Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет646/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   642   643   644   645   646   647   648   649   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Список использованной литературы

1. Годик Н.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. – М.: ФиС., 1980.

2. Ленчеков И.С. Физкультурно-оздоровительная и спортивно-массовая работа в образовательных учреждениях. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2003.

3. Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. – М.,1991,

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНДА КОММУНИКАТИВТІ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Утенова М.Ж., Көлкебаева Қ.Л. (Ақтөбе)
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи қысқа уақыт аралығында еліміз экономика, қаржы саласында прогрессивті технологияларға арқа сүйей отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде. Сөйтіп әлемдік өркениетке қауымдаса отырып, қарқынды дамушы елдердің алдыңғы қатарынан көріне бастады. Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары нақты айқындалып, арнаулы бағдарламалар қабылдануда. Еліміздің инновациялық, индустриялық одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекетіміздің күш-қуатының негізі, ұлттық қауіпсіздігіміздің кепілі, қоғамдық дамуымыздың және оның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің көрсеткіші болып табылатын білім жүйесінің, адам капиталының мәні мен маңыздылығы барынша артып отырғанын атап өтуіміз керек. Қоғамдық-экономикалық қатынастардағы өзгерістер: нарықтық қатынастарға өту, ашық демократиялық қоғам құру талаптары өз кезегінде өскелең жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жүйесінің ұстанымдарына, мазмұны мен құрылымына айтарлықтай жаңалықтар ендіруді қажет етіп отыр.

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында жеке тұлғаны қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Бүкіл дүнеижүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызыметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімдердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.[1]

Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылады, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардың (баспасөз, радио, теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін факторлардың ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы қалыптастырудағы негізгі күш.

Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Біздің бүгінгі қарастыратын коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағыты - тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, идаелдарды, нормаларды айшықтайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   642   643   644   645   646   647   648   649   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет