Оқытудың жеке бағдарламасы- бұл белгілі уақыт арасында баланы оқытудың негізгі мәселелеріне жинақталған және нақтыланған, құрастырылған және арнайы үлгіде жазылған жоспар.Жеке білім беру бағдарламасы баланың жалпы білім беретін мектептегі жеке білім алу маршрутын жүзеге асырады. Жеке білім беру бағдарламасын (ИОП) мектептегі психологиялық-медико-педагогикалық консилиумның мамандары құрастырады. Жеке білім беру бағдарламасының міндетті компоненті ретінде, баланың қысқаша психологиялық-педагогикалық мінездемесі, түзетуші-дамытушы жұмыстың мақсаты мен міндеттері, бағдарламаның мазмұны, сонымен бірге баланың дайындығына қойылатын талаптар алынады, олар баланың психофизикалық дамуының құрамдастарының динамикасы деңгейінде, жеке оқу бағдарламасының мазмұнын жүзеге асырудың толыққандылығын бағалауға мүмкіндік береді.
3. Жеке білім беру бағдарламасының құрылымы келесі өзара байланысқан тараулардан тұрады:
мекеменің атауы көрсетілген бағдарламаның титул беті, бағдарламаның қызметі, жүзеге асыру мерзімі, бағдарламаның адрестігі (білім алушының тегі, аты, оқыған жылы), басшының бекіту грифі, ата-аналармен және мектептің ПМПК төрағасымен келісімі, маманды атап көрсету;
түсіндірме хат, онда қажетті дәрежеде қалыптаспаған, қалыптасқан біліктер мен дағдылардың тізімі бар, баланың қысқаша психологиялықпедагогикалық мінездемесі, жеке білім беру бағдарламасының құрылымы, оның мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі; - жеке оқу жоспары.
Жеке оқу бағдарламасының мазмұнына үш негізгі блок енеді:
білім беру компоненті;
коррекциялық компонент, оның аясында білім алушылардың қамтамасыз ету мамандарымен (логопед-мұғалім, дефектолог-мұғалім, педагогпсихолог, әлеуметтік педагог, медициналық қызметкер) түзету жұмысының бағыттары, аталған жұмыстың тәсілдері, әдістері, формалары, ата-аналарға және мұғалімдерге мамандардың ұсыныстары баяндалады.
тәрбиелік компонент, ол білім алушылардың ата-аналарына арналған ұсыныстары бар сынып жетекшісінің бөлімін қамтиды; - білім алушылардың жетістіктерінің мониторингі, онда білім алушылардың психикалық және психологиялық даму көрсеткіштерінің динамикасы деңгейінде және түйінді құзырлылықтардың қалыптасу деңгейінде бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижелері нақты құрастырылады;
қорытынды және ұсыныстар, онда аралық диагностиканың нәтижелері және оқу жылының соңында, қорытынды психологиялық-медикопедагогикалық консилиумның аясында, аталған мәселені біртұтас талқылауда жеке бағдарламаны жүзеге асыру туралы қорытынды және түзетулер негізделіп енгізіледі.
Жеке білім беру бағдарламасы (жоспар) құрастыру аясында білім беру бағдарламасын бейімдеу бойынша мұғалімнің іс-әрекеті, жұмыстың келесі түрлерін қамтиды:
1.Педагогикалық диагностика;
2.Мүмкіндігі шектеулі балаларға белгілі бір оқу пәнін меңгеруде көмек берудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
3.Мүмкіндігі шектеулі баланың меңгеруі үшін міндетті, әмбебап оқу әрекеттерін, маңызды дидактикалық бірліктерді айқындау мақсатында, пән бойынша білім беру бағдарламасын талдау;
4.Пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, әрбір тақырыпта дидактикалық бірліктерді, әмбебап оқу әрекеттерін белгілеу, арнайы жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасындағы тақырыбымен немесе мазмұнымен салыстыру;
5.Мүмкіндігі шектеулі баланың аталған тақырыпты меңгерудің болжанатын деңгейіне сәйкес, белгілі бір тақырып бойынша сабақтың мақсаттары мен міндеттерін қою.
Жеке білім беру бағдарламасымен жұмыс істердің алдында, педагогтар әртүрлі мамандардың балаларды диагностикалау нәтижелерімен танысу аса қажет болады, ол келесі мәселелерді анықтау үшін қажет:
ерекше мұқтаждықтардың сипаты;
оқушылардың дамуының өзекті деңгейі;
баланың әлеуетті жеке мүмкіндіктері, «жақын даму аймағы».
Жоспардың құрылымы белгілі блок-сызба түрінде беріледі:
оқушының болашақ және өмірлік жоспарларына қатысты нәтижелерді анықтау;
жүргізілген кешенді бағалаудың қорытынды нәтижесі;