Пайдаланылғанәдебиеттер:
М.Валиева «Жаңапедагогикалықтехнологиялар» Әдістемелікнұсқау, 2002 жыл
“Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру”. Ғаламтор желісі
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии [Текст]. М., 1989.
Загашев И. О., Заир-Бек С. И., Муштавинская И. В. Учим детей мыслить критически [Текст]. СПб, 2003.
Лебедева М.Б., Шилова О.Н. Развитие мышления учащихся средствами информационных технологий: Учебно-методическое пособие
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДЫ ДАМЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Сыдықова А.С. (Ақтөбе)
Тарихи дамудың әрбір кезеңінде қоғам уақыттың өзіне тән ерекшелігін көрсететін, мамандарды даярлауға қоятын айқын талаптармен алға жылжып отырды. Бүгінде түлек дайындау оның бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейімен айрықшалануы қажет. Бәсекеге қабілеттілік еңбек жолын жаңадан бастаған жастардың бірінші, ең маңызды сипаттамасы болып қалыптасуда. Өмірдің қарқынды өспелі динамикасы оқыту мен тәрбиелеуден бәсекелестік әрекетке қатысатын және бәсекелестікті өркениетті әдістермен жүргізе білетін, өзін-өзі жетілдіре алатын бәсекеге қабілетті тұлға талап етіп отыр.
ХХІ ғасырдағы адамның бейнесі – жан жақты, шығармашыл, әрдайым өзінің білімі мен дағдыларын кеңейтіп отыратын, бәсекеге түсе алатын, өзін өзі дамытып жетілдіретін тұлға болып есептеледі.
Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.
Егеменді еліміздің болашақ маман кадрлары білікті де білімді, іскер де тәрбиелі,саналы да сауатты,ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім болып қалыптасуы оқу-тәрбие процесінің нәтижелі,сапалы ұйымдастырылуымен және жаңа тұрпатты оқытушылар құзыреттіліктеріне байланысты.
Жаңа мазмұндағы білім жүйесін енгізуде оқытушы педагогикалық, психологиялық, физиологиялық ғылым салаларының тиімді зерттеу идеяларын басшылыққа алады. Ғалымдардың ойынша, білім беру технологиясын өзгерту қажеттігі Қазақстанның жаңаруына себеп болмақ.Осының бәрі оқытушылар білім беруде,білім алушыларды жан-жақты дамыту мәселесінде инновациялық технологиялар мен білім парадигмаларын бірлікте қарастыруға негіз болып табылады.
Ю.Г.Фокиннің пірінше: “Педагогикалық технология, бәрінен бұрын, іс-әрекеттің жоғарғы нәтижелігі. Кәсіптілік жоғары көрсеткіш: жүйелілік, бірізділік, ғылымилық принциптерімен қатар, сенімділік. Кәсіби біліктілік-бұл қателер мен кемшіліктер жібермеу,шығармашылық қатынас жасау”. Сонымен қатар, шығармашылық-мамандықтың шынайы компоненті, күш және іс-әрекеттің жеке даралық стилі болып табылады. Осы орайда оқушы жетістігін бағалаудың маңызы ерекше.
Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады.
Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылады. Бағалау кезінде бағалау парақтарын дайындай отырып, өзін-өзі бағалау немесе топты бағалау бойынша бағалау жасауға болады. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге құруға да болады.
Тәжірибеде бағалаудың өзін - өзі бағалау, бірін - бірі бағалау, тест арқылы бағалау, бағалау парағы, мадақтау сынды түрлері бар. Бағалау – білім сапасының нәтижесі, яғни көрсеткіші. Әділ баға балаға жақсы әсер қалдырады, әділетсіз баға балаға кері әсерін тигізеді, пәнге, оқуға деген қызығушылығы төмендейді. Әділ баға оқушының қызығушылығын, ынтасын арттырады. Бағалаудың мақсаты - оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістіктер туралы кері байланыс орнату, ынталандыру.
Оқушының өзін-өзі бағалауын елемей тастауға болмайды. Оны елемеу мынадай теріс құбылыстарға алып барады:
Психикалық дамудың тежелуі;
Оқытудағы психологиялық және мағыналық кедергілер;
Жаман мінездің қалыптасуы.
Мен өз тәжірибемде бағалаудың әртүрін қолдануға тырысамын. Себебі өзін - өзі бағалау критерийлері бойынша бала өзіне баға беру арқылы өзін-өзі реттеуді үйренеді, ал топтағы оқушыларды бағалау арқылы салыстыра білуге, шынайылыққа үйренеді.
Оқушы нәтижеге жету үшін өзінің мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар нәтижеге жету жолын да алдын - ала біліп отырды. Сондықтан сабақ барысында, әрбір тапсырмадан соң, топ басшылары бағалау парақшаларына өзінің тобындағы әр бір оқушыны қатысымын бақылап, бағалайды. Сабақ соңында әр оқушы өзгенің іс-әрекеттерін бақылау мен бағалау арқылы өз деңгейлерін анықтады. Кері байланыс құралдарына «ББҮ» кестесін пайдаланамын. Оқушыларға стикерлер таратып бердім. Сабақ барысында «Нені білемін?», «Нені білдім?», «Нені үйрендім?» - деген сұрақтар жазылған плакатқа конверт іліп қойдым. Сабақ сонында оқушылар алдарына таратылған стикерлерге үш сұрақ төңірегінде жауап жазып, конверттерге салуды тапсырамын. Сондықтан болашақта мен бағалаудың осындай сияқты түрлерін одан әрі жетілдірсем деймін. Себебі бұндай бағалау - оқушыларды қалыптастыратын, оларды өмірге икемдейтін, бағыт беретін, сыни көзқарастарының қалыптасуына септігін тигізетін бірден - бір тәсіл деп білемін. Балаларды ынталандыруда тәуекелге барып, оқушылардың жауаптарын жоққа шығармай, сол қателерін өзіне түзете арқылы жұмыстандыру қажеттігін, бағалау критерийлері арқылы әділ бағалауға қол жеткізудің мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімділігін ұғынып, аз уақыт ішінде болса да бағалау түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып, оң нәтижелерге қол жеткізуде тынбай ізденемін.
Себебі, бүгінгі мұғалім балаларға тек білім беріп ғана қоймай , олардың жаңа қалыптасып келе жатқан ой санасының жоғары рухта байыта білуге, ойы алғыр, қиялы ұшқыр оқушы тәрбиелей білуге міндетті. Бұл өмір талабы. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін мұғалім ең алдымен өз пәнін, өзі сабақ беретін ғылымды, оның негізін, оның қазіргі жағдайдағы күйі мен дамуындағы басты кезеңдерін, басқа ғылыммен байланысын, өмірдегі орны мен байланысын жете меңгеруі керек.
Білім беру мазмұны жаңаша құрылған ұлттық мектептің кеңге жайып дамуы сол мектептің оқу-тәрбие жұмысын жандандырар мұғалімдерге байланысты.
Қорыта келгенде әлемнің білім беру деңгейінен орын алу үшін білім беру, оқыту, тәрбиелеу бағытын инновациялық технологиялармен жетілдіру, пәндердің материалдық базасын нығайту, өзіндік жұмыстың орындалуын қадағалау және бағалау, өзара тәжірибе алмасу маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |