Оқытудың әдіснамасы мен инновациялық технологиялары және жаңартылған білім бағдарламалары.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі - оқу үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Ақпараттық технологияларды сабақта қолданудың негізгі мақсаты: біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны қолдану, әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру. Бұл турасында Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп көрсетілген. Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесін инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Осыған сәйкес сабақ үдерісінде жаңа ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу, жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік ролін сезінетін, өздігінен дамуға ұмтылатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру- бүгінгі ұстаздардың алдында тұрған міндет.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асыруда негізгі құрал компьютер болып табылады. Компьютер - білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл студенттерге өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол үшін оқытушы өткізетін сабағында студенттің сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беруі керек. Бұл мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.
Жаңа ақпарттық технологияны сабақта пайдаланудың тиімділігі студенттердің еркін ойлауына мүмкіндік береді, ақыл - ойын дамытады, шығармашылық белсендігін арттырады, ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді; жан - жақты ізденушілігін арттырады.
Заманауи ақпараттық құралдармен және инновациялық әдістермен жұмыс істеу студенттерді ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Оқытудың инновациялық әдістері мен ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс- әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты- коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Қазіргі кезде сабақтарды ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Мұнда компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык және математикалық формулалар, физикалык және математикалық шамалар, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі және т.б. жатқызуға болады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, студенттердің шығармашылык, интеллектуалдык қабілеттерінің дамуына, өз білімдерін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.
Ақпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі - жаңа материалды баяндауда, үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргізу барысында, баяндалған материалды бекіту және т.б. мақсаттарда компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта информатика, математика, физика пәндерінен сабақ өткізуді әртүрлі әдістермен кіріктірілген сабақ ретінде жүргізуге болады. Оқу - тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс- тәсілдерінің тиімдісін таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.
Сабақта студенттердің өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын дамыту, орындаған тапсырмаларының дұрыстығын өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа ақпараттық технологиялық әдістерді кеңінен қолдану өте қажет. Осы тұрғыда сабақты пәнаралық байланыс арқылы өткізу үлкен мәнге ие болады. Себебі, пәнаралық байланыстың міндеті - студенттің бір пәннен меңгерген білім іскерлігін, дағдыларын екінші жақын пәндерде орынды қолдана білу, соған ойлау қабілетін салыстыру, өз бетінше жете білу. Осы орайда математиканы, физиканы информатика пәнімен байланыстыруға болады. Соның бір айғағы физика сабағында зертханалық жұмыстарды компьютер арқылы виртуальды лаборатория түрінде өткізіп, алынған нәтижелерді компьютерде арнайы бағдарламамен статистикалық талдап, нәтижесін график немесе диаграмма түрінде көрсетуге болады. Оқытудың әдіс - тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Студенттерге терең білім беру үшін оқытушы пәнді жетік меңгеріп, оны студенттерге ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет, олардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын білуі абзал, ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс.
Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету. Инновациялық процессіз жоғарғы оқу орнының дамуы мүмкін емес.
Белгілі ғалым Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
білім мазмұнындағы инновация;
оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы,түрі,әдістері және құралдарындағы инновация;
оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
жоғарғы оқу орындағы басқару жүйесіндегі инновация;
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:
жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
модульдық ( бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей студенттермен жүргізілетін оқу–тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
жүйелі: барлық оқу орындарында болатын өзгерістер.
Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Инновациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай оқу орындарының жұмысын дамытатын, оқу өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір оқытушы өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде өзгереді.
Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу төрт кезеңнен тұрады.
1. Жаңа идеяны іздеу.Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
2. Жаңалықтарды ұйымдастыру.
3.Жаңалықтарды енгізу.Оқу –тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.
4.Жаңалықтарды бекіту.
Жоғарғы оқу орындарындағы білім сапасын арттыру үшін:
Сабақта интерактивті әдістерді қолдану;
Әр студенттің психологиялық ерекшеліктерін ескеру,
Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;
Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, оқу орны жағдайына бейімдеу;
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы,түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Инновациялық технологиялар:
Жобалау технологиясы;
Саралап даралап оқыту;
Дамыта оқыту технологиясы;
Модульдік оқыту технологиясы;
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
Сатылай кешенді талдау;
Деңгейлеп оқыту технологиясы.
Инновациялық технология нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2. Студенттердің барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай алуға болады.
4. Студенттердің көбін бағалауға мүмкіндік бар.
5. Студенттерді ізденіске баулып,өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді
6.Студенттердің қабілеттері, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану оқытушыларды шеберлік жағынан шыңдайтынын дау тудырмайды.
Жаңа технологияларды енгізу кезінде оқытушы келесі іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыра алуы қажет:
1. Оқытушы жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді.
2. Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
3. Жаңа технология қолдану арқылы алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
4. Жаңа технологияда оқытушы қолданатын әдіс-тәсілдерді.
5. Студенттердің жұмыс әдісін.
6. Студенттердің жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін білу керек.
Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарлама бойынша өз білімін жетілдіру биылғы оқу жылында әрбір бастауыш сынып мұғалімінің алға қойған мақсаты болып отыр.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.
Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар ұрпағын білімді, мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығару оқытушылар алдындағы міндет болып табылады. Сондықтан қазіргі білім берудің ұлттық моделіне өту- оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс- тәсілдерін игеруді қажет етеді. Жаңа инновациялық іс-әрекетпен қаруланған психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл оқытушы ғана мақсатқа жете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |