Оқытудағы интербелсенді әдістердің жіктелуін М. Новиктің кестесіне сәйкес көрсетіңіз Қабылдаған: Кәрімжан Т. М



бет4/4
Дата15.12.2023
өлшемі3,83 Mb.
#138239
1   2   3   4
Аквариум әдісі
Оқушылардың қандай да болмасын проблеманы “көрермендерге ” немесе “ жұртшылық ” алдында диалог үрдісінде талдауға мүмкіншілік беретін тәсіл.
Шағын топ ішінде ( 4-6 адам) оқушылар проблеманы шешу жолын талқылайды.Топ ішіндегі оқушылар ортақ шешім шығаруға тырысады.Қалға оқушылар көрермендер сияқты жаңағы топты қаумалай қоршап тұрады: олар топ ішіндегі оқушылардың проблеманы қалай шешетіндігіне, диалог құруына көңіл қояды. Алайда олар диалогқа араласа алмайды, тек бақылаушы рөлін атқарады.
Шағын топтағы оқушылар осылайша сырт назарында болады:олар құдды аквариум ішінде отырған сияқты.
Бұл тәсіл оқушыларға қарым-қатынас құруға , өз ойларын дәлелдеуге, талдап, қорытындылауға мүмкіндік береді.
Жигсо әдісі
Көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды оқушылардың өздігімен игеруге және бірін-бірі оқытуға бағытталған тиімді тәсіл.
“Жигсо” деп XX ғасырдың елуінші жылдары балаларға арналып шыққан құрастырмалы ойыншықты атаған: әр бөлігін өз орныныа қойғанда ғана ойыншық бүтін болып шыққан.Бұл тәсілдің басқаша да атаулары кездесуі мүмкін. Мәселен, Ресейде шығатын әдістемемлік және дидактикалық әдебиетте оны “Зигзаг”, “Ажурная рила”, “Мозайка” деп те атайды.
Бестармақ әдісі (Синквин)
Ойды тиянақтап, өзіндік түсінікті нақты сөздермен келтіруге мүмкіндік беретін тәсіл.Бұл тәсілде оқушылар өз ойын қорытындылау үшін тек 11 сөзді қолдануы керек.Бұл тәсіл бес жолдан тұрады, әрбір жол саны және сөз таптары белгіленген сөздерден құралуы керек. Бестармақты жиі бес жады өлең деп те атайды.
Бестармақтың құрамы:
1-ші жол зат есім;
2-ші жол 2 сын есімнен тұруы керек;
3-ші тармақ 3 етістіктен тұруы шарт;
4-ші жол 4 сөзден тұратын сөйлем;
5-ші жол бастапқы зат есімге синоним сөз.
Жұбыңды тап!
Әр оқушының арқасына түйреуішпен А-4 форматындағы қағаз бекіледі.Қағаздарда сыңарлары бар ертегі немесе әдеби кейіпкерлердің бір есімі жазылады.Мысалы,Алпамыс немесе гүлбаршын,Қобыланды немесе Құртқа,Ер Тарғын немесе Назым,
Айман немесе Шолпан,Естай нмесе Қорлан,Асан немесе Үсен , Ербол немесе Меңтай т.б
Оқушылар сынып ішін аралап жүріп ,өз жұптарын табуға тырысады.Әр оқушы басқаларға сұрақ қою арқылы жұптарын тауып, бір партаға отырады.
Қорытынды:
Интербелсенді оқу/оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде танылады. Сондықтан да интербелсенді оқу/оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағаланады, әрекет арқылы үйрету есте сақтауға көп мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
  • ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ Н.А.Тойбазарова Оқу құралы. НҰРСҰЛТАН – 2019ж.
  • Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы. – Астана: 2014ж. – 188бет.
  • Биологиядан білім беру концепсиясы және оқытудың инновациялық әдістемелері.Оқу құралы Алматы «Қазақ университеті» 2016ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет