Әдебиеттер
Музыканы тыңдай білу. П.Момынов. 1979 ж.
2 - 6 кластарға арналған музыка пәнінің оқулықтары «Атамұра»
ДИАЛОГТІҢ САБАҚТАҒЫ МАҢЫЗЫ
Исмагулова С.Ж. (Ақтөбе)
"Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді,
керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады"
William Wart
Жалпы оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер сан алуан. Бірақ сол әдістерді тиімді қолдану ұстаздың міндеті. Сол әдістердің бірідиалог арқылы оқыту. Диалог арқылы оқыту әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалог шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеу мен дамуына көмектесетін амал екенін меңзейді. Диалог-сабақ барысында оқушы мен мұғалім арасындағы,оқушы мен оқушы арасындағы жүргізілетін қарым-қатынас. Диалогтік оқыту барысында оқушы өзінің ішкі дүниесін, ойлау деңгейін,оны тіл арқылы жеткізу деңгейін көрсетеді және сол арқылы коммуникативті құзіреттілігі қалыптасады. Диалог барысында "мұғалім мен оқушы" қарым-қатынасынан гөрі "оқушы мен оқушы" қарым-қатынасы жандана түседі. Оқушылар өз пікірін ашық,батыл жеткізуге үйренеді. Диалогтік оқыту ұжымдық талдауға жетелейді,ұжымдық талдау сыни көзқарасты қалыптасырып, сыни тұрғыдан ойлауға әкеледі. Оқушы жұптық,топтық жұмыстарда өзінің пайымдауын,түсінігін ауызша баяндау арқылы да, сұрақ қою, қайта сұрақ қою арқылы да жеткізеді, мәселе қоя отырып,оны шешудің жолдары ұсынылады. Диалог барысында қатарлас құрбысының деңгейі мен өзінің деңгейін іштей саралап, ой түйеді,өзінің әлсіз тұстарын мойындайды және өзін жетілдіруге ұмтылыс жасайды.Диалогтік оқытудың ең маңызды шарты-оқушылар топтық жұмыстар арқылы бірін-бірі үйретеді,оқытады. Диалог оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсініспеушілікті жеңе білулеріне көмектеседі. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткіболу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады. Оқушылар жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда ақпаратты қолдануға, қайта құруға,кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Сондықтан оқушылардың бірлескен сұхбаты, яғни диалог үлкен пайда келтіретеді.
"Білу" сатысында мысалды үнтаспадан тыңдатып. Бұрын кез-келген шығармамен танысқанда мәтін мазмұнымен ең алдымен мұғалім мәнерлеп оқып, содан кейін оқушылардың мәнерлеп оқу қабілеттерін тексеретін болсақ, енді сандық технологияның мүмкіншіліктерін пайдаланып,мысалды үнтаспадан тыңдатып, ішіндегі түсініксіз сөздерін сұрап,сөздікпен жұмыс жүргізеді.
"Түсіну" сатысында мысалды өз беттерінше мәнерлеп оқытуда балалардың білімі,деңгейі,әрекет түрлері, ақпаратты толық тануы ескеріледі. Балалар өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде дербестігін қалыптастыруға баса назар аударады.
Тәжірибелік мақсатқа мыналар жатады: оқушының сөздік қорын молайту, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге, сауатты оқу мен жазуға үйрету мен төселдіру, сөйлеуге,көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге, жағдаяттардың шешімін табуға, ол жайлы өз пікірлерін еркін айта білуге үйретеді. Ал оқыту мен оқу барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, мұғалім мен оқушы арасындағы негізгі құрал бұл-диалог екенін меңзейді. Сөйлесе отырып сыни ойлауға итермелеуге, өз ойларын ашық білдіруге мүмкіндік алуға, барлығында да тың идеялар болатындығына көз жеткізуге диалогтің маңызы зор. Оқушылар берілген сұраққа бірлесе жауап беріп, талдау жұмыстарын жүргізеді. Басқаша айтқанда, олар өзін-өзі ынталандыра алды және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болды. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені,оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын отырады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екендігін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді, топтық деңгейде жұмыс істеуге дағдыланады. Сонымен қатар мен оқытудың диалогтік тәсілмен оқушыларымның қызығушылығын анықтап тақырып бойынша сыни ойлап, сөйлеуге ынталанады.
Қорыта келе өзгеріске,жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы, бір сырлы қасиет иесі болуды міндеттейді. Мұғалім қауымы әрқашан игі істердің бастамасында жүретіндіктен, жаңа бастамалар кең қолдауға ие болады. Болашақта диалогтік оқуды одан әрі жетілдіру қажет, өйткені бұл-оқушылардың өз пікірін дәлелді түрде қорғауға жетелейтін, өзіндік пікірін қалыптастыратын, сөздік қорының дамуына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |