Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет622/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   618   619   620   621   622   623   624   625   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Литература

  1. Барабанова В.В. Представление студентов о будущем как аспект их личностного и профессионального самоопределения // Психологическая наука и образование.-2002.-№2.-С.28-42.

  2. Маркова А.К. Психология профессионализма. – М.: Междунар. гуманит. фонд «Знание», 2006. – 326с.

  3. Митина Л.М. Психология развития конкурентоспособной личности. - М.: МПСИ; Воронеж: МОДЭК, 2002.-400 с.



БАҒАЛАУ – ОҚУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ
Муратова А.Т. (Ақтөбе)
«Өзіңді - өзің тану- даңалықтың бірінші шарты».

К. Маркс
Қазақта жетіні қасиетті санға теңесе, мен үшін де осы бағдарлама мазмұнындағы жеті модульдің қасиеті ерекше болды. Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппін. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, дегенмен білім беру саласында сапалы өзгерістер болуда, оқытудың мақсаттары ауысуда. Әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Осы 7 модульді апарып сабақтарымда қолданған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасы мен оқу үрдісіне қатысы бойынша орын алған өзгерістерге, соның ішінде оқытуды бағалау және оқыту үшін бағалау модуліне тоқталғым келді ...Бағалау оқыту үдерісінде және әр мұғалімнің қолындағы маңызды да әсерлі құрал екендігі рас.Ол бізге тек қана оқушының білім деңгейі мен жетістіктері туралы ақпарат беріп қана қоймайды, оқушылармен кері байланыс орнату құралы болып табылады. Бағалаудың мақсатына қарай оның бірнеше түрлері бар. Олар: формативтік бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесін өзгертуге әкеледі. Бір мұғалім оқытса да, оқушылардың білім игеру деңгейлері әр-түрлі болып табылады. Әр оқушының мұғалімді түсінуі мен тақырыпты қабылдауы әр-түрлі, сол себепті жетістіктері де бірдей емес. Таным үрдісін де бала өзін әр-түрлі бағалайды. Оқуға қиындық туғанда оқушының білімге деген құштарлығы азаяды, оқысы келмейді, яғни мотивациясы төмендейді. Сондықтан да жеке тұлғаға бағытталған оқыту мен оқушыларды бағалаудың жаңа әдістері «Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау»" модулі біз үшін жаңалық болмаса да, осы курс нәтижесінде бағалауға деген мүлдем жаңа көзқарас қалыптасты десем қателеспеймін.

Тәжірибемде өткізген сабақтарымда бағалаудың түрлері туралы оқушыларға түсінік бердім. Сабақ барысында қолданған бағалауымның басым көпшілігі қалыптастырушы бағалау болды. Сол қолданған әдіс- тәсілдермен оң нәтиже берді, себебі оқушылар әр кезең сайын берілген тапсырмаларды мұқият орындауға тырысты.

Оқушылардың көпшілігі бағалау туралы жағымсыз пікірлерін жою үшін ең алдымен олармен бағалау туралы әңгіме жүргіздім. Сонда мен олардың жаман баға алғанда жағымсыз сезімде болатынын және бағаға қатысты қиындықтары бар екенін байқадым. Сондықтан оқушылардың бағалауға ынтасын арттыру үшін оны қызықты етіп жасауға тырыстым. Мысалы, топтық жұмыстарды орындағанда әр топтық жұмыс нәтижелері қорытындылана отырып, оқушылар бір-біріне екі жұлдыз, бір тілек арқылы алдымен екі жақсы жақтарын және кемшілігін алдағы уақытта түзеу мақсатында ұсыныс түрінде айта алды. Одан басқа жетістігін атап өтіп, ынталандыру мақсатында үш шапалақ, от шашу, мадақтау да қолданылды. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет екендігін түсіндім.

Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенің жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды [1,59 бет]

«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» модулін өз сабақтар топтамасына кіріктірген кездегі қойған мақсатым: оқушылардың тиімді кері байланыс жасай алуына, және критерийлерді өздері де құра алатынына әсер ету, өз жұмысының бағалауына модерация тәсілімен түсінік бере отырып, талдау жасай алуына және де бағалау нәтижесін ескере отырып, өз жұмысына түзету енгізе алу.

Оқушылардың өздерін –өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінгендігі де мен үшін әрі қарай жұмыс жасауға көмекші болды.

(Нұсқаулық,59-бет)

Алғашқыда бағалау кезінде оқушылардың кейбіреуі өздеріне бағаны артық қойып, ал енді біреулері бұрынғы менің қойған бағамды қойып отырды. Кейінгі сабақтарда бағалаудың негізгі мақсатын анық түсіндіргеннен кейін олардың алдында жауапкершілік пайда болды.

Оқыту үшін бағалау модулін жүзеге асыруда қолданған стратегияларымның бірі –топтарда өзара бағалау. Мұнда оқушылар топтағы жауаптарымен өзара түсіндіріп, «үздік жауаптың» топтық идеясын шығарды. Одан кейін үлгі бойынша жұмыстарын тексеруде оқушылар табыстылық өлшемдеріне қатысты өз жұмысын бағалады, содан соң жұмыстарын алмастырып жұптарда өзара жауап үлгілерімен бағалауды іске асырды. Өз сыныптасының жұмысын бағалау үрдісінің мұғалім жүргізген бағалаумен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар.

Оқушылардың топтық жұмыстарын бағалауда оқыту үшін бағалау модулін жүзеге асыруда қолданған стратегияларымның бірі- топтарда өзара бағалау. Мұнда оқушылар топтағы жауаптарымен өзара түсіндіріп, «үздік жауаптың» топтық идеясын шығарды. Одан кейін оқушыларға жауап үлгілері ұсынылып, олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырды. Ендігі бір сабағым «қарым- қатынас мәдениет» тақырыбын бойынша қызығушылықты оятуда оқулықта берілген сұрақтарды блум таксаномиясы бойынша жоғары деңгейден төменге қарай сұрақтар берілді. Сонда оқушылар өз пікірін айтуға, басқаның пікірін тыңдап, сыйластықпен қоршаған ортамен қарым- қатынастың не екенін қарауға үйренді, топтарды бағдаршам тәсілі арқылы бағалады. Онда оқушылар бағдаршам түстері арқылы аяқтау берілді.Осы тапсырмада топтарды бағдаршам тәсілі арқылы бағаладым. Онда оқушылар бағдаршам түстері арқылы қолындағы дөңгелектерді көтере отырып, тапсырманы қандай деңгейде орындағандарын түсініп білдіре алды.Ол өз кезегінде сабақта кері байланысты жүзеге асыруға тиімді тәсіл болды.

Өзара бағалауды қолдануда, мұғалім оқушылар орындайтын жұмысты қарауы және оған қатысты түсінік беруі керек, бірақ кейбір мәселелер үшін өзара бағалауды мұғалім жұмысты тексергенге дейін өткізуге болады әр топ өз бағалаушыларын сайлады. Сабақ арасында «Ойлан тап» тапсырмасының шартын түсіндіріп,оқушылар бағалаудың критерилерін қойды:

Бағалау критерийлері:

1. Валенттіліктің дұрыс қойылуы, жоғарғы ұпай-5, төменгі ұпай-2.

2. Формуланың дұрыс құрылуы; жоғарғы ұпай-5, төменгі ұпай-2.

3.Иондық реакциялардың дұрыс жазылуы; жоғарғы ұпай-5, төменгі ұпай-2.

4.Қысқартылған реакциялардың дұрыс жазылуы: жоғарғы ұпай-5, төменгі ұпай-2.

Өзара бағалауды қолдануда, мұғалім оқушылар орындайтын жұмысты қарауы және оған қатысты түсінік беруі керек, бірақ кейбір мәселелер үшін өзара бағалауды мұғалім жұмысты тексергенге дейін өткізуге болады, немесе кейбір жағдайларда өзара бағалауды мұғалімнің баға қоюының орнына қолдануға болады.

Әр сабақты ұйымдастыруда оның негізгі бөлігі болып есептелінетін бағалау түрін алайық. Формативті бағалауды сабақта пайдаланғанда мен осы жүйенің негізгі стратегияларын басшылыққа алдым:

- алдағы мақсатты айқындау, тапсырма бойынша критерийлер құрастыруды үйрету

- оқушы мен оқушы арасындағы мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету

- оқушыларды өзін-өзі бағалауға үйрету

- сабақты ұйымдастыру кезінде әр бір уақыт белгілі бір сапаны арттыру амалын қолдану

- оқушыларды өзін-өзі бағалауға ынталандырып, сенімін арттыру [1,7.11.2012ж]

Сабақта «оқыту үшін бағалаудың» әдістерін пайдаланып, оқушыларды ынталандыру мақсатында оқушылармен бірлесе отырып мынадай бағыттарда: сұрақтардың тиімді қойылуы, өзін-өзі бағалау, критерийлерді құрастыру және талдау, кері байланысты қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргіздім.

Менің көздеген мақсатым оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалауды жүзеге асыру болғандықтан оқушыларды сабақта жұппен, 4 адамнан құралған топпен жұмыс істеуге және жұмыс нәтижесін өздеріне бағалатуға бағыттадым. Мысалы, үй тапсырмасын тексеру үшін топпен жұмыс жасаған тиімдірек болды. Топпен жұмыс істегенде барлық балалар есеп шығаруға, талдауға ат салысып, бір-бірінің қатесін тез табуға тырысты. Балалардың белсенділігі артты. Сыныптағы мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың өздерінің арасындағы ынтымақтастық олардың сабаққа деген ынтасының артуына ықпалын тигізді. Топпен жұмыс ұйымдастыру сыныпта қарастырылатын тапсырмалардың санын ұлғайтуға болатынын көрсетті. Әдетте тақтағы бір оқушы шығып, бір тапсырманы орындап, оны мұғалім тексеріп талдайтын болса, мұнда әр топқа 2-3 тапсырма таратылып, әрбір топ өз жұмыстарын постерге жазып, талдау жүргізді. Оқушылар қателерін тауып, сын- ескертпелер де айтып үлгерді. Мұндай жалпы талдаулар оқушыларға көп жағдайда қиын деген проблемаларды жеңілдетуге мүмкін екендігін көрсетіп берді. Бұл оқушыларға ұнаған сәттердің бірі екендігін атап өтуге болады. Мұнда олар өздері қойған бағаларына түсініктеме беріп, толық негіздеуге тырысты. Бұл формативті бағалау кезінде қолданылатын бағалау кезінде қолданылатын бағалау критерийлерін анықтағандардың белгісі болды, Бағаланған топ бағалаушылар берген бағамен келісетін, келіспейтіндерін айтып, кері байланыста болды. Негізінен берілген бағамен келіспейтін жағдайлар болмады. Оқушылардың өздерін бағалауы және оны қабылдауы шынайы түрде болды. Бағалау аяқталғанда олардың өздеріне ризашылығы қуанышпен қол соғып, шаттанғанынан көрінді. Әрине, мұғалім тарапынан да оқушыны формативті бағалау әр-түрлі көріністе жүзеге асырылды: оқушылардың жетістігін мадақтау, қателескен оқушыны демеп жіберу,оқшау қалған баланың арқасынан қағып белсендіру, мақтау, мадақтау арқылы "Сен мына есепті өте жақсы шығардың", "Сен дұрыстап ойлансаң, бұл есепті өзің де шығара аласың", "Достарыңа сенің көмегің қажет", "Сәл ғана ойлан, сенің білімің жеткілікті", "Жауабын ерекше болды, көпке үлгі боларлықтай және көптің көкейінен шығатындай ой тастадың" деп жылы шырай таныту, ынталандыру, және қолдау көрсетемін. Сабақта мұғалім аз сөйлеп, негізінен оқушылар белсенділік танытты.

Өз білімін бағалау мақсатында оқушылар бірнеше тәсілді ұсынды. Оқушының сабақты қалай түсінгенін білу үшін формативті бағалауды өзін – өзі бағалауды қолдану. Сабақты оқушының қалай түсінгенін бағалау үшін осы тақырыпқа қатысты есеп беріліп, есепті оқушы жеке өзі шығаруы қажет, есеп шығарылып болғаннан кейін әрине есептің дұрыстығын бағалау қажет. Есептің шығару жолының дұрыстығын қалай бағалаймыз деген сұраққа жауап іздейді. Бағалау өлщемін құру керек деген келісімге келіп, әр топ өзінің бағалау өлшемдерін құрады. Құрылған өлшем бойынша есепті бағалау арқылы есеп шығару жолдарын үйренеді. Бағалау парағы берілген тапсырмалардың күрделілігіне байланысты ұпай санымен белгілеуді жөн көрді.

Өзін-өзі бағалау парағы



Аты-жөні

Тапсырма № 1

Тапсырма №2

Тапсырма №3

Тапсырма №4

Жалпы балл

1.



















2.



















3.



















4.



















Жаңа тәсілдер қолдану арқылы ұйымдастырылған сабақтарда жетістіктермен қатар орын алған келесі кемшіліктерді атап айтуға болады: уақыт барынша тиімді пайдаланылмады, топтарға бөлінгенде оқушылар бірін –бірі іздеуге көп уақыт жіберді, шулаған кездер болды (оқушылардың мұндай тәсілдерге бұрыннан икемделмегендігінен болуы да мүмкін).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   618   619   620   621   622   623   624   625   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет