МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Алиева Г.А. (Ақтөбе)
Қазіргі ақпараттық қоғам білім беру мекемелерінің барлық түрінің алдына мектеп түлегінің қабілетті болып шығуы талабын қойып отыр:
өзгермелі өмір жағдаяттарына тез бейімделе алатын;
өз бетінше сын тұрғысынан ойлай алатын;
ақпараттармен сауатты жұмыс жасай білетін;
коммуникабелді, әр түрлі әлеуметтіктоптармен қиындықсыз байланысқа түсе алатын, өзіндік құндылықтарын дамыту үшін дербес жұмыстанатын, зияткерлі, мәдени деңгейге сай.
Бұл шарттардың шешімін табуда, оқу табыстылығын арттыруда білім әлемінде кеңінен қолданылып жүрген технологиялар, атап айтсақ, ақпараттық технологиялар да кеңінен зерттелуде.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар көмегімен педагогикалық технологиялардың жүзеге асырылу саласын зерттеуші ғалымдар (К.Г.Кречетников, И.В.Роберт, Н.В.Софронова) мынадай дидактикалық принциптерді белгілейді:
адаптивтілік принципі;
интербелсенділік принципі;
индивидуалдық принципі.
Адаптивтілік принципі оқу материалының күрделілігіне, көлеміне және мазмұнына қарай сұрыпталуы түрлі деңгейлерде (базалық және кәсіптік) жүзеге асырылуы үшін қажетті.
Интербелсенділік принципікомпьютер мен оны тұтынушының белсенді әрекетінде көрінеді, оқушының белсенділігін болжалдайды.
Индивидуалдық принципі берілген оқу материалын есте сақтаудың беріктілігін арттыра отырып, тапсырманы орындау және нәтижені тексеруді қамтамасыз ету есебімен өз бетінше жұмыстануы үшін жағдай жасайды.
Математика сабақтарында аталмыш принциптерді ақпараттық коммуникациялық технологиялармен үндестіре қолдану мынадай мүмкіндіктерге жол ашады:
Білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін кешенді шешімін табады;
Әрбір оқушының қабілетін, мотивациясын, сабаққа даярлық деңгейін есепке ала отырып, нақты тапсырма береді;
Оқу әрекетін белсендендіретін түрлі электрондық құралдарды қолдану;
Мұғалімді ақпараттық, машықтық және бақылаушылық қызметтен ішінара босатады;
Оқушының білімді дербес меңгеруі дағдысын қалыптастырады;
Көрнекіліктің барлық түрлерін кіріктіру есебімен оқу мотивациясын жағымды ынталандырады.
Математика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану оқулықтың көрсете алмайтын мүмкіндіктері ұсынады; сабақта компьютер оқушының жеке ерекшеліктерін айқындай отырып, дербес дамуға жағдай жасайтын құрал болып табылады.
Компьютерлік технологияларды қолданудағы маңызды мақсат адамның зияткерлік мүмкіндіктерін кеңейту, екінші жағынан ақпаратты қолдану біліктілігін арттыру.
Компьютерлік технологияларды пайдалану оқытудың мақсаты мен мазмұнын өзгертеді: оқытудың ұйымдастырушылық формасы мен жаңа әдістері көрініс береді.
Орта мектеп курсында математика пәні күрделі сабақтардың бірі болып табылады. сондықтан оқытудың барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін бір-бірімен сәйкес келетін, бір-бірімен үндестіктегі әдістер мен технологияларды таңдап алу қажет.
Оқу үдерісі ақпарат алмасусыз мүмкін болмайтындықтан, барлық педагогикалық технологиялар өз табиғатында ақпараттық болып табылады. Бүгінде «ақпараттық технология» ұғымы электронды құрал-жабдықтар көмегімен пайдаланалатан және қолданылатын өңдеу және жинақтау процесі деп түсіндірілуде.
Білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану адам физиологиясына да сүйенеді. Ғалымдар адамның есінде естіген ақпараттың 1/4 бөлігі сақталатындығын, көру қабілеті 1/3 бөлікті қамтыса, ақпараттың 1/2 бөлігі көру және есту арқылы, егер оқушы оқу процесіне белсенді қатысып отыратын болса, 3/4 бөлігі қабылданатынын дәлелдеген.
Компьютердің мүмкіндігі қосымша қосымша технологияларды: бағдарламалық өнімдерді, Интернетті, желілік және демонстрациялық құрал-жабдықтарды өзіне бейімдеу барысында ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың материалды базасын құрайды.
Ақпараттық технологияларды математика сабағының түрлі кезеңдерінде қолдануға болады:
— мұғалімнің қатысымынсыз өз бетінше оқу;
— ішінара алмастыру (фрагменттік, қосымша ақпаратты сұрыптап пайдалану);
—тренингтік (машықтық) қолдану бағдарламалары;
— диагностикалық және бақылаушы ақпараттарды пайдалану;
— өз бетінше үй тапсырмасын және шығармашылық тапсырмаларды орындау;
— графиктерді құруда есептеуде компьтер көмегіне жүгіну;
— зертханалық жұмыстар мен тәжірибені имитациялайтын бағдарламалармен жұмыс жасау;
— қызғылықты ойын бағдарламаларын пайдалану;
— ақпараттық-анықтамалық бағдарламаларды тұтыну.
Адамның өсмірінде ойлаудың көрнекі-бейнелік компоненттері маңызды роль атқаратын болса, ақпаратты зерделеуде ақпараттық комуникациялық технологияларды оқытуда қолдану оқу табыстылығын арттырады:
— графика мен мультипликация оқушыларға күрделі математикалық логикалыққұрылымды оңай түсінуді қамтамасыз етеді;
— оқушылар дисплей экранында түрлі объектілерді зерделеуге, олардың қимыл-қозғалыстарын басқаруға, түстерін өзгертумүмкіндігіне ие болады.
Компьютерді оқытудың барлық кезеңдерінде қролануға болады: жаңа білімді түсіндіру, қайталау, бақылау. Бұл жағдайда ол оқушы үшін мұғалімнің, жұмысшы құралының, оқыту объектісінің, ұжымдық жұмыс секілді әр түрлі функцияларды орындайды.
Компьютер оқу мотивациясын оқушының компьютермен белсенді диалогы жолымен күшейтуге мүмкіндік береді, әр түрлі және бояулы ақпараттар (мәтін+дыбыс+видео+түс), оқудың табыстылыққа бағдарлануы жолымен (қажетті көмекке жүгіне отырып, кез келген тапсырманың шешімін табуға жеткізу).
Ақпараттық технологиялар өз компоненттеріне сәйкестікте белгіллі бір ортамен сипатталады:
Техникалық орта (негізгі тапсырмалардың шешімін табудағы қолданылатын техника түрі);
Бағдарламалық орта (бағдарламалық орталар жиынтығы);
Пәндік орта (ғылым, техника, білімнің нақты пәндік саласының мазмұны);
Әдістемелік орта (нұсқаулық, пайдалану ережесі, нәтижені бағалау және басқалары).
Жоғарыда аталғандардан математика пәнін оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану бірінші кезекте мұғалімнің жоғары дәрежелі дайындықты талап етеді.
Математика сабақтарындағы ақпараттық технологиялар мұғалім жұмысын барынша өнімді ете отырып, оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуға бағыталады.
Сонымен қорыта келе, математика сабағында компьютерлік технологияларды пайдалану уақытты үнемдейді, мотивацияны артырады; білімді бақылауды жан-жақты және кешенді тексеруге мүмкіндік береді; сабаққа, пәнге деген қызығушылықты күшейтіп, меңгерілуі тиіс ақпаратты көрнекі түрде ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |