Оқытудағы интербелсенді әдістердің жіктелуін М. Новиктің кестесіне сәйкес көрсетіңіз Қабылдаған: Кәрімжан Т. М



бет3/4
Дата15.12.2023
өлшемі3,83 Mb.
#138239
1   2   3   4
Байланысты:
Инновация 9апта 1божы

Имитациялық ойындар
 Имитациялық ойын дегеніміз адамдардың қалыптан тыс (экстремалды) жағдайлардағы әрекеттерін анықтайтын өмір сүру ортасының үлгісін (моделін) құру. Мұндай жағдайлар қатарына «Жанжал», «Әуе апаты», «Жер сілкінісі» , «Кеме апаты», «Робинзон», «Жау тылында», «Тұтқында» секілді оқиғаларды жатқызуға болады.
Имитациялық ойындарда студенттер өмірде тууы мүмкін оқыс жағдайларды қайталап (имитациялап), шаруашылық, басқару, әлеуметтік, психологиялық шешімдерді қабылдауды үйренеді. Бұл ойындар қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: пікірталас, келіссөз жүргізу, презентациялау, бірлесе әрекеттесу.Имитациялық ойын түрлері:Кейс-стади әдісі
Кейс-стади әдісі
Сase-study - таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс. Ол нақты ситуацияларды (жағдаяттарды) практикалық тұрғыдан талдау мен оларды өмірде кезігетін түрінде қайталауға, «ойнап» шығуға негізделеді. Сол себепті де кейс-стадиді кейде «нақты оқу ситуациялар әдісі» деп те атайды.
Ағылшын тілінен аударғанда, «кейс» сөзі «жағдай», «оқиға» дегенді білдіреді (бұл жерде оны «қапшық», «сөмке», «шабадан» деп аударудың қисыны жоқ). Сонда «кейс» деген сөз біздің ұғымымызда жағдаятты (ситуацияны) сипаттауды, суреттеуді білдіреді. Ол қандай да бір субъектің (мәселен, фирма, кәсіпорын, ұйым, аймақ, т.б.) тарихын (пайда болуы мен өсуі) және даму нәтижелерін сипаттайды. Ал кейс-стади дегеніміз – кейстерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын сабақтың нысаны (формасы).
Кейс-стадидің басты қағидасы «Ақиқатты іздену - ақиқаттың өзінен де маңызды» деп тұжырымдауға болады, өйткені бұл әдіс оқу/үйренуді іздену процесі ретінде қарастырады: оның негізін проблема шешу деп танып, талқылау мен пікірталасты, шешім қабылдауды оның басты құралдары қатарына жатқызады.
Тренингтің түрлері:
Кластер әдісі
Кластерлер (“жүзімнің шоқтары” деген мағынада қолданылған)-идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер.
Негізгі тақырып(тірек сөз, басты идея) тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, студенттер оларды бір – біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді.
Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап ізденеді.Әдетте кластерлер оқушылардың жеке орындалуынан бастап, одан кейінгі жұмыс жұпта немесе шағын топта жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет