Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы- ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық,шебер ұйымдастырушылық қажет.
Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып олардың өшуіне жол бермей оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін сабақта жаңа технологияларды пайдалана отырып әрбір азаматтың қасиеттерін, қабілетін дамытып шығармашылық талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Шығармашыл тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттерімен қатар ерекше ой қызметі қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс:
1. Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу
2. Ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жетуі
3. Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы
4. Шығармашылық іс-әрекетке жағдай тудыру
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының шығармашылығына бағыт –бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойлауын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын ісі»- деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.
Баланың ойын. есін, қиялын, интеллектісін дамыту арқылы ойлау қабілетін жоғары деңгейге көтеруге болады. Оның қандай дәрежеде дамығанын арнайы сынау тапсырмалары арқылы анықтап алып, содан соң оның қорытындысына сапалық және сандық талдау жасай отырып, осы қабілеттерді жаттықтыру және дамыту жұмысына кірісуге болады.
Шығармашылық жұмыс жасау жолына түскен мұғалім төмендегідей жағдайларды есте ұстаған жөн.
Мұғалім ең алдымен сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру, баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек. Яғни, мұғалім шығармашылық тапсырманы ұсынудың жолын.
Әдіс-тәсілін білуі керек.
Шығармашылық жаттығулардың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне үйлесуі керек.
Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.
Әдебиеттер
1. Ұстаздық шығармашылық . Б.А.Тұрғынбаева Алматы, 2007ж
2. Математикадан қызықты тапсырмалар Ш.Х.Құрманалина, С.Ш.Сәрсенбаева, Р.Қ.Өміртаева
3. Бастауыш сыныпта оқыту журналы .№ 1.2 .2008ж
Достарыңызбен бөлісу: |