- «Бөтелке ішіндегі хат», «SOS сигналы»морзе әліппесі арқылы берілген хабар көмек сұрап географиялық координаталары көрсетіледі. Оқушылар сол жазылған координатағы жерді картадан тауып көрсетеді.
- «Шахмат»ойынынат жүрісімен сөзжұмбақты шештіру. Мысалы, Африканың табиғат зоналары тақырыбын өткенде ойнатуға болады.
Баланың сыни ойлауын дамыту үшін білімді тек бір пән деңгейінде ғана бермей бірнеше пәндік біліммен ұштастырып отырса баланың қызығушылығы артып жалпы көп білуге ұмтылады. Әр түрлі пәннен алған білімдер бір бірін толықтырып кругозоры кеңейеді. География пәнін көптеген пәндермен интеграциялауға болатын мүмкіндігі мол бірден бір пән. Сабақтарымды баланы шаршатып алмас үшін басқа пәндермен үндестікте өткіземін. Әсіресе, биологиямен тығыз байланысты. Биосфера тарауы мен табиғат зоналарын өткенде биологиядан алған білімдеріне сүйеніп дамытады. Жер қабықтарының (атмосфера, литосфера, гидросфера) заңдылықтарын тек қана физикадан алған білім мен заңдылықтарын байланыстыра отырып түсіндіремін. Математика пәнінің алатын орны да ерекше. Сарамандық жұмыстардағы барлық тапсырмалардың негізі есептеп табудан тұрады. Картографиялық проекцияларды тұрғызу, кестелер, изосызықтар, диаграммалар мен графиктер сызу математика мен геометриялық білімді қажет етеді. Әдебиет пәнінің мазмұнын ашуда географиялық білімнің өзіндік орны бар. Себебі адам – табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан, балаларды табиғатпен тығыз байланыста оқыту керек. Кең байтақ қазақ елінің көркем табиғатқа бай екені, сол әсем табиғатты талай ақын, жырауларымыз өз жырына арқау еткен, сол табиғатты сүюге, оған ұқыпты қарауға, тиімді пайдалануға жеткіншектерді тәрбиелеу қажеттілігі ұстаздардың назарында болуы керек. Мысалы: С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы; І.Жансүгіровтың «Жетісу», «Гималай» өлеңдері; Қ.Мырзаливтің «Қызыл кітабы», Құнанбаевтың лирикалық өлеңдері т.б. шығармаларды өткенде географиялық білім қорларын пайдалану мүмкіндігін қарастыру шарт. Жергілікті ақын – жазушылардың еңбектерінен өлкенің табиғат кешендері туралы мол ұлағат алуға болады. Ә.Қастеевтің «Түркісіб», «Хан - Тәңірі» т.б. суреттерін, Айвазовскийдің «9 - балл», «Толқын» с.с. ұлы суретшілердің шығармаларын көрсету арқылы жаңа сабақтың есте жақсы сақталуына мүмкіндік туғызамыз. Құрлық сулары тақырыбын өткенде мәтінінде өзен – көл, таулар тақырыбында таулар атауы бар әндерден 5 – 10 минуттық сайыс ұйымдастырамын.
География пәндері ішінде «Материктер мен мұхиттар географиясы» өте қызықты курс. Сабақты түрлендіріп өткізуге қолайлы. 7-сынып оқушылырының өте қызығып оқитын тақырыбы- әр материктің табиғат зоналары, оның ішінде жан-жануарлары туралы. Тіпті, «Қимыл» ойыны кезінде жасырылған жан-жануарлардың қимыл-әрекетін айнытпай салады. Табиғат зоналары тақырыбында оқушылардың бірі кесте құраса, бірі сөзжұмбақ, бірі эссе жазып, бірі салыстырмалы тестіні өздері үйден құрастырып келеді.
«Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен өткен «Арал тағдыры –адам тағдыры» атты тақырыпта сабақты сот түрінде «Адам. Заң. Құқ..» пәніне және «Ата заңға» сүйене отырып өткіздім.
Жеке тұлғаның танымдық қабілетін арттыру, қызығушылығын ояту, оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру үшін өздеріне ұнайтын тақырыпта қалаулары бойынша, алған білімдерін өзгемен бөлісуін қандай үлгіде жеткізетіндігін өздерінің шешуіне мүмкіндік беру керек.
Ендеше ақпарат ғасырында, технологиясы дамыған заманда ұстаздардың ортақ мақсаты - заман талабына сай білімді, жан – жақты ойлай білетін, өз елінің, халқының қамын жейтін, қоғамды алға қарай дамытатын ұрпақ тәрбиелеу. Ұлттық тағылымдардан сусындаған ұстаз ізденіссіз сапалы білімге қол жеткізу мүмкін емес.
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін –білім»- деп М.Әуезов айтқандай ұрпағымыздың білімді болуы үшін аянбай еңбек етейік. Соның ішінде ақпараттық технологияны қолдану тұлғаның жан-жақта ашылуына жағдай жасайды, шығармашылық әлеуетін арттырып, жоғары интеллектуалды жастар тәрбиелеуге үлес қосады. География пәнінің сабақты түрледірудегі өзіндік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, түрлі ойындар ойнату арқылы баланың пәнге деген қызығушылығын оятып қана қоймай, сонымен бірге оларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, сөйлеу мәнеріне, барлық пәннен алған білімдерін ұштастыра білуге үйретеміз. Жаңа технологияларды сабақтың кез-келген бөлімінде, тек қайталау сабақтарында ғана емес жаңа сабақты түсіндіру кезінде де тиімді пайдалана алсақ, алған білімдері соғұрлым сапалы болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |