Дискретті кездейсоқ шаманың орташа квадраттық ауытқуы
Дискетті кездейсоқ шаманың математикалық күтуі және оның қасиеттері Кездейсоқ дискретті Х шаманың математикалық күтуі дегеніміз, оның барлық мүмкін мәндерімен оларға сәйкес ықтималдықтарын көбейтіндісінің қосындысын айтамыз. Х шаманың математикалық күтуін М(х) деп белгіленеді. Дискретті кездейсоқ Х шаманың қабылдайтын мәндері ал оларға сәйкес ықтималдықтарын болсын сонда немесе
Мысалы. Кездейсоқ Х шаманың үлестірім заңы
х
3
5
2
p
0,1
0,6
0,3
Кестесімен берілсін.
Дискретті Х шамасының математикалық күтуін табу керек. Шындығында, математикалық күтудің анықтамасы бойынша болатынын табамыз.
Егер дискретті кездейсоқ Х шамасы мәндерін ықтималдықтарымен қабылдаса, онда кездейсоқ Х шаманың математикалық күтуі қосындысымен анықталады.
Бұл жағдайда қатары абсолютті жинақты деп қаралады.
Тәуелсіз N сынау жүргізілсін, ал кездейсоқ Х шамасы, жиліктері болатын мәндерін қабылдайтын болсын. Сонда қосындысының арифметикалық ортасы төмендегідей түрде өрнектеледі:
Болғандықтан .
Ал кез келген оқиғаның салыстырмалы жиілігі сол оқиғаның ықтималдығына жуықша тең, яғни болғандықтан
Демек, .
Сонымен, кездейсоқ Х шаманың матемтикалық күтуі оның қабылдайтын барлық мәндерінің арифметикалық ортасына жуықша тең екен. Бұл математикалық күтудің ықтималдық мағынасы болып табылады.
Енді математикалық күтудің қасиеттерін көрсетейік.