ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ Жайыл К. (Қызылорда) Елбасы әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың 10 бағыты бойынша нақты міндеттер қойды.Соның ішінде «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі» бағытында еліміздің білім беру саласындағы атқарылуға тиісті іс-шараларды таразылап,оларды атап өтті.Әсіресе оқу үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу айрықша атап айтылды.
Қазіргі таңдағы білім саласында, жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүние - танымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Атақты педагог,ғалым В.А.Сухомленский «Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану,шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп ұзтаздық өнрге ерекше баға берген. Жас жеткіншектер үшін мұғалімнің атқаратын міндеті зор. Ең қарапайым қағида егер оқушы сені бар зейінімен тыңдасын десең:
3.Әртістік қабілеті және әдептілігі мен төзімділігі болу керек.« Оқу инемен құдық қазғандай» немесе «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға »және «Ұстаз болу жүректің батырлығы, Ұстаз болу жүректің ақындығы» деген өлең жолдары мен мақал-мәтелдердің өзі ақ ұстаз жолы өте ауыр, жауапкершілігі мол,үнемі ізденісте болуды қажет ететін мамандық екенін айтып тұрғандай. Кез-келген ата-ана өз баласын басқа балалардан кем санамайды және кез-келген кішкентай бала құрбы құрдастарынан қалғысы келмейді. Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімнің алдында тұрған маңызды міндет-алдында отырған кез-келген баладан талабы таудай,дарынды жеке тұлға қалыптастыру. Ал еш нәрсеге бейімділігі жоқ,қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада да дәлелденген.
Шәкәрім атамыз айтқандай «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады. Олар барлығынан басым болатын:адал еңбек, мінсіз ақыл,таза жүрек.» Бұл сапалар адам бойында болу үшін балаға құрсақтан бастап тәрбие керек, мұны қазақ халқы өте жаксы білген.
Білімді,дарынды, талантты оқушыны қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында екенін жақсы білеміз. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Қай кезеңде, қай заманда болмасын қоғамдағы басты тұлға мұғалім десек, білімі мен білігі өзге ел азаматарынан кем түспейтін,солармен иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиесін туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой - танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын ана тілін оқыту процесі, оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктеледі.
Оқулықтың жаңа болуы, киген кимінің әдемі болуы немесе мұғалімнің шеберлігі де кейде оқушының сауатты болуына кепілдік бере аламайды, себебі әр оөушы әр түрлі қабылдайды және оқушының адам ретінде қалыптасуы өз белсенділігі арқылы жүзеге асады. Мысалы бала білімді, асқан дарынды, өнертапқыш болды делік. Ол осы білімін жақсылыққа немесе жамандыққа да арнауы әбден мүмкін. (Мысалы қазіргі ғасыр дерті СПИД пен мұсылман халқын дүрбелеңге салған ядролық қаруды ойлап тауып, артында өшпес қасірет қалдырып кеткен де осы білімді, ойшыл, дарынды адамдар болатын.) Сол үшін білім бере отырып тәрбиелей білуіміз керек. Егер жас жеткіншектің бойына өз әдебиетіміз бен мәдениетімізді, дінәміз бен ділімізді сіңіріп өсірсек, одан ел қамын ойлар азамат шығары сөзсіз. Бұл орайда Қадір ағамызша айтсақ:
Өз тіліңді құрметте - яғни өзге тілдің бәрін біл,білімді бол, бірақ қанша білімді болсаң да өз ана тіліңді ұмытпа, өз тіліңде сөйле, міне дәл осылай тәрбиелер болсақ елін сүйетін, тіл мен дінін ешқашан ешнәрсеге айырбастамайтын аптал азам аттарымыз көбейері хақ.
Түпкі нәтижеге қол жеткізу үшін, алдымен, сол нәтижені нақты қоя білу қажет. Сонымен қатар оларды белгілеудің критерийлері (көрсеткіштері), бағалау жүйесі, реттелуі саралануы тиіс. Егер бұлар толық әрі біртұтас қамтылмаса, онда оқыту процесі де толық мақсатына жете алмайды.
«Білу аз, білгеніңді қолдана білу керек, істегің келу аз, істеу керек.»И.В.Гете Президентіміз Н. Назарбаев еліміздің дамыған, өркениетті елу елдің қатарына қосылу үшін бірінші кезекте ғылым мен білімнің дамуына, оның негізгі орта мектеп түлектерінің білім сапасына баса назар аудару қажет екендігін айта келіп, өкіметке нақты міндеттер жүктеді.
Осы міндеттерді алға тартып, еліміз оқытудың жаңа кезеңіне көшті. Ол - нәтижеге бағытталған білім беру. Нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз – жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру. Құзырлық – ол тереңнен берілетін білім. «Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениетімен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» деген болатын
Т.Г. Браже. Оқушының құзырлылығын қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі бір-құзырлыққа жетуі керек. Бүгінгі таңда мұғалімге қойылатын талап та күшті. Жаңа формация мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи біліктілік, психологиялық және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде қалыптасады. Яғни, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - құзіретті оқушы дайындап шығару ол үшін, шығармашылық қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мұғалім даярлау қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білу керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Қазіргі таңдағы білім беру салаларында бұрынғы біліммен салыстырғанда көп айырмашылық бар. Бүгінгі білім саласында ақпараттық құралдар, техникалық құралдар, аудио-визуалды құралдарды кеңінен пайдаланып, оқушының тек кітаптан оқып, құлақпен естіп қана қоймай, оны іс жүзінде көруге де көп мүмкіндігі бар. Сондықтан да мұғалім өзінің шеберлігінің, ізденімпаздығының арқасында ең жоғары деген нәтижеге жетуге құзіретті. Мен де өз сабақтарымда әр-түрлі әдістерді кеңінен қолдануға тырысамын.Мен жас маманмын сондықтан проблемалармен жолықсам да оны шешу жолдары мен саналы да сапалы ұрпақ өсіру жолында іздену үстіндемін.Оқушы мектепте алған білімді игеріп ғана қоймай, оны игі истерге жарата білуі керек.Сонғы кезде мектебіміз сабаққа қажетті электронды оқулықтармен ,интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды.Ендігі мақсатымыз-Президент Жолдауына қолдау көрсетіп,білімді де білгір бала тәрбиелеп,алдыңғы қатардағы 50 елдің қатарына қосылуға өз үлесімізді қосу.