Әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының 2010жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.//Егемен Қазақстан.-26 желтоқсан,2003
2. Осетова А.В, Смирнов А.И, Осин А.В. Книга и электронные средства в образований. Москва: РМЦ,-2003
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕПТЕГІ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Шокибаева Р. (Қызылорда)
Елбасымыздың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында айтып кеткендей: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек».
Сондықтан 12 жылдық білім беру жағдайында білім сапасын көтеру мақсатында қашықтықтан-виртуальды оқытуды және жаңа білім беруде ақпараттық технологияларды енгізу туындап отыр.
Қазіргі кездегі оқыту бағдарламасының талаптарына сай сабақ өткізуде ең соңғы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану қажеттілігі артуда.
Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз-оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары және балаларға білім беруші құрал.
Оқытудың ақпараттық технологиясы –бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар болып табылады. (кино, аудио және видео құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желіліер).
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру прцесі қазіргі заманда олардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін, ақпараттық және кәсіби құзырлығын қалыптастыру мәселесі де бүгінгі таңда өзекті міндеттеріміздің бірі.
Құзырлық амалдың (компетентностный подход) жаңа білім беру парадигмасымен ұштасу қажеттілігіне философтер, психолог және педагог ғалымдардың еңбектерінде ерекше көңіл аударылған. Ғылыми әдебиеттерді талдау «парадигма» және «құзырлық» «компетентность» ұғымдарының мәнін ашуға мүмкіндік береді.
Құзырлық дегеніміз-белгілі сападағы жақсы мәліметке ие болуының терең білімі, іскерлік, жеткілікті деңгейдегі білімділік.
Ал хабардарлық, жете білушілік, жетіктік, терең білу құзырлықты білдіреді.
Білім беру жүйесінің жаңа парадигмалы жағдайында білім беру мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын арттыруға талаптар одан әрі күшейеді. Сол себепті жалпы білім беретін мектепте физика-информатика пәнінің мұғалімі ретінде кәсіби біліктілігін, хабардарлығын, іскерлігін дамыту мәселесіне айырықша назар аудару талап етіледі.
Әсіресе үнемі ізденетін, әлемнің дамыған елдерінен тәжірибе алған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, менеджмент негіздерін терең меңгерген мектепте физика-информатика сабағын беретін құзырлы мамандар аз емес.
Білім беру саласындағы ұстаз мәселелері бойынша ғылыми әдебиеттерді, менеджерлердің даярлау озық тәжірибесін талдау негізінде жаңа парадигмалы жағдайда білім беру мұғалімдердің кәсіби құзырлығын арттырудың мынандай негізгі жолдарын анықтап алу .
Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады.Оның қолданылуы нәтижелі болу үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуіне және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек. Егеменді еліміздің озық ойлы, парасатты азаматын қалыптастыруда ауыл мектебінің салмағы басым.
Мектептегі басты тұлға-мұғалім. Өркениетті елдер деңгейінде білім мен тәрбие беру, ойлау қабілеті, білімі мен білігі, іскерлігі жоғары азамат тәрбиелеуде мұғалімнің міндеті зор. Бүгінгі күн жаңашылдықты талап етеді. Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың.XXI ғасыр мұғалімінің бойында мынандай қасиеттер болу керек:
2009 жылғы 7 наурыздағы Президент Н.Назарбаевтың жолдауында Азаматтарды басқа адамдардың оң тәжірибесі арқылы үйрету керек. Біздің ғылыми және шығармашылық интелигенцияға да осындай роль жүктеледі. Мен бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамын!- дей келе Елбасымыз мұғалімге қойған талаптарда физика-информатика - математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдер ақпараттық технологияны меңгерген маман болуына баса көңіл аударып отыр.
Математика-Физика-информатика пәнінің мұғалімдері төмендегілерді білуі қажет:
- әр түрлі объектілерді кескіндеуді, оны салып тұрғызуды дисплей бетінде іске асыру және олардың динамикалық елестетілуін ;
- есептеу процесін, ақпаратты іздеу жұмыстарын, сонымен қатар мәліметтерді жинау, өңдеу жұмыстарын автоматтандыру және көрсетілген оқытылған объектілер, құбылыстар, процестер туралы мәлімет жинау;
- физика-информатиканы-математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануды қосымша оқытуды жүзеге асыру;
- оқушылардың білім деңгейін бағалауға қойылатын негізгі критерийлерін;
- қолданушының білімін, дайындығын, бағалауға арналған компьютерлік тесттік және диагностикалық әдістерді қолдана білу;
Сонымен қатар физика-информатика пәнінің мұғалімдері өзінің кәсіби қызметінде келесі негізгі бағытарды бөліп алуға болады:
1.Физика-информатика-математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаттары:
- қолданушы мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы жылдам байланыс;
- оқытылу ақпаратының компьютерлік көзге елестетілуі;
- ақпараттық – әдістемелердің оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылауын автоматтандыру.
2.Жергілікті және жалпы тораптағы ақпараттық қарым-қатынас.
3.Оқыту- тәрбиелеу процесінің білімді ақпараттандыру шарттарындағы ерекшеліктері, сонымен бірге әдістемелік практиканың қолданылуы, соның ішінде, физикалық ақпараттық жүйелер.
4.Электронды құралдардың құрылымы, қолданылуларын, жобалауы және бағалануын, мазмұндық әдістемелік құндылығын білу.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда жұмыс беруші мекемелер жас мамандардан құзіреттілік, яғни біліктілік, бәсекеге қабілеттілік және жұмыс барысында болатын қандай да бір жағдайларға тез әрекет жасауға дайын болу сияқты қасиеттерін алға қояды. Сондай-ақ олардың бойынан жаңа білімді, іскерлікті жылдам және нәтижелі меңгеру, өздерінің кәсіби қызметтерін заман талабына сай бейімдей алу қабілеттіліктерінің де бар болуын талап етедіБілім беру саласын заман талабына сай дамыту бағыттарының бірі – білім беруде құзіреттілік тәсілді енгізу қажеттілігіне негіздейді, себебі ол мұғалімнен оқушыға білім, білік және дағдыларды қалыптастыруды ғана емес, сол мұғалімнің бойында кәсіби құзіреттіліктің қалыптасуын көздейді. Кәсіби құзіреттілік бұл көпжақты ұғым болып саналады. Болашақ педагогтың дайындығының негізгі көрсеткіші оның кәсіби құзіреттілігі десек қателеспейміз. Маманның кәсіби құзіреттілігі жеке тұлғаның қабілеттерінің, қасиеттерінің, сондай-ақ қандай да бір салада табысты кәсіби қызмет жасау үшін қажетті білімі мен тәжірибесінің жиынтығын көрсетеді. Жоғары кәсіби білім беретін мекемелердің әрбір мамандықтарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу бітірушілердің білім деңгейіне қойылатын бір қатар талаптары анықталған. Мысалы, информатика мамандығының кәсіби құзіреттілігіне қойылатын талаптары төмендегідей, яғни болашақ информатика мұғалімі:
- мұғалім өзінің педагогикалық қызметін қалыптастыратын;
педагогикалық қарым-қатынасын айқындайтын,
мұғалім тұлғасы ретінде белгілі бір құндылықтарды, идеалдарды және педагогикалық танымды анықтайтын қажетті білім, білік және дағдылар жиынтығын меңгеруі керек. [1]
Бүгінгі жас маманның кәсіби қызметіне байланысты алған білімі оның бүкіл еңбек жолына жарамды бола алмауы ақпараттық қоғамның үздіксіз дамуына байланысты. Сондықтан өзінің кәсіби құзіреттілігін өз бетімен білім алу, өз бетімен оқу-үйрену сияқты әрекеттермен үнемі көтеріп отыруға, яғни үздіксіз білім алуға шақырады. Әсіресе, қоғамның шарттары мен оқыту технологияларының жиі өзгеріп отыруына бейімделу қабілеттілігі болашақ информатика мұғалімдері үшін аса қажет қасиет болып табылмақ.
Тіпті болашақ маманның жоғары білім орны қабырғасында жүргенінде-ақ аппараттық және бағдарламалық құралдардың бірнеше буындары ауысуы мүмкін, яғни жаңа ақпараттық технологиялар немесе оқытудың жаңа ақпараттық құралдары пайда болуы мүмкін.
Сондықтан болашақ информатика мұғалімін кәсіби даярлауда тек пәндік білім, іскерлік және дағдылармен қаруландырмай, оқу бітірушілердің келешекте педагогикалық жаңа есептерді, міндеттерді шеше алатындай тұлғалық қасиеттерін дамытуды да қарастыру қажет. Осындай жұмыстарды жүргізуде болашақ информатика мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі алдыңғы орынға шығады. Зерттеулерде қарастырылған білім беру саласында мұғалімдерге қойылатын құзіреттіліктердің қатарынан [2] информатика мұғалімі үшін қойылатын мынандай құзіреттілікті ерекшелеуге болады. Болашақ информатика мұғалімі үшін кілтті құзіреттілік ретінде ең алдымен ақпаратты-коммуникативті құзіреттілікті алуға болады. Көптеген әдебиеттерде қарастырылған ақпараттық құзіреттілікке талдау жасайтын болсақ, ол шынайы объектілер және ақпараттық технологиялар көмегімен студенттердің бойында өз бетімен ақпаратты іздеу, талдау, қажетті ақпаратты іріктеу, түрлендіру, сақтау және тасымалдау сияқты іскерліктерді қалыптастыруды көздейді. Аталған құзіреттілік жалпы педагогикалық жоғары оқу орнының студенттеріне, яғни болашақ мұғалімдерге өзінің оқу пәніндегі және білім беру аймағындағы ақпаратқа қатысты іс-әрекеттің дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Ал коммуникативті құзіреттілік те өз кезегінде кәсіби білім беру мақсаттарының бірі ретінде жеткілікті түрде кеңінен қолданылады.
Коммуникативті құзіреттілік болашақ мамандарда қазіргі коммуникациялық құралдар туралы білімдерінің болуын, телекоммуникациялық құралдарын мақсатты түрде оқыту үрдісінде тиімді пайдалана білу іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуын көздейді. Жұмыс беруші мекемелердің қоятын талабына сай болашақ маман иесі өзінің бойында кәсіби құзіреттілігін шыңдау үшін
- кәсібилігіне бағытталған ойлауды қалыптастыру;
- информатиканы кәсіби және тереңдете оқытуды;
әр оқушының жеке қабілеттіліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау;
өзінің кәсіби даярлығын үнемі тұрақты түрде дамытып отыруға жағдай жасау;
білім беруде қазіргі замандық ақпараттық технологияларды және құралдарды қолдануға даяр болу сияқты жұмыстарды атқаруы керек.
Бүгінгі таңда ақпараттық қоғам аймағында оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын жән компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Қазіргі таңдағы оқытудың негізгі мақсаттарының бірі,әрі бастысы білім алушылардың шығармашылық, зерттеушілік, ізденімпаздық қасиетін дамыту болып табылады.Жас ұрпаққа білім таратушы тұлға ретінде сабақтарымызды мүмкіндігінше ақпараттық технологияларды пайдаланып оқушылардың өз беттерімен оқып үйренуге баулу бағытында жұмыс жасауымыз қажет.Сонымен бірге, әрбір пән мұғалімі ретінде өз сабақтарымызды жаңа технология әдістерімен, оқыту тәсілдері мен оқыту формасын,өзіндік педагогикалық технологиясын пайдалана отырып, білім алушының білімін жетілдіруде қазіргі пайдалануға келіп жатқан ақпараттық технологиямен үздіксіз жұмыс жасауымыз қажет деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, ақпараттық-коммуникациялық технология нәтижеге бағытталған еңбегімізге зор ықпалын тигізетіндігін өз тәжірибемізден байқауға болады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жыл 28-ақпанда халыққа жолдаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауының Жаңа кезеңнің жаңа міндеттері тарауындағы мына сөзбен өз баяндамамды қорытындылауды жөн көрдім.«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі –білім мен білік»деп алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу бағытында жұмыстар жүргізуміз қажет.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген елбасының сөзімен ойымды қорытындылағым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |