Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Аманкулова К.С., Байхадамова Б.Е.(Жамбыл)



бет487/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Аманкулова К.С., Байхадамова Б.Е.(Жамбыл)

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Сондықтан XXI ғасыр оқыту процесіне педагогикалық технологияны пайдалануды талап етеді. Бұл тәсіл оқытудың мазмұнын жетілдіреді, олардың әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл заңды процесс, себебі мемлекетімізде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша тұрғыда қарауды талап етіп отыр.

Педагогикалық технология оқушылардың оқу процесіндегі белсенділігін арттыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауға, күтілетін түпкі нәтижеге жетуге тікелей әсер етеді. Соңғы он жылдықта оқу – тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етеді. Соның бірі, он екі жылдық білім беру жүйесінің дүниеге келуі – қоғамдағы өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Мұндағы жаңа білім мазмұны әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтиды.

Оқытудың жаңа жүйесіне көшу әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін, өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басына, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына ықпал ету болып табылады. Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық қасиетін дамыту басты мақсат болып отыр. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу – әр пән мұғалімінің міндеті.

Білім сапасын арттыруға қолайлы жағдай туғызудың бір жолы − бұл оқу процесіне тұлғаға бағдарланған технологияларды енгізу деп ойлаймын. Міне осы бағытта қазіргі білім беру жүйесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиялары кеңінен қолданылып жүр.

Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я.А. Коменский оның пікірінше оқыту “технологиялық” болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы керек. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды.

АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда “білім берудегі технология” термині пайда болды. Бұл көбіне оқу процесінде техниканы пайдалануға байланысты да болды.

60-шы жылдарда америкалық және батыс Европалық білім берудегі реформаларға байланысты “оқу процесінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады” мағынасын беретін “педагогикалық технология” термині пайда болды. Ал дидактикалық технологияның мәселелері біздің заманымыздың екінші жартысында техника мен технологияның қарқынды дамуы нәтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Педагогикалық технология ғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ғылымының мәні түрліше қарастырылады. Педагогикалық технология мәселесіне арналған П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, В.М. Кларин, Ж.А. Қараев, Т.Т. Галиев т.б. ғылымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.

Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан “технология” technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.

Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды.

Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі қайшылықтарды атауға болады:

- қоғамның педагог мамандарға қойып отырған талабының күшеюі мен кәсіби білім беруді жүзеге асыруда кездесетін қиыншылықтар арасындағы;

- қайта дамып отырған жекелеген педагогикалық жүйелер мен оларды жылдам өзгеріп отырған еңбек шараларына бейімдеу, білім беру жүйесінің консервативтілігі арасындағы;

- ғылымның даму деңгейі мен өндірістің оны іске асыруға мүмкіндік деңгейі арасындағы;

- мұғалімнің әлеументтік ролі және қоғамдық ақпараттық-коммуникациялық қызмет арасындағы;

- педагогикалық жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының мазмұнының әдістемелік құралдары және қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар.

Қоғамдық-тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік-қызметі – білімді жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда. Сондықтан қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін кеңінен дамытып, білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға, оларды теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті. Мұны П.П. Блонскийдің, Л.С. Выготскийдің, С.Л. Рубинштейннің, А.Л. Леонтьевтің, П.Я. Гальпериннің, Н.Ф. Талызинаның, Дж. Брунордың және т.б. зерттеулері дәлелдейді.

Білім берудің сапасын мәнді жоғарылату жолдарын іздестіруде, нақтырақ айтсақ, жоғары білімнің Н. Чебышев пен В.П. Коган пәнаралық байланыстың тұжырымдамасын негіздей отыра оны жоғары білім беру тәжірибесіне енгізудің нақты оқу-әдістемелік механизмін ұсынады. Бұл бағыттағы, инновациялық іс-әрекет мәселесі жалпы білім беру мектептерінде шешілуі қажет.

Сондықтан, әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор. “Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі”, - деп көрсетеді С.В. Селевко.

Қоғам өмірінің барлық салаларында яғни экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе. Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім. Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрекеттердің басқа салаларымен де қатарлас алға басуы керек.

Педагогикалық техногогияны қолдану білімді сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларға ірге болуға нақты негіз болып, әрбір мектепке өзіндік тұлғасын табуға, әрбір мұғалімге өзіндік әдістемелік жүйесін құруға себептігін тигізеді. Оқытудың нәтижелі болуы оны ұймдастыру әдістеріне және бастамашылдыққа жаңа педагогикалық инновациялық әдістемелікке байланысты. Өйткені, ХХІ ғасырдағы технологиялардың соншалық жылдам қарқынды дамуы адамзат өмірінде болып көрмеген шапшаңдықты талап етеді.Қазақстанның бұрынғы жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі, қоғамдық құрылыстың күрт өзгеруі білім беруді уақыт талабына сай үйлесімді құрып, оның әлемдік деңгейдегі мәжеге сәйкестікте оқытудың екі бағдарда өріс алуы.

1. Дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау.

2. Оқыту үрдісіне инновациялық оқыту енгізу.

Бұл жүйелерді таратып айтсақ, дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау оқушыға берілетін білім мен игерілуге тиіс ұғым-түсінікті меңгеру, уақытқа үйлесімді жетілдіріп жаңа педагогикалық технологияға сәйкес дамыту. Дәстүрлі оқу пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен міндеттер қойылмайды, пәнді меңгерудің басты міндеті болып, ғылыми міндеттерді фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту деңгейінде (кей кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) ғана қалады. Мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерін зерттеу, когнитивті ауқымдағы (Б. Блум) білім беру мақсатының технологиясымен сәйкес, мұғалімнің зейіні мен меңгерілген материалды “Білімділігіне” және “Түсініктілігіне” шоғырланады, ал талдау-жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына, мұғалім іс-әрекетіне аз деңгейде назар аударылатынын көрсетіледі.

Ал иновациялық оқыту: оқушының мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің байыбына барып, үлгі көрсетер өнегелеріне еліктеп, тағылымдық жолдарын қабылдау, оған шығармашылық тұрғыдан пайымдау жасауға үйрету. Сонымен қатар шығармашылдық ойлау мен бастамашыл іс-әрекеттегі саналылықты өрістетуге зерттеушілік тұрғыдан белсенділігін жетілдіріп, іс-әрекетке бейімділігін, қызығуын қалыптастыратын жол. Инновациялық оқытуда мұғалім көшбасшылық міндет атқарғанмен, жүзеге асырылатын істің бәрін өз қолына алмайды, менің айтқанымдай болсын деп қарамайды, әміршілік жолды ұсынбай режиссерлік міндет атқаруға бейімделеді.

Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Философия жалпы реттеуші білім беру технологияларын әдіснамалық қамтамасыз етеді. Философиялық тұрғы білім беру мазмұнында, пән мазмұнында басшылыққа алынады. Бірақ, идеологиялық бағдарда бірізіділік жоқ, сондықтан мектептегі білім мазмұны әлемнің бүтіндей картинасын бере алмайды. Әдістер мен тәсілдердің философиялық негізін байқау қиын, ал технология бөлігі бір философиялық негізді ұстанушы ретінде қызмет ете алады.

Көптеген педагогикалық технологияларда кездесетін философиялық бағыттар:

- материализм және идеализм;

- диалектика және метафизика;

- гуманизм және антигуманизм;

- антропософия және теософия;

- прагматизм және экзистенциализм.

Педагогикалық технология дерекнамасы педагогика, психология және әлеументтік ғылымдар, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, халықтық педагогика, отандық және шетел педагогикасындағы озық идеялар болып табылады. Кез-келген қазіргі педагогикалық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктері дғстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеументтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы болады.

Бір технологияның өзі әр орындаушыда әр түрлі сипатта болуы мүмкін, өйткені, шебердің тұлғалық компетенттілігі, оқушылар контингенті, сыныптағы психологиялық ахуал, көңіл-күй әр түрлі болуы мүмкін. Бір технологияны қолданғандағы әр педагог алған нәтиже әр түрлі болғанымен, бірі-бірімен ортақ технологияның сипатына сай белгілері болады.

Педагогикадағы ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде В.П. Беспалько: “Оқу технологиясы – тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы”, - деп көрсетеді. Мұнда ғалым педагогикалық ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырады.

Педагогикалық технология білім алу іс-әрекетіндегі амалдардың негізінде таңдалған кәсіптік қызметтің тәсілдерін, қабылдаушылардың танымдық іс-әрекеті деген анықтама береді. Сонымен, технология деп белгіленген мақсатты тиімді орныдау үшін материалдарды түрлендіру процестері мен әдістердің жиынтығы және бір ізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады.

Сонымен ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет