Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет527/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың бесінші тетігі (механизмі) –мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі). Бүгінгі білім беру жүйесінде қазақстандық мынадай мектептер бар. Олар: жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицей, дарынды балаларға арналған мектептер, Назарбаевтың зияткерлік мектебі (НЗМ) т.б. Алтыншы тетігі (механизмі) – барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы. Бұл мәселедегі жүзеге асырылатын жұмыс – мектеп пен жоғары оқу орындары, түрлі ғылыми зерттеу орталықтары мақсатты түрде келісімшартқа отырып, оқушылардың мамандық таңдауда, ғылыми жұмыстар, жобалар жасауда әріптестік қарым-қатынас орнатып отыру екі жаққа да тиімді болмақ.

Функционалдық сауаттылықтың жетінші механизмі – ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ананың бала тәрбиелеуде функционалдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады.

Қорыта келе, Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында құрылған бес жылдық Ұлттық жоспардың құндылығымен қатар, бұл функционалдық сауаттылық мәселесінің алаш арыстарының да ой-тұжырымдарынан қағыс қалмағандығын жұртшылық назарына ұсыну болды. Сондықтан да функционалдық сауаттылыққа байланысты атқарылар іс-шараларда алаш арыстарының ұлт болашағы, оның сауатты, білімді, рухани дүниесі бай, ұлтжанды азамат тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары үнемі басшылыққа алынуы қажет.

Әдебиеттер


  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан –2030: барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. –Алматы: Білім, 1997. –17б.

  2. Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңы (баптары бойынша түсіндірмелерімен) және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. – Алматы, 2006.–97б.

  3. Кобдикова Ж.У. Оқытудың процесін технологияландыру. –Алматы, Ақжелкен мектебі, 2000. –32б.

  4. Оразахынова Н.А. Қазақ тілі (сөз мәдениеті). Жаратылыстану-математика бағытының 10-сыныбына арналған оқулық. –Алматы: Мектеп, 2006. – 235 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет