Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет285/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ
Каленова А.К.(Батыс Қазақстан)
Мұғалім мектепте білім беретін адам ғана емес, ол оқушыны білімді өзі іріктеп, бойына сіңіріп алуға үйрететін менеджер болуы тиіс. «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен білім ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр. Білім туралы Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірген. Осы Заңның 8-бабында білім беру жүйесінің басты міндеттері ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беру ақпараттарын халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілеріне шығу деп атап көрсеткендей орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған.Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдері мен астастыра жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.[1,6]

Кез-келген мұғалімінің басты міндеті білім саласындағы жаңалықтарды меңгере отырып, оқушыға сапалы білім беру. Осы орайда мұғалім үнемі ізденісте, оқушы жанына жол таба алатындай мейірімді, шыншыл, әділ тұлға бола білуі керек. Ұстаз бойындағы осындай қасиеттер оқушыны жан-жақты зерттеуге, бақылауға және тиіміді қарым –қатынас орнатуға көмегі зор деп білемін. Дәстүрлі оқыту кезіндегі әдіс-тәсілдердің барлығы дерлік тек сабақты меңгерту, білімді оқыту негізінде құрылған болатын. Бұл орайда мұғалім оқушыны зерттеуші, бақылаушы емес тек қана білім беретін басты тұлға болып келген. Сыныптағы қарым-қатынас кезінде де мұғалім үстемдік көрсетуші негізгі тұлға болып және байланыс тек мұғалім-оқушы арасында өрбіп келген болатын. Дәстүрлі сабақтарымызда ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ, бекіту, үйге тапсырма бөлімдерінен құраған сабақ үлгісі болатын. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кезінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей,жай ғана жатталатындықтан, тақырыпты оқыту немесе емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды [1,6]деген пікірге келісемін,себебі, оқушы тек кітаптағы мәтінді өз бетімен оқып жұмыстанады да оны қолдану кезінде алған мәлі метін еске жаңғыртып түсіре алмай жатады. Ал сындарлы оқыту әдістері бойынша оқушы мәліметті жеке, топпен талқылап ой елегінен өткізіп ,саралап өзіне қажетті бөлігін есіне сақтайтындығы тиімді болып отыр.

Жаңа форматтағы деңгейлік оқу мен үшін және оқушыларым үшін үлкен өзгеріс әкелген нәтижеге бағыттталған әдістердің жиынтығы. Деңгейлік оқудағы жаңалық біздің дәстүрлі әдіс-тәсілдерімізден айырмашылығы қандай және ол әдістің тиімділігі неде деген сұрақ мені алғаш күннен бастап ойландырды. Менің түсінгім бойынша жаңа форматтағы деңгейлік оқытудың ең басты әрекеттерінің бірі ынтымақтастық орта қалыптастыру. Сондықтан сындарлы оқытудың әдістері бойынша сабақтың бастапқы бөлігін сергіту сәттерімен тренингтермен басталауы мендегі өзгерудің алғашқы қадамы еді. Нәтижесінде сынып ортасында жағымды атмосфера орнап, сабақтың жақсы, сапалы өтуіне әсер ететіндігі байқалады. Сергіту сәттерінің оқушылардың бір-бірін жақынырақ білуіне, ынтымақтаса жұмыс жасауына, бойларындағы қорқыныш пен күдік сезімдерін жеңіп топ алдында еркін сөйлеуге көп көмегі болатыны сөзсіз. Дәстүрлі оқытудағы күнтізбелік жоспармен күнделікті сабақ жоспарларының орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспарға айналудың ортасындағы ерекшеліктердің жермен көктей екенін деңгейлік оқу барысында түсіндім. Дәстүрлі сабақтарда керемет өзіміздің қолымыз жетпейтін, тіпті сабақ кезінде сол мақсаттың жартысынан көбі орындалмайтын сабақ мақсатын білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік деп алып оған өзіміздің қаншалықты қол жеткізіп отырғанымызды түйіндемейтін сабақтар беріп келсек, орта мерзімді жоспар құруда сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиженің қолжетімді болуын, әртүрлі әдістерді қолдануды, сабақ туралы қосымша материалдардың алдын-ала жинақталуы, сабақ құрған кездегі сыныптың мүмкіндігінің ескерілуі,қабілетті және әзірше кедергісі бар оқушылар үшін тапсырмалардың дайындалуы сабақ жүйесіндегі мен үшін үлкен өзгеріс екенін және сабақ жоспарын құруда өз іс-әрекетімізді жана-жақты ойластырудың қажеттілігін өз тәжірибемде байқап келемін.

Дәстүрлі оқытуда білімнің негізін бағдарлама мен оқулықтардың мазмұны құраса, интербелсенді әдістемеде үйренушілердің белсенді әрекеттері құрайды [2,46] дегендей сындарлы оқытудың тағы бір ерекшелігі 7 модулді сабақ құру кезінде ықпалдастыру болса, дәстүрлі сабақтарымызда қандай әдістерді қолдансақта ол әдістердің бір-бірімен байланысуына, ықпалдасуына еш назар аудармаған болатынбыз. Бағдарламадағы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту модуліндегі Блум өлшемдерін сабақтарда пайдалану, сабақтарымыздың өзін блум өлшеміне салып құруға және оқушыға бағытталған сұрағымыздың өзінің сол өлшеммен құрылуы мендегі үлкен өзгеріс болды.Блум өлшемдеріне сай оқушыға түртікі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтарын қою кезіндегі сұрақтардың жоғары және төмен дейгейлерінің болуы оны оқушының деңгейіне сай бағытталса, дәстүрлі сабақтарымызда сұрақтың қандай деңгейде болтынына, оның оқушының деңгейіне қарап бағыттауға мән бермеген болатынмын. Бұл орайда Мерсердің сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушының оқуына қолдау көрсетіп,оны жақсарта және кеңейте алады [1,41] деген ойының дұрыстығын түсіндім және болашақтағы сабақтарымда сұрақты дұрыс қою арқылы оқушының дегейінен жоғары сатыға жетелеуді үнемі назарда ұстауға тырысамын. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин [1,56]болса, дәстүрлі сабақтарымызда бағалаудың бес балдық жүйесін қолданып, оқушыға түсіндірместен бір ғана бағамен сабақ соңында бағалайтын едік.Сындарлы оқытудың әдістері бойынша бір сабағымызда оқушының өзін, бірі-бірі және топтық бағалаудың түрлерін қолданып оқушының әділ бағалауына, бір-біріне сындарлы дос бола білуіне тәрбиелеу мен үшін жаңалық болды және сабақтарымыда бағалаудың түрлерін қолдана отырып оқушыларды әділдікке, ұсыныс, пікір айта білуге, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыра түстім.

Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру мен шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарасатырады дегендей [1,49] Осы кезге дейінгі дәстүрлі сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың әдістерін қолданып келдім.Бірақ сыныптағы жақсы оқитын оқушылар ғана сыни ойлауға қабілеттерін байқатса, қабілеті төмен оқушылар бұрынғы қалыптарында өзгеріссіз қала берді. Деңгейлік оқудан кейінгі өткізілген сабақтарымда топпен жұмыстың әсері болар бұрын сыни ойлауға қабілетсіз балаларда өз ойынан шағын әңгіме құрастырып оны топ алдында оқуға дағдыланғандығы байқалды. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі негізделген дәлелдермен мәнмәтіндерді, тұжырымдылық пен әдістер және критерийлерді қолдана білетін,нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде бейнеленіп отыр.Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда:тыңдаумен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдалармен қоса, мұғалімдер:

*білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін қажетті теориялық базаны;

*қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісіт әдістерімен технологияларын дамыту керек [1,52] дегендей дәстүрлі сабақтарымда қолданып келген сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың әдістерін алдағы сабақтарымда барынша күрделенген түрде қолдануға және сол арқылы сыныбымдағы әліде зерттеп қабілеттерін аша алмай жүрген оқушыларыма бағыттауды жоспарлаймын. сабақтарымда неғұрлым оқушының сыни ойлауын дамытуға күрделі тапсырма берсем соғұрлым жоғары нәтижеге жетуге болатынын байқадым сонымен қатар блум өлшемдерін сабақтың барлық бөлімдеріне пайдалануға тырысамын. Сол арқылы өзімнің оқушыға бағыттап отырған сұрағымның қандай деңгейде екенін үнемі қадағалап отырамын. Дәстүрлі сабақтарымызды алғашқы бетпе-бет кезеңінде блум өлшемдеріне салған кезде осы кезге дейінгі сабақтарымыздың барлығы дерлік тек қана түсіну және білу деңгейінен аспағандығы мені қатты ұялтты.

Қабілетсіз бала болмайды, сондықтан оқушының «ұйықтап» жатырған қабілетін оятып, өз бетімен білім алатын, өзін-өзі басқару арқылы ситуациялық жағдаяттарды шешуде жетістіктерге жететін тұлға қалыптастыруымыз қажет. Дәстүрлі оқытуда тұлғаның дамуын оның зияткерлік деңгеймен өлшесе,бүгінде бұл мәселе тұлғаның өзіндік рефлексиясымен байланыстырылады. Рефлексия дегеніміз тұлғаның өзін-өзі талдауы, сынауы, бағалауы, түсінуі, есеп беруі, алдына мақсат қоюы, өз өмірін жоспарлуы. [2,108]Мектеп өмірінде өзімнің аталмыш әдіспен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңдер аралығын салыстыру нәтижесінде оқушылардың бойында бірнеше тиімді өзгерістер байқалды:

кез-келген мәселені шеше алады

шығармашылық қасиеттері жақсарады

жаңа қабілеттері ашылады

ойлау қабілеттері артады

өз бетімен білім алуға дағдыланады.

өз бойларындағы сенімділіктері қалыптасады

өзін-өзі құрметтеуі артады

іс-әрекеттерін ұйымдастыра алады

адами жақсы қасиеттері қалыптасады

оқуға деген ынта-ықыласы, қызығушылығы артады

талдайды және тұжырым жасай алады

Сыныптастарын сыйлауды ,құрметтеуді үйренеді

Сонымен қатар сындарлы оқытудың әдістерін қолдану мұғалім ретінде өзіме де төзімділік, шыдамдылық, жауапкершілік, зерттеушілік және ізденімпаздық сияқты қабілеттерімді шыңдады.

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана нағыз мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады деген ғұлама Ушинскийдің сөзін әр мұғалім жадында ұстану керек деп ойлаймын. Білім саласындағы жаңалақтар мен жаңа әдістер барша мұғалімдердің назарынан тыс қалмауы және үнемі ізденіспен шығармашылықпен жұмыстанатын жаңашыл ұстаз болуы керек. Дәстүрлі сабақтарымызда оқушымен мұғалім арасында өзіндік алшақтығымен ерекшеленіп түратын, егер сабақта қателік жіберсе «дұрыс емес», «қателестің» деп ескерту беруге дағдыланған болсақ, сындарлы оқытудың әдістерінде оқушыға жылы лебізбен, үнемі жаңалықпен бізді асыға күтетіндей жағдай жасауымыз керек. Сондықтан әр сабағымыз оқушының барлық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылған, оқушыға сенім артуға, яғни, сенің қолыңнан келеді, сен керемет ізденіпсің деп мадақтап, қолпаштап рухани күш-жігер беретін әдістерді қолданатын өз мамандығымыздың майталманы болуымыз керек дей отырып сөзімдіағылшын ағартушысы Уильям Уорд тамаша ойларымен аяқтағым келіп отыр:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет