Пікірталастың түрлері: Диспут (лат.disputare-пайымдау пікірталасы)- ғылыми, әдеби әлеуметтік т.б тақырыптар бойынша көпшілік алдында жария түрде өтетін пікірталас,белгілі бір мәселені талқылаудың ұтымды жолы.Оқу – әдістемелік тұрғыдан жастардың дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізеді.Диспут жоғары ,орта, арнаулы оқу орындарында әдістемелік тәсіл ретінде қолданылады.
Рөлдік ойындарды ұйымдастыру:
Іскерлік оқу ойындары Іскерлік оқу ойындарында оқушылар қандайда бір сценарий ауқымында рөлдерді өзара бөлісіп,зерттеу жұмыстарын жүргізіп және деректерді талдау арқылы нақты практикалық мәселелерді бірлесе отырып шешеді.Оқу ойындарының сценарийлері тақырып ауқымында болып, күрделі мәселелерді ойын тұрғысынан , “ойнап” шешуге бағытталады. Оқу ойындарында бірінші кезекте оқушылардың қиял мен фантазиясына жол ашу керек.Бұл әсіресе саяхат ойындарында сәтті түрде жүзеге асырылады.Оқушылар саяхат ойындарында көркем шығармалар мен кітаптар,тарихи оқиғалар, аңыздар, карталар, құжаттар бойынша тарихи, географиялық,өлкетанушылық,ғылыми “экспедицияларды” ұйымдастырып, ситуация құрастырады.Мәселен, “Отырар , 1219 жыл”, “Түркістанға саяхат”, “ Кенасары әскерінің ізімен” т.б Блиц оқу ойындары
Блиц оқу ойындары - қысқа мерзімді шағын ойындар, олар студенттердің нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.
Блиц ойындарда студенттерге ойынның жалпы нобайы мен тапсырмалары ғана беріліп, студенттер оларды өздігімен ойнап шығуы керек. Мұнда да «Ойыннан кейін» кезеңі ерекше маңызды рөл атқарады, өйткені осы уақытта студенттер ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп, ой-толғаныстарын жазбаша түрде келтіреді. Блиц оқу ойындарының мысалдары: “Шындық детекторы”, “Фотолар”, “Интервью”, “Таңдау” т,б
Өндірістік ойындар Бұл әдіс ойынға қатысушылардың сан қилы (кейде тіпті бір-біріне қарама-қарсы) мүдделерін тоғыстырып, ойын аяқталғаннан кейін қатысушылардың барлығын қанағаттандыратын шешім қабылдауды қажет етеді. Өндірістік ойындар әлеуметтік немесе экономикалық сипаттағы нақты бір жағдайды (ситуацияны) шешуде үйренушілердің өзара әрекеттесуін қалыптастырады (имитациялайды, модельдейді). Басты мақсаты – қойылған кәсіби мәселені (проблеманы) шешу, сол себепті де олар тиімді әрі нәтижелі шешім келтіру тұрғысынан бәсекеге түседі, жарысады. Демек, өндірістік ойын дегеніміз сабақ аумағындағы кәсіпқойлардың (кәсіпкерлердің) жарысы.