Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАЗМҰНЫ



бет528/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАЗМҰНЫ
Копбаева М.Р.(Тараз)
Данышпан Абайдың «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз...»,-деген ұлағаты жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстандықтардың ғылым мен білім саласындағы бүгінгі тыныс-тіршілігінде анық сезіліп отыр. Қазақстанның өркениетті елдердің қатарына қосылып, әлемдік құрылымның белді мүшесі болуы үшін бірінші кезекте білім мен ғылымға көңіл бөлуіміз қажет. Бұл аталған жайттар көреген Көшбасшымыз Н.Ә. Назарбаевтың назарынан тыс, көңілінен таса қалған емес. Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тисті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажеттіке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» - деді.

Алғаш ел басқару тізгінін қолға алған күннен халқының жарқын болашағын алыстан болжаған Елбасы жоғары білікті мамандар даярлау мен білім беруге, ғылым және инновациялық саланы халықаралық стандарт талаптарына сай жетілдіру мәселесіне жіті назар аударып келе жатқаны белгілі. Және де Президент халыққа жолдауында жаһандану жағдайында білімнің өзекті, мемлекеттік маңызы зор, зәру мәселелерін, қордаланған жайларды әлемдегі тектес ахуалдармен сабақтастыра айтып, Қазақстанның өз жолын, өз даңғылын сипаттады. Жаһандану үдерісінің зор мүмкіншіліктерін еліміз үшін тиімді пайдалануға тек мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қол жеткізуге болатындығын айқын дәлелдеді. Ал бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші – халық тұрмысының жоғары деңгейі мен сапасында екендігін атап өтіп, оның білім беру деңгейінде, адами капиталдың дамуына, инновациялық дамуға, атқарылу сапасына, саяси ерік-жігер мен ұлттық консенсусқа байланысты болатынын кеңінен сараптады.

Қазiргi таңда мемлекетiмiздiң жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы бiлiм беру саясатының басым бағыттарын жүзеге асыруда бiлiм беру ұйымдарындағы ғылым мен тәрбие iсiне жауапты мамандар қызмет атқарады, олар кәсiби бiлiктiлiгiн арнайы курстарда арттырып отырады. Себебi, бiлiктi педагог кәсiби маман болуы тиiс. Ал, кәсiби бағдар беруде «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты тек ғана бiлiктiлiктi арттыру жұмыстармен шектелiп қоймай, өзектi мәселелер бойынша түрлi тақырыпта семинарлар, конференциялар, байқаулар ұйымдастыруда. Сондай-ақ, әдiстемелiк құралдар мен нұсқаулықтар дайындалып, таратылады. Қазіргі мәліметтер негізінде орта мектептердегі ғылыми әдістемелік жұмыс пен шығармашылық ізденісті дұрыс жолға қою да әлі де қарастыратын мәселенің көп екенін көрсетуде.Мемлекеттің инновациялық әлеуетін көтеруде болашақ мамандар орта мектептен ғылыми шығармашылық ізденіспен шұғылдануы тиіс.

Әлемдік ғылыми өркениетке жету еліміз үшін өте маңызды міндеттер қойып отыр. Ғаламдық экономикада басымдыққа ие Америка, Жапония және Қытай мемлекеттері адам капиталын, яғни адам құндылығын дамыта отырып оны пайдану арқылы биік белесті бағындырып қана қоймай, өз ішінде экономиканы, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, әлемдік деңгейде айтары бар елге айналды.Дамыған елдердің даңғыл жолдары ғылым мен техникадағы жетістіктер тікелей мектепте алған білімнің жемісі екенін дәлелдеуде.Мектептегі ғылым ісіне жауапкершілік пән мұғалімдерінің шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне тікелей байланысты. Отандық және шет елдік педагог ғалымдардың зерттеулерінде орта мектептегі ғылыми ізденістің мазмұны мұғалімнің интелектуалды әлеуеті мен ізденістегі әдіскерлік шеберлігіне де байланыстылығын көрсетті. Ғалымдар мұғалімнің ғылыми әдістемелік жұмысын жан-жақты талдай келе, мұғалім жәй әдіскер-сарапшы рөлінен, яғни өзіне дейін белгілі әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесіне пайдаланып қоймай, сонымен бірге өз оқушыларының дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу тапсырмаларын өзі құрастыруы, мұғалім-жобалаушы-үйлестірушіге айналатынын дәлелдеді.

Мұғалім өз іс-тәжірибесін зерделей, ұдайы өзгерістер енгізе отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу барысында өз іс-тәжірибесін, өз іс-әрекетін жаңаша түрлендіріп, жаңаға бет бұрады, мұғалімнің жаңаны үйренсем, қолдансам деген қажеттілігі артып, иновациялық даярлығы қалыптасады.

Мұғалімнің әдістемелік кеңестік аясында іс-әрекетінің зерттеушілік іскерлігінің қалыптасуының негізгі кезеңдерін профессор К.Ж.Бызаубақова былаша талдап көрсетеді:



  • педагогикалық мәселені қою және оны шешу жағдайларына талдау жасау (оқушыларды қатты толғандыратын мәселелерді бөліп қарастыру, оған ойша талдау жасау);

  • ғылыми болжам жасау, гипотеза ұсыну, оның шешу жолдарын көрсету (оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытатындай тапсырмалар құрастыру, оқушылардың есеп шығару, теорема дәлелдеуде өзіндік «жаңалық» ашуына жол салу және т.б.);

  • мақсатты эксперимент жүргізу (өзгерген жағдайларға талдау жасау, әрдайым тиімді шешім ұсыну);

  • жұмыс нәтижесіне талдау жасау, бағалау, бақылау жұмыстарын жүргізу, тест алу;

  • жұмыс тиімді бағалаудың жаңа критерийлерін ұсыну,диагностикалық сараптама жасау.

Мұғалімнің зерттеу іскерлігін меңгеруі өз іс-әрекетіне жаңаша қарап, оқу-тәрбие үрдісінеоң өзгерістер әкелуіне бағытталып, мұғалімнің жаңа әдіс-тәсілдері мен жаңа технологияны меңгеруіне жол салады. Білім берушінің ғылыми-зерттеу жұмысы мектептің оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру құралына айналады.Педагогикалық ұжымда тек бір ғана мұғалім ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыспай, әрбір мұғалім, яғни тұтастай педагогикалық ұжым өзекті мәселе төңірегінде (мектептің өзекті проблемасына сәйкес) ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқаны орынды. Ғалым Г.Б.Омарова «Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысы –мектептің оқу – тәрбие үрдісін жетілдіру құралы» ғылыми еңбегінде мектептің педагогикалық ұжымының ғылыми-зерттеу жұмысына даярлаудың нобайын ұсынады. Автор мектептің педагогикалық ұжымын ғылыми-зерттеу жұмысына даярлауды қалыптастыру критерийлерінің ең бастыларына мұғалімнің (ұжымның) ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне деген құлшынысын (ынтасын), зерттеу обьектісі бойынша теориялық білім қорын ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруін жатқызады.

Қазіргі кезеңде әрбір мектеп, әрбір педагогикалық ұжымда оқу тәрбие үрдісін жетілдіру, жаңарту бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде.Қазақстандық көрнекті ғалым Н.Д.Хмель «Мұғалімді кәсіби даярлаудың теориялық негізі» атты монографияда мұғалімді кәсіби даярлаудың негізін жүйелейді. Н.Д.Хмельдің пікірінше «Даярлау іс-әрекеттің мотивациялық, мазмұндық және процессуальдық компоненттерінің ажырамас бірлігі, өйткені мамандықты иеленген кез келген адам іс-әрекеттің 3 аспектісімен: психологиялық, ғылыми-теориялық және практикалық (технологиялық) кездеседі» деп ерекше атап айтады.

Аталған ғалымдардың ғылыми-зерттеулерін зерделей келе мұғалімнің иновациялық даярлығы деп мотивациялық, мазмұндық, процессуальдық компоненттерінен тұратын ғылыми-зерттеу іс-әрекетін меңгеру екендігіне көзімізді жеткіздік. Педагогикалық іс-әрекеттік мотивациялық компоненті деп мұғалімнің зерттеу іс-әрекетіне құнды бағыттылығының болуын, ғылыми-зерттеу жұмыстарына оң көзқарастырының болуын, біртұтас педагогикалық үрдістің тиімділігін арттыруда ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттілігін, маңыздылығын түсінуін айтамыз. Педагогикалық іс-әрекеттің маңызды компоненттеріне мұғалімнің педагогикалық әдістемесі мен педагогикалық зерттеу әдістері бойынша білімінің болуын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттілігін,маңыздылығын түсінуін айтамыз. Педагогикалық іс-әрекеттің маңызды компонентіне мұғалімнің педагогика әдістемесі мен педагогикалық зерттеу әдістері бойынша білімнің болуын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттілігін, маңыздылығын түсінуін айтамыз. Педагогикалық іс-әрекеттің маңызды компонентіне мұғалімнің педагогикалық әдістемесі мен педагогикалық зерттеу әдістері бойынша білімінің болуын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының ерекшеліктерін білу, оны тиімді ұйымдастыра алу, ғылыми-зерттеу жұмысында және өзінің іс-әрекетінде педагогикалық үрдіс зерттеу обьектсі екендігін ұғу және т.б. жатады. Педагогикалық іс-әрекеттің процессуальды компонентіне ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізе алу іскерлігі, тұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы, педагогикалық іс-әрекетті жүргізудегі оң тәжірибені жүйелей алуын жатқызуға болады.

Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бағытында мұғалімді кәсіби даярлау деп ғылыми-зерттеу жұмыстарына, жаңалыққа, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге құлшыныс білдіретін, тұтас педагогикалық үрдістің мағынасын түсінетін, педагогика әдіснамасы мен пәнді оқыту әдіснамасын меңгерген, оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыратын иновациялық технологияны өз тәжірибесінде ұтымды пайдаланатын білімдер жүйесін меңгеруін айтамыз.

Қазір Республикамызда 12 жылдық мектепке арналған жаңа буын төл оқулықтарымыз, электрондық оқулқтар, әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар, нұсқаулар дайындалуда. 12 жылдыққа көшу барысында осындай жаңа оқулықтармен жұмыс жасай алатын болашық мұғалімдерді дайындауда жоғарыда айтылған, ғалымдардың ұсынған ғылцыми тұжырымдарының берері көп болмақ. Бүгінгі таңда білім берудің мақсатының өзгеруі, оқу пәндерінің мазмұнын жаңашылдық тұрғысынан жетілдіру оқу үрдісінде инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану қажеттілігін тудырады.

Ғалым К.Ж. Бызаубақова мектеп мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық даярлығын қамтамасыз ететін барлық оқу пәндері үшін оқу үрдісін жобалаудың бірегей алгоритмі жаңа оқу мақсатын құрып, соған сәйкес оқу пәндерінің жаңа мазмұнын, оқутыдың жаңа технологиясын жасауды көздеп, оқу үрдісін жобалау алгоритмін төмендегідей ұсынады: оқу пәндерінің мақсатын жоболау, оқытудың педагогикалық технологияларын жобалау, оқу үрдісінде педагогикалық технологияларды пайдалану, оқу пәндерінің оқу-әдістемелік кешендерін жасау.

Негізінен орта мектеп мұғалімдерінің педагогикалық қызметі кәсіби даярлығын жетілдіру жеке тұлғаның өзін-өзі көрсете білу және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу дәрежесімен өлшенеді. Осыны басшылыққа ала отырып К.Ж. Бызаубақова инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде жоғары сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесін жасаған.Ғалым К.Ж. Бызаубақова ұсынған педагогикалық жүйесін жоғары оқу орнының практикасына енгізер болсақ, инновациялық педагогикалық технологияларды бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау үрдісінде пайдалану кәсіби білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, орта мектептегі зерттеу жұмысының мазмұны – мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияны меңгеруі мен оны өз іс-тәжірибесіне пайдалана алуына қажетті білім, білік, дағдыны игеруі. Мұғалімнің инновациялық даярлығы оның инновациялық білімді меңгеруімен бағаланады. Инновациялық білім жаңа педагогикалық технологиялар, білім беру технологиялыры мен оқыту технологияларының жаңа бағыттар бойынша білімдер жүйесі және психология мен педагогика ғылымдарының барлық жаңа ізденістері бойынша білім жиынтығы болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет