Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет623/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   619   620   621   622   623   624   625   626   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық

2. Химик анықтамалығы №1 ( 33), 2013 қаңтар- ақпан

3. Химик анықтамалығы №2 ( 34), 2013 наурыз- сәуір


Жаһандану жағдайындағы педагогтардың біліктілігін арттыруда жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктері
Өтеғұл Г.К. (Батыс Қазақстан облысы, Орал қ)
Ақпараттық қоғамға көшу әлем елдерінен, сонымен бірге Қазақстаннан әлемнің тез өзгермелі жағдайында өзін-өзі шыңдауға, өзін-өзі дамытуға, барынша дұрыс және өнегелі-жауапты шешімдерді өзбетінше қабылдауға қабілетті азаматтардың болуын талап етеді. Осы айтылғандар шеңберінде Қазақстанныңқазіргі білім беру жүйесі үшін жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мәселесі өзекті мәселе болып тұр.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауында ұлттың интеллектуалдық әлеуетінің маңыздылығын, «елді жаңалау стратегиясының табысты жүзеге асуы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және күнделікті өмірдегі көңіл-күйіне байланысты» екендігін ерекше атап өтті. Соңғы үш жылда Қазақстан бәсекеге қабілетті әлем мемлекеттерінің қатарына енуі үшін аз күш жұмсалған жоқ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді қарастырады. Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауында «2020 жылға қарай орта білім беруде оқытудың 12-жылдық моделі табысты іске асуы үшінбіз барлық қажетті шараларды қолға алуға тиіспіз» деп атап көрсетілген. Оқытудың бұл моделі «Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне тиімді қатысуға дайын құзырлы жеке тұлғаның» қалыптасуын қамтамасыз етуге міндеттелген. Сәйкес нәтижелерге жету негізгі үш құзырлықты: мәселені шешу құзырлығын; ақпараттық құзырлықты; коммуникативтік құзырлықты қамтиды.

Қазіргі тұлға әр түрдегі және түрлі сападағы ақпараты артығымен мол ақпараттық қоғамда өмір сүруде. Осы жағдайда білім беру жүйесінің алдында құзырлы, белсенді және жеке шығармашыл тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу міндеттері тұр.

Мұндай міндетті шешу педагогтан ерекше, басқа бағытты талап етеді. Мұғалім қазіргі кезеңде, оқушылар үшін жеке тұлғалық мәні бар нақты мәселелерді шешу шеңберінде, оларға мектепте іс-әрекет жасау тәжірибесін алуға мүмкіндіктер жасауда қабілетті болуы тиіс. Бұл жеке тұлғаның ойдағыдай әлеуметтенуіне ғана емес, сонымен қатар, өзінен өзішыңдалуына да мүмкіндік туғызады, өйткені «білім құзырлығы, оқушының болашақтағы толыққанды өмірі үшін, оның іс-әрекетін моделдейді». Бұл жәйт болашақта оқушыға ақпараттық бiлiм беру кеңiстiгінде оның еркiн бейімделуіне, өмірлік мәселелердi еркiншешіп, қажет нәтижеге қол жеткізуіне мүмкiндiк бередi.

Сонымен бірге, мұндай міндеттерді шешу бiлiм беру жүйесінде, әсіресе, оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану жағдайларында мейлінше тиiмдi және оңтайлы болады.

Пән мұғаліміне ақпараттық-қатынастық технологиялар, жаңа педагогикалық технологиялар саласындағы дағдыларды біліп алып, игеруге көмек көрсетуден тұрады. Атап айтқанда, осы жаңа ақпараттық-педагогикалық технологиялар білім берудің қазіргі парадигмасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологияны қолдану нәтижесінде, мұғалім, оның жаңа кәсіби мәдениетінің дамуына мүмкіндік жасайтын оқушылардың өзбетінше жобалап-зерттеу әрекетін, әлеуметтік өзараәрекетін, кәсіби (сонымен бірге желілік) қатысуын ұйымдастыру дағдыларын меңгереді. Мұнымен қоса, жобалық іс-әрекетті жүзеге асыруда мұғалім оқушылардың сынай және өзбетінше ойлау, ынтымақтастықта жұмыс істеу, ақпараттық білім беру ортасының құралдары мен аспаптарын жасауға ақпараттық-қатынастықтехнологияларды қолдану дағдыларының дамуына көмектеседі.

Кез келген оқу жұмысы нақты және виртуалды әлемдегі жұмысты, табиғи түрде, ұштастырып жататын кез тым алыс емес. Мұнсыз XXI ғасырда білім беру нәтижелеріне жету жолдарын көз алдына келтіру мүмкін емес.

Білім берудегі Intel бастамаларыӘлемдегі мұғалімдермен жұмыс жасай отыра, Intel жастарды ХХІ ғасырдың білімдік экономика жағдайына табысты болуға дайындайды.

ХХІ ғасыр тәсілдерімен: тұлғалға-бағдарланған оқыту, сынайойлауды дамыту және ынтымақтастықта оқытумен таныстырады. Мұғалім жұмысының тиімділігін арттыратынпедагогикалық құралдар мен материалдарды жасауда ақпараттықтехнологияларды пайдалану біліктерін қалыптастырады. Сабақ берудің тиімділігін арттыру мен педагогикалық шеберліктіжетілдіру мақсатында жаңа біліктіліктер мен тәсілдерді сіз қалайқолданатындығыңызды тәптіштеп сипаттайтын әрекеттердің жекешежоспарын жасауды қамтиды.

Мұғалім ХХІ ғасырдағы біліктіліктер жәнетұлғаға-бағдарланған оқытуды, сынай ойлауды дамытуды, ынтымақтастықтаоқыту мен мұғалімнің фасилитатор ретіндегі іс-әрекетін қамтитын жобалаутәсілдері туралы терең түсінік алады. Сонымен қатар, компьютерліксауаттылық саласының, Интернетті, мультимедианы пайдалану, мәтіндермен электрондық кестелерді редакциялау дағдыларын практикада игеріп, қолдану болып табылады.

Жақсы мұғалім, бір ғана оқыту тәсілі болмайтындығын және әртүрліжағдайлар көбіне әртүрлі әдістемелерді қолдануды талап ететіндігінтүсінеді. Сонымен, оқытудың дәстүрлі жүйесіэлементтерін ХХІ ғасырдағы тұлғаға бағдарланған оқыту жүйесініңэлементтерімен бірге пайдаланады. Бұл екі тәсілдің арасындаайырмашылық болғанымен, ХХІ ғасырдағы тұлғаға бағдарланғаноқыту, оқушылар жаңа біліктіліктерді табысты меңгере алатынмазмұнды білім беру ортасымен қамтамасыз ете отыра, дәстүрліжүйенің тиімділігін арттыра алатындығын зерттеулер көрсетіп отыр.

Компьютерде және Интернетте жұмысістеу негіздерін оқып білу.Технологиялық сауаттылық қарым-қатынас жасауға, мәлелелерді шешуге, ақпаратты жинауға, жүйелеу мен алмастыруға арналған технологиялардыкомпьютер сияқты пайдалану қабілеттілігін қамтиды.

Cынай ойлау менынтымақтастық дағдыларындамытуЖоғарғы деңгейлі ойлау үдерісіне оқушыларды тарту мен олардыңынтымақтастық дағдыларын дамыту – тұлғаға бағдарланған оқытуға тән екікілттік ерекшеліктер. Төменгі деңгейлі ойлау дағдылары. Дәстүрлі түрдегі оқулықтар мен басқа да оқу материалдары есте сақтау менжатқа айтуды талап ететін тапсырмалардан тұрады. Мектепте оқушыларданталап етілетін ойлау үдерістердің көпшілігі төменгі деңгейлі ойлау біліктілігі мендағдыларын қамтиды.

Таным және түсіну (мағынасын тез біле қою) оқушылардан білімді тереңтүсіну мен ұзақ мерзімге сақтауды міндетті түрде талап етпейтінқарапайым ойлау тапсырмалары болып есептеледі. Мысалы, дәстүрлітест тапсырмаларының көбісі оқушыдан ақпаратты жәй жаттауды талапетеді. Тест тапсырғаннан кейін, көбінесе, көп кешікпей ақпаратұмытылып қалады.

Жоғары деңгейлі ойлау дағдылары. ХХІ ғасырдағы оқыту мен оқу оқушыларды төменгі ойлау деңгейіненшығармашылық, өнімді және өнегелі ойлауға көшуге ұмтылдырады.Мұндай ойлау талдау, синтездеу, метатаным, мәселені шешу менбағалау қабілеттілігі сияқты жоғары деңгейлі біліктіліктер мендағдыларды талап етеді.

Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі – мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік беретіндігі. Қазіргі таңда мектептердің оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік тууда. Бір сөзбен айтқанда жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы – оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етуінде.

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде — өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   619   620   621   622   623   624   625   626   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет