-«Миллион кімге бұйырады?»көгілдір экрандағыдай берілген тәртіппен бірнеше турлар арқылы сұрақ-жауап әдісімен және «досына хабарласу»,»көрермендер көмегіне» жүгіне алады. Дәстүрлі емес сабақтың бұл түрін қайталау сабақтарында қолданған өте тиімді. Физикалық география қурсында жер қабықтары туралы алған білімдерін тексеру, пысықтау кезінде өткіземін.
ІҮ.Географиялық ойындарды сабақта пайдаланып оқушыларды шапшаңдыққа, шынайылыққа тәрбиелей отырып, сергітеміз және ынталандырамыз.
- «Телеграмма» ойыны кезінде саяхатта жүрген жерінен үйіне жедел хат (сөзбен қағазға жазылады) немесе Sms (бірлікпен ұялы телефон арқылы) жіберу керек. Хаттардың әр сөзі әрі қысқа, әрі мағынасы болуы шарт. Мысалы, «Түркия. Туристер көп келетін қаласы Анталиядамын. Қара теңіз жағалауында балық жеп отырмын теңіз толқындарына қарап.С/м Сая»
- «Тосын сый» ойыны.Байлаулы көзбен сезім мүшелері арқылы жасырылған жемістер мен көкөністерді ұстап, сипап, иіскеп тауып және пайда болған ошақтарын атауы керек. Бұл ойын жақсы сергіту сәті боп саналады. Өйткені, бұл сәтте түйсіну арқылы ғана іздеп тауып, бала өзін еркін сезінеді және сәл тыныштық орнап, бір сәт демалады.
Табиғат зоналары тақырыбын өткенде:
Оңтүстік Америка- картоп, қызанақ, жүгеріні, мақта;
Солтүсік Америка – күнбағыс, бұрыш, асқабық, какао;
Еуразия- жанғақ, көк шәй, шәй, лавр;
Африка – кофе, сәбіз, бидай, қызылша, орамжапырақ жасыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |