптеледі. Бір сөзбен айтқанда аффикстермен қоса, жалғаулардың барлық түрін қабылдап, түрлене алады. «Жұлдыз» түбіріне көптік жалғауының тек ғана – дар қосымшасы жалғанса, септелген уақытта көмектес септігінің жалғаулары жалғанғанда буын үндестігіне бағынбайды.

Бүкіл әлемнің бастауын, құрылымының түп негізін, кескін-келбетін бабаларымыз қапысыз түсініп, табиғат пен адам арасындағы үйлесімдікті ажырата білген. Осы орайда сөздің мәнін, астарлы ойын, тұспалды мағынасын, ишара белгісін, ғылыми-сандық, санаттық негізін айқын түсіне отыра ұтымды атауларды қолданған.Табиғатта болып жатқан көптеген құбылыстарды ата-бабаларымыз өзінше қабылдап, болжам жасап отырған.

Біз зерттеу жұмысымызда белгілі ғалымдардың лексикографиялық деректер туралы құнды теориялық пікірлерін басшылыққа ала отырып, тілімізде кездесетін «жұлдыз» космонимінің шығуы, оларға қатысты туған аңыздар мен мифологиялық түсініктерге кеңірек тоқталдық. Сонымен бірге лексикографиялық сөздіктердегі космонимдік атаулардың ертеден келе жатқан әр халықтың таным-түсінігін, салт-дәстүр, мәдениетін, шаруашылығын көрсететін тілдік бірлік екендігін дәлелдеуге тырыстық. Мәні мен мазмұны лексикографиялық деректерде сақталған космонимдік атаулар әлемнің тілдік бейнесін жасайтын ұлттық менталитеттің өзіндік ерекшелігін айқындаса, сол ұғымдар осы күні де тілдік қолданыстан тыс қалған емес. Әрбір жұлдыздық атаудың шығу төркіні мен беретін мағынасын білу үшін сөздіктерге жүгінсек, осының өзі біздің аспан әлемінің жұмбағын білмекке ұмтылуымыздың бір айғағы деп білеміз.

Сөздердің сырын біліп, қолданылған жердегі мән-мағынасын түсіну, олардың түп-төркінін танып білу, ана тілінің сөз сырына үңілу кім-кімге де қажет. Ұлы Абай атамыз айтқандай, «пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең бір қызықты уақыты болып ойында қалады». Ал ана тіліміздің «жұлдыз» ұғымына қатысты сырлы бояулары мен сөздік байлығын білмекке ұмтылу біздің дүниетанымымызды кеңейту үшін, білімімізді молайту үшін атқарылатын ғанибетті әрекет. Себебі, қазіргі ұлттық тіліміздің мәртебесі көтеріліп, әлеуметтік маңызы артқан кезде, ішкі ойымызды жалаң сөзбен жеткізбей, көркем жеткізуде тіліміздің бар байлығын игеріп, оны тиісті қолдана алуымыз уақыт талабынан туындап отырған мәселе.

Сөзімізді қорыта келе, лексикографиялық деректердегі «жұлдыз» атауының берілуі әр халықтың танымының, философиялық ойлау деңгейіне қарай көрініс табуы, сонымен қатар, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпымен тікелей күнделікті өмірімен тығыз байланыста болып, қатар жасағандығын және күнделікті тіршіліктің аспанмен байланыста болғандығын айқындадық деп ойлаймыз.

Жұлдыздың көркемдік ролі қай кезеңде де еш бәсеңдеген емес, жұлдыз әр елдің тулары мен елтаңбаларында, қолөнер туындыларында, алтын медальдарда, ордендер мен әскери белгілерде және газет-журналдар атауы ретінде қолданылады. Бұның өзінен жұлдыз атауының халық санасында, дүниетанымында өмір сүре беретіндігін көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет