Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАНЫ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ



бет108/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАНЫ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ
Жұмағалиева А. Т.(Ақтөбе)
ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген болатын. [1]

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген [2].

Қашан да білімді ұрпақ - болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры - жас ұрпақтың тағдыры - бүгінгі ұстаздардың қолында. Қазіргі мектепте шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол бір мезгілде әрі педагог, әрі психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі тиіс.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

БҰҰ ның шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. ҚР ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңге енді.

Бүгінгі күні инновациялық тәсілдер мен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін, ізденушілігін дамытып, қызығуын тудыру, белсенділігін арттыру - ең негізгі мақсат болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет