Әдебиеттер
1.Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
2.Информатика (Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм стандарты) Алматы, 2003 ж.
3.Информатика мұғалiмiнiң мамандығына қойылатын талаптар. Алматы, 1998ж.
4. Н.Ермеков, Ж.Караев, Н.Стифутина. Информатика 7, 8 класс. - Алматы:Жазушы, 2000, -192 стр.
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Есенова Л. С.(Ақтөбе)
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Компьютер оқу үрдісінде қолданылатын оқытудың тиімді құралдарының бірі. Ол оқытудың әдістері мен мазмұнын анықтамайды.. Оқытудың компьютерлік технологиясы дегеніміз білім алушыларға ақпаратты компьютер арқылы дайындау және беру процесі. Компьютерлік технологияға әртүрлі оқыту әдістері жатады: бағдарламалық оқыту, танымдық оқыту, т.б.
Компьютерлік оқыту дегеніміз – оқытудың техникалық құралдарының бірі компьютер мүмкіндіктерін қолдану болып табылады. Электронды оқыту жүйесі рецептивті және интерактивті болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе дербес компьютерді қолдану, бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал, теледидар кешендері негізінде құрылады, білім алушы мен техника құралдары арасында екі жақты қарым-қатынас орнайды, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді. Олай болса, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын техникалық және адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттесуін ескере отырып, білім беру формаларын оңтайландыру үшін рецептивті немесе интерактивті түрдегі электронды оқытуды жасау және жүзеге асырудың жүйелі әдісі деп санауға болады.
Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғышарттар болып табылады.
Математика сабақтарында жаңа технологияларды енгізу –білім сапасын көтеру негізі. Осы жаңа технологияларды пайдалану барысында оқушылардың пәнге қызығуларын, шығармашылықпен ойлауларын тереңдетеді. Математика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану- білім сапасының артуына әкеледі. Жаңа ақпараттық технологияны математика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйретеді.
Мультимедиа арқылы сабақтың презентацияларын құрып, сабақты ұйымдастыруда мұғалімге де, оқушыға да бәрі орын-орнымен, сабақтың кезеңдерін ретімен орындап, барлығы оқушылардың көздерінің алдарында мониторда тұрғанда, мақсатта белгілеген нәтижелерге жетуге болады.
Математиканы оқытуда компьютерлік технологияның мүмкіндігі:
оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытады;
білім алу траекториясын таңдауына жол береді;
оқу үрдісінің біртұтастығын сақтайды;
оқушының ақпараттық мәдениетін дамытады.
Оқушы үшін:өмірге деген көзқарасы оянады, жаңалықтардан хабар алады, өзінің орнын анықтауға көмектеседі
Мұғалім үшін:оқушының қатесін, түзеуде уақытты үнемдеп, мүмкіндігін көруін, сапасымен қоса оқыту әдістемесіне түзетулер енгізуге мүмкіндік туады.
Осыларды қорыта келе мынадай тұжырымға тап келеміз:үздіксіз қолдану, әдістемелік демеудің болуы қажет, оқушы мен мұғалімнің белсенді ролін қамтамасыз ететін, толықтырулар мен өзгертулерге икемді болуы керек.
Компьютер бағдарламалық математиканы оқыту үрдісінің тұтастығын бұзбастан оны оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыруға жол ашады, керекті ақпаратты іздеуге байланысты тапсырмалар алады. Компьютер жұмысының қалыптылығы оқушылардың оқу үрдісін, тереңірек түсінуге жағдай жасап, олардың логикасы мен ақыл-ойының деңгейін көтереді. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты салалармен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |