Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет602/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   598   599   600   601   602   603   604   605   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Мектепішілік бақылау -мектептің оқу-тәрбие жұмысы жүйесінің жалпы мемлекеттік талаптарға және мектептің даму жоспарына сәйкестігін анықтауға бағытталған мектеп басшылығының әрекеті.

Мектепішілік бақылау оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болатын кемшіліктердің алдын-алуға бағытталған.



Мектепішілік бақылаудың принциптері:

  • ғылымилық

  • жоспарлылық

  • негізіні бөліп көрсету

  • актуалділік

  • жариялылық

Бақылаудың кезеңдері:

  • мақсат қою

  • бақылау объектісін тандап алу

  • бақылауды жоспарлау

  • бақылау субъектісін анықтау

  • ақпаратты жинау және талдау

  • бақылаудың қорытындысын жасау, ұсыныстар жасау.

Бақылауды өткізуде мектеп құжаттарын зерттеу, бақылау, әңгімелесу, сауалнама алу, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, болжамдау, хронометрия сияқты әдістер қолданылуы мүмкін.

Хронометриялық әдіс мектептің жұмыс тәртібін, сабақ және сыныптан тыс оқу уақытын тиімді ұйымдастыру, оқушылар мен мұғалімдердің жұмыс бастылығын (занятость), үй тапсырмасының көлемін анықтауда қолданылады.

Мектепішілік бақылау түрлері мен әдістерін таңдау оның мақсатына, міндеттері мен нысанына, уақытқа байланысты. Олардың тиімділігі нақты жоспарлай білуге, бақылауға әкімшілік, мұғалімдер, білім беруді басқару органдарының өкілдерін кеңінен тарта отырып, іске асыруда ғана мүмкін.

4 орта мектебі бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысының тақырыбы:

«Нәтижеге бағытталған оқытудың педагогикалық технологияларын жетілдіру»

Мақсаты:Білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгере

отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді

қамтамасыз ету.Мұғалімді интеллектуалдық, кәсіптік,адамгершілік,

рухани дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға жол ашу.

Міндеті:


  • Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіруде жаңа технологияны меңгерген, өзіндік бағыты, ой-пікірі бар, алдына мақсат қоя алатын, оған жету жолдарын таба алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіндегі мамандар ісін жетілдіріп отыру.

  • Мектептің білім деңгейін арттыруда, жеке тұлғаны дамытуда білім стандарттарын, оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын және нормативтік құжаттарды, нұсқаулық-әдістемелік материалдарды тиімді пайдалану арқылы белсенді жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

  • Оқушыларды ғылыми шығармашылық еңбекке үйрету, дүниетанымын және ынтымақтасып жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.

Мектепішілік бақылау біз қызмет ететін №4 орта мектебінде жүйелі жүргізіледі. Бақылау ауызша әңгімелесу, анықтама жазу, диагностикалау, анкета алу, озық іс-тәжірибе жинақтау, зерттеу, тарату әдістерімен жүргізіледі. Аталған мәселелер педагогикалық кеңесте, әкімшілік отырыстарда, директор жанындағы кеңесте, әдістемелік кеңестерде, директор орынбасары жанындағы кеңестерде күн тәртібіне қойылып, талдау жасалынып, хаттамаланып отырады.Әкімшілік тарапынан мұғалім сабақтарына қатысуы барысында оқу бағдарламаларының практикалық бөлігінің, жазба жұмыстарының орындалуының графиктік жоспарлары жасалынды.

Оқушылардың білімін арттыруға және оқу пәндерінің оқыту сапасын арттыруға септігін тигізетін шаралар мектепте ұйымдастырылған:

-Оқыту процесіне мониторинг, рейтинг әдістері енгізілген;

-Дамыта оқыту технологиясын сабақтарда, ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде пайдалану үрдіске айналған;

-Тестік жүйе енгізілді. Сыныптардан әр ай сайын мектепішілік сынақ жұмыстары тексеріліп, сараптама жасалып, мониторингісі жасалады;

-Мұғалімдердің шығармашылық тәжірибелері зерттеліп, таратылуы үрдіске айналды;

Мұғалімдердің курстан өткізу перспективалық жоспарды басшылыққа алу нәтижесінде біліктіліктерін арттыру, өз білімін үнемі жетілдіру дағдысы қалыптасқан;

-Оқушыларға жан-жақты танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалынған;

- Қазіргі талап тұрғысында және эстетикалық талғамға сай пән кабинеттерінің жабдықталуына және бағдарлама талаптарына сай толықтырылуына бақылауды күшейту нәтижесінде пән мұғалімдерінің, ата-аналардың көмегімен нығайту, атап айтқанда кабинеттерді заман талабына сай жабдықтау қолға алынған.

Білім беру сапасының қорытынды көрсеткіштерінің оқу жылдары кезіндегі мониторингісі оқу-тәрбие үрдісінің мемлекеттік стандарт талаптарына сай жүргізілетіндігін көрсетті.

4 орта мектебі мұғалімдері кәсіби деңгейінің мониторингі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   598   599   600   601   602   603   604   605   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет