Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗАМАНАУИ САБАҚТАРДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



бет40/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗАМАНАУИ САБАҚТАРДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мускина А.Н. (Қостанай)
Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стретегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Қазіргі мектептерде балалар белгілі білім мен білік алып қана қоймай, алған үлгі-өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс. Білім беруді дамытудың жалпы тенденциялары білім алушылардың білім мен біліктерін елеулі түрде көтерумен шектелмейді, сонымен қатар, олардың мәдениетін, қабілетін барынша дамытуды, бала денсаулығын сақтап, нығайтуды, адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастыруды көздейді. Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа иядеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болып отыр. Қазіргі қоғамда оның дамыған ақпараттық мәдениетімен ақпараттық білім беруді ұйымдастыру аса маңызды болып табылады. Оқу – тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу –танымдық белсенділіктері мен оқуға деген көзқарастары өз дәрежесінде емес. Осы проблеманы жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалану арқылы шешуге болады.

«Ғылым қалғып кетсе қараңғылық бас көтереді» дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу алдымызда отырған бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, білім алушылардың жалпы дамуын қамтамасыз ету керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білгенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, әр мұғалім олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс.

Оқыту технологиялары көмегімен білім алушының білімді игеру дәрежесінің қаншалықты екендігін байқауға болады. Білім алушы оқу мазмұнының элементтерін өз бетінше, өзіне тән қарқынмен, жылдамдықпен меңгереді. Оқыту технологияларын қолдануда оқытудың проблемалы ізденімпаздық, интерактивті, коммуникативті, ойын әдістері пайдаланылады, білім алушыныңөз бетінше жұмыс жасауы, белсенділігі, қызығушылығы ескеріледі. Осы орайда мектепте ақпараттық – коммуникативтік технологияны кеңірек пайдаланған абзал. Заман ағымына сай күнделікті сабақта :


  • Мультимедиа (электрондық оқулықтар);

  • Компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивтік тақта);

  • Анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

  • Электронды кітапханалар (мәтіндік, графикалық, дыбыстық, бейне ақпараттар);

  • Виртуалды зертханалық тәжірибелер

  • Интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында «Әлеуметтік жаңғырту – жаңа әлеуметтік саясат деген айдармен айқындалып, өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», - деп жазылған.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның негізгі бағыттары мыналар:



  • Білім алушыларды білімді, білікті, дағдыны, құзыреттелікті меңгеру және дамыту үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

  • Білім алушылардың функионалдық сауаттылығын дамыту;

  • Қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;

  • Білім сапасын арттыру, дербестендіру, қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру.

Сабақ өткізу барысында ақпараттық технологияны оқу процесінде ендіру кезеңдеріне келетін болсақ, ол оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады:

  • Жаңа материалды түсіндіргенде;

  • Сабақты бекіткенде;

  • Қайталауда;

  • Білім мен іскерлік дағдыларын бақылағанда.

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы сабақ өткізу кезеңі:

  • Уақытты үнемдеу;

  • Материалды қысқаша безендіру;

  • Оқытушының эстетикалық, эмоциялық, ғылыми сенімділігін жоғарылату;

  • Кез келген уақытта таныс материалдарға қайта оралу;

  • Өз бетімен оқуға мүмкіндік жасау;

  • Проблемалық сабақтастықты тереңдетуге көңіл аудару.

Білім алушылардың әдістемелік мақсаттары мен оқыту ерекшеліктеріне қарай ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың бөлімдерінде келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

  • Оқу – көбіне жаңа білімді меңгеруге бағытталған. Олардың көбісі оқытуды салалық бағдарлама бойынша бағдарламаға жуық режимде жұмыс істейді. Бұл жерде білім алушыларға білім беру электронды оқулықтар, интерактивті тақта т.б көмегімен жүзеге асырылады.

  • Бақылау – білім мен ептіліктің белгілі деңгейін бақылау үшін. Бағдарламалардың бұл түрі әртүрлі тексеру тапсырмалары, соның ішінде тест формасында ұсынылады. Қазіргі заман талабына сай оқушыларды бақылау үшін Activote, MyTest, т.б. тестілеу жүйелерін қолдану тиімді.

  • Демонстрациялық - сипаттамалы оқу материалын, әртүрлі көрнекілік материалдарын (картина, фотографияларды, бейне үзінділерді) көрнекі демонстарциялау үшін. Гарфикалық түзетулер енгізуге болатын және білім алушылардың шығармашылық жұмыстары үшін қолданылатын презентациялық бағдарламаларды осы түріне жатқызуға болады. Сондай-ақ химия, физика, биология сабақтарында датчиктерді қолданып, зертханалық, сарамандық жұмыстарды көрнекілеу заман талабына сай келеді деген ойым бар.

  • Ақпараттық- анықтамалық – Ғаламтордың білім беру ресурстарына қосылу арқылы қажетті ақпараттарды алу үшін білім беру материалдары көпшілік сайттар көбеюде.

  • Мультимедиа – оқулықтар – бағдарламаның аталып өткентүрлері элементтерінің көбісін үйлестіретін кешенді бағдарламалар.

Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты негізінде білім беру ұйымдарында 2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 % «E-learning» электрондық оқыту жүйесі қолданыла бастады. Бұл жобаның негізгі мақсаты «Е-learning» - ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен әркезде және әрқашан білім алу. Қазақстанда электрондық білім беру жүйесін енгізудің басты мақсаты – ауыл мен қала оқушыларына әлемдік білім беру қорларын бірдей қолжетімді ету.

Іс – тәжірибемде ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс – шараларды қолданудың маңызының зор екенін байқадым:



  • Білім алушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруіне байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесінде интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;

  • Оқытудың жаңа әдістері мен формаларынсабақта жиі қолдану;

  • Жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедиялық – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық техникалық базасын жетілдіру.

Интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі шексіз. Өзінің білім алушысын өз бетінше оқып-үйренуге, білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жаңа тәсілдермен оқытуда білім алушы белсенді роль атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ғана ұстанады. Әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға жауапты интернет браузерлерден табуды үйретіп, өзіндік ізденіске жетелеуге болады. Білім алушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру төрт кезеңге бөлінеді:

  1. Білім алушы жұмысты бастамас бұрын оның негізгі мақсатын айқындап алуы керек

  2. Білім алушы интернеттен алынған материалды сұрыптау алуды үренуі керек

  3. Білім алушы өз бетінше жұмыс істеуге дағдылануы керек

  4. Білімалушы өзінің іздеп тапқан материалын слайд, проект, флипчарт арқылы қорғауға дайындала алуы керек.

Білім алушылар ең бастысы, жетістікке жетуді үйренуге болатынын біліп, алғашқы қадам жасай алуы керек. Бұл қадамды аттай алған адамның өмірде үлкеноң өзгерістер көрері шүбәсіз. Демек, жетістікке жету жолдарының бірі – оны үйрену. Қорытындылай келе, қазіргі таңда кез келген пәнді оқыту барысында заман талабына сай ақпаратты – коммуникациялық технологияны қолдану – білім сапасының артуына көмектесуі айқын. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде ой – өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет