Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Мектептегі оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар



бет643/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   639   640   641   642   643   644   645   646   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Мектептегі оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар. Мектеп оқулықтары тез тозбайтын, ақ немесе сәл сарғыш түсті тегіс қағаздан жасалады. Мемлекеттік стандарт бойынша 1-ші жөне 2-ші номерлі А және Б маркалы қағазды пайдалануға болады. Кітаптың мүқабасы мықты, ұзақ пайдалануға болатын, салмағы жеңіл, оңай дезинфекцияланатын болуы тиіс. Кітаптың әріптері мен суреттері анық, біркелкі тегіс типографиялық қара бояумен басылады, 1 сынып оқушыларына арналған оқулықтардың әріптері мен цифрларының биіктігі 2,8 мм, әліппелерде - 4,5-3,5 мм, 2-4 сыныптар үшін 2,1-1,75 мм, 5-11 сыныптарға 1,75-1,50 мм. Кітаптардың ішіндегі суреттері әдемі, әр түсті, көз тартатындай болу керек. Сөздердің аралығы 2 мм, әріптер аралығы 0,5 мм. Оқулықтардағы әріптер тығыздығы гигиеналық талап бойынша 1 см2 жерде 1,5 әріптен аспау керек. Әріптер жолының ұзындығы 100-110 мм. Жолдың мұндай ұзындығы сөйлемдердің толық мағынасын тез түсінуге ыңғайлы. Оқушылар дәптері 170 х 250 мм. Дәптердің жолдары көк, көзге анық көрінетіндей, тік сызықтар көлденең сызықтардан сәл жалпақтау болу керек. Себебі көлденең сызықтар көзге оңай көрінеді. Дәптердің қағазы өте тегіс, жылтыр, ақ түсті тығыз қағаздан жасалады. Көрнекі оқу құралдары (сызбалар, кестелер, суреттер т.б.) ашық ақ қағазға жасалады. Әріптерінің биіктігі кемінде 3 см. Суреттер мен сызбалар әдемі, барлық бөлшектері анық, түрлі түсті, көрнекі болу керек. Тарих пен жағрапия карталары мен атластар әріптерінің биіктігі 1 мм, әріп аралары 2 мм, оңай тазартатын, тез тозбайтын болу керек. Тозған, жыртылған оқулықтар мен көрнекі оқу құралдарын мезгілімен сұрыптау керек.

Оқушылардың қалам-қарандаштарының жуандығы 7-8 мм, ұзын дығы 140-170 мм, ұстауға қолайлы, біркелкі тегіс, көп қырлы не жұмыр дөңгелек болады. Жіңішке қаламмен жазғанда қол тез талады, ал жуан қалам жазуға қолайсыз келеді. Жазу жазуға көк пасталарды, ал әріптер мен сөздерді ерекще бөлу үшін не астын сызу үшін жасыл, қызыл, қара пасталарды пайдалануға болады. Оқушылардың пайдалануына N2 шамалы қатты қара қарындаштар қолайлы. Мұғалімдер мен ата-аналар бастауыш сынып оқушыларының портфелі немесе рюкзагі жеңіл болып, қажетсіз бөтен заттарды салмауын қадағалап отыруы керек. Ауыр портфельдер балалардың нәзік омыртқа жотасының қисайып (сколиоз) өсуіне себеп болады, денсаулығына зиян келтіреді, сондықтан рюкзак өте ыңғайлы. [1]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   639   640   641   642   643   644   645   646   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет