Литература
1. М.Т. Баранов и др. Русский язык. Справочные материалы. - М.: Просвещение, 1989.
2. А.И. Власенков, Л.М. Рыбченкова. Русский язык. Грамматика. Текст. Стили речи. Учебное пособие для 10-11 кл. общеобразовательных учреждений . - М.: Просвещение, 1996.
3. В.С. Гетманова. Пособие по русскому языку для учащихся 9-11 классов, готовящихся к единому национальному тестированию. - Ш.: Шикула 2005.
4. Д.Э. Розенталь. Русский язык. Пособие для поступающих в вузы. М.: Просвещение, 1997.
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ – ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мұқашева И.А. (Ақтөбе)
«Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технлогияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды мұғалімдердің біліктілігін арттыруға аудару қажет».Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі таңда ақпараттандыру заманында оқу процесіне жаңа технологияларды енгізу – уақыт талабы. Жаңа технологиялар білімді меңгеру, жүйеге келтіруге көмектеседі. Жалпы технология дегеніміз – түрлендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл бізге «технология» түсінігін тек материалды өндіріс сферасында ғана емес, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу танымдық белсенділіктері мен оқуға деген көзқарастары өз дәрежесінде емес. Осы проблеманы жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалану арқылы шешуге болады.
«Ақпараттық технология» терминін В.Тлушков енгізді. Ол оған былай анықтама береді: «Ақпараттық технология дегеніміз – ақпаратты өңдеумен байланысты үрдістер».
Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда ақпараттық технология төмендегідей мүмкіндіктерді береді:
Оқу материалын түрлі дмнамикалық суреттермен жан – жақты бірнеше қырынан түсіндіруге болады;
Аудиовизуалды құралдарды қолдану арқылы оқу материалының мазмұныны түсінікті, қызықты етеді;
Күрделі химиялық эксперименттерді виртуалды лаборатория арқылы көрсетуге болады;
Оқушылардың білімін есепке алу мақсатында тез әрі тиімді жолмен тест, бақылау жұмысын алуға болады.
Дәстүрлі оқыту жүйесі мен АКТ қолданылған оқыту жүйесі үлкен айырмашылықты көрсетеді. Басты айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгереді, ол – бағыт – бағдар берушінің рөлін атқарады.
Егер сабақ бірсарынды өтетін болса, ол оқушыны шаршатады әрі қызығушылығын жояды. Сол себепті қандай да сабақ үстіндегі оқыту мен іс – әрекет формаларын түрлендіріп отырған жөн.
Үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты меңгерту, бекіту кезеңдерінде АКТ – ны тиімді пайдалану арқылы оқыту үрдісін өзектендіруге болады. Әсіресе химия пәнінен тәжірибелік сабақтарды өткізуде АКТ – ның рөлі ерекше, себебі көптеген химиялық реактивтердің жетіспеуіне байланысты кейбір тәжірибелерді көрсету мүмкін емес. Сондықтан бұл тығырықтан шығу үшін виртуалды лабораторияны пайдалануға болады.
Осы орайда ақпараттық технологиялардың тиімділігі неде? Олар: материалы оңай есте сақталады; уақыт үнемделеді; тез әрі жеңіл түсінуге ықпал етеді; бағалаудың обьективтілігі артады; оқушының қызығушылық ахуалы артады.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие. Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық – коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне пайдалануға жан – жақты курстар ұйымдастыруымыз қажет.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дмдактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық – электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интелектілік ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы жеткілікті: жинақтылылық, жүйелілік, жылдамдылығы және т.б.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтіндік ақпараттан гөрі графиктік ақпарат көбірек қамтылуы керек, себебі ол оқушының ақпаратты тез, әрі көрнекі түрде қабылдауына жағдай жасайды. Олай болса, бұл мәселелерді жан – жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше.
Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі тренинг курстар өткізілуі қажет. Ол үшін бір жүйеге келтірілген, әрі білім беру қызметкерлерінің категорияларының ерекшелігі ескерілген оқу бағдарламалары жасақталуы қажет.
Оқу қызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез – келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көп уақытты қажет ететін есептерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады, нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз.
Ақпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі – мектепте компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану; оның мүмкіндіктерін жаңа материалды баяндауда (білімді виртуалды өмірде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргізу, баяндалған материалды бекіту (тренинг), интернет – технологияларды қолдану.
АКТ - ның басты элементтері: компьютерлік тапсырмалар; интерактивті тақта; интернет желісі; электрондық оқулықтар; мультимедиялық программалар; аудиовизуалды құралдар; видеоматериалдар; техникалық құралдар, т.б.
Тақырыпты слайд (презентация) түрінде дайындау уақытты үнемдеуге, оқыту үрдісін өзектендіруге, материалды құрастыруға, анимациялау оқушыларға оңай, тез және жеңіл түсінуге ықпал етеді.
Соңғы жылдары қолданысқа шығарылған презентация саны күрт өзгерді, яғни мультимедиялы сабақтарды пайдаланатын мұғалімдер саны көбейді. Презентацияның негізгі мақсатының бірі – оқушының қызығушылығын арттыру немесе жаңа мәлімет беру. Өкінішке орай жаңа технология осы екен деп, презентация жасауда мұғалімдеріміз көп қателіктер жіберіп жатады.
Презентация қай сәтте қажет?
Аралас сабақ, сабақтың бекіту кезеңі сұрақ – жауап арқылы жүргізіледі. Берілген сұрақтарды, танымдық – деңгейлік тапсырмаларды презентация түрінде дайындап, орындауына уақыт беріледі. Өзін – өзі тексеру мақсатында келесі слайдқа дұрыс жауаптары жазылады. Бұл орайда мұғалімнің де, оқушының да уақыты үнемделеді.
Күрделі тақырыптың кіріспе бөліміне мына принциппен: көп естігеннен, бір көрген...
Қайталау сабақтарында мұғалімге ақпараттың көптігі проблема туғызады. Өйткені тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйелеу, толықтыру, кемшіліктерді жою өзіндік шеберлікті қажет етеді. Осы тұрғыда мультимедиялық презентация, компьютерлік бағдарламамен құрастырылған тест, оқушы білімін есепке алуда үлкен мүмкіндіктерді береді.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда қазіргі заманның балалары экраннан мәлімет алуға дағдыланған. Мысалы: монитор экраны, интерактивті тақта, проектор, телевизор, т.б. оқулықтардан да жақсы қабылдайды.
Презентацияны сабақ үстінде пайдалану өте қызық. Қазіргі заманғы сабақты онсыз өткізу мағынасыз болар еді. Әрине кейбір мұғалімдер презентациясыз өткізеді. Бірақ оның әсері онша болмайды. Сол себепті одан әрі жаңашылданып, ізденіп, презентацияны сауатты құрастырып, оқушының қызығушылығын арттыру қажет.
Презентация – жаңа заманда таптырмайтын мәлімет берудің жаңашыл әдісі. Бұл – тақырыптың барлық материялын, фотосурет, слайд – шоу, дыбыстық көркемдеу, видиокөріністер, дикторлық қолдау, анимация, үшөлшемді қолдау жиынтығы. Басты айырмашылығы, мазмұнды ізденіс, ерекше көрсетілім және интербелсенділік.
Енді мұғалімдерді оқушылардың үйрететін мезгілі келді. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық – коммуникативті технологияны пайдалана білуі қажет. Бұл мәселе – білім беруді ақпараттандырудың қажетті шартына айналып отыр.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – оқыту процесін ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшін жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.
Сонымен білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс – әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Елбасымыздың жолдауында айтылғандай ақпараттық технологияларды жаппай енгізіп мұғалімдердің біліктілігін арттыру жолында жұмыс жүргізілсе, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып, білім сапасының артуына бірден – бір септігін тигізер еді.
Достарыңызбен бөлісу: |