Отан...Атамекен ...Атажұрт...Тарих...Бұл қай құлаққа да асқақ естілер ұғымдар.Адам өмірге келіп,ес жиып,етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды.Біздің туған жеріміз Қазақстан Республикасы,осынау ұлан-ғайыр,шексіз де шетсіз тәуелсіз елде туып-өскенімізге аса қуаныштымын. Біздің Қазақстан-дүние бәйгесінде еңсесі биік ел.Қазақстанның болашақ жастары еңсесі биік мемлекетте өмір сүргеніне қуанып,мақтану керек.Егеменді елдің ұл-қыздары Қазақстанның еңсесін одан әрі биіктетуге өз үлестерін қосуға міндетті.Қазақстанның болашағы артуы үшін,біз өз тарихымызды ұмытпай,тілімізді шұбарландырмай,дінімізді сақтауымыз керек,-деп ойлаймын.Тек осы әдістермен дамытып қана қоймай ,бар күшімізді,білімімізді жаңа ой,керемет жоспарларымызды паш етуіміз керек.Қазір біз шынында да бақыттымыз,себебі біздің отанымыз,өз тіліміз,дініміз,желбіреген көк туымыз,керемет мағыналы елтаңбамыз,әнұранымыз бар. Сондықтан да біз тәуелсіз мемлекет деп аталамыз.Қазақта “Отаны бірдің-тілегі бір,жүрегі бір”деген жақсы сөз бар.Жүзі басқа болса да жүрегі бір,тілі басқа болса да тілегі бір,атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп,дүние жүзі мойындап отырған Қазақстан атты елміз.Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз-біздің байлығымыз,мақтанышымыз.Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін алаңдай алады.Қазақстан халқы –Ассамблея арқылы Қазақстандық патриотизм моделін өмірге келтіріп отырған халық ,оның айғағы-еліміздегі татулық пен келісімнің дүние жүзінің басқа елдеріне үлгі бола алғандығы.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Патриот болу – Қазақстан мемлекетін өз жүрегінде сақтау» деген сөздері терең ой салады. Өз елінің патриоты болу әрбір азаматтың парызы мен міндеті . Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім өз-өзінен қалыптаспайды, ол оқу-тәрбие үдерісінде мемлекеттік саясат негізінде жүргізілуі керектігін бүгінгі заманның өзі талап етіп отыр. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу. Адам баласының әрқайсысының өз өмір жолы болатыны тәрізді , кез-келген халықтың , қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі үдеріс. Әр ұрпақ өзінен бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғандықтан өз дәуірінің шыңырауына үн қосып , өз соқпағын іздейді. Әлем тарихында патриоттық тәрбие туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен . Менің пайымдауымша, патриоттық тәрбие сүйенетін негізгі ұғымдар – «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм». Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм дегеніміз – ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын адам бойына сіңіру. Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі ұлтымызды ұлылауға бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмытылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы ұлттық патриотизмді күшейте түседі.Ал Қазақстандық патриотизм - Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады.Ең бірінші әсер Тәуелсіздікке қол жеткізген аға, әпкелеріміздің ерліктері болса, туған жерге деген сүйіспеншілік, ерлік жасауға негіз болатын оқиғалар барлығы әдеби шығармаларда беріледі, әдебиетіміз тікелей тарихпен байланысты, ал тарихымыз біздің осы күнге жеткен қиын да , аңсаған жолымыз. М.Жұмабаевтың «Елдің елдігін сақтайтын- әдебиеті, тарихы, салт-дәстүрі» деген нақыл сөздері де бар . Ұлтжанды, Отанын сүйген патриоттар салт-дәстүрін, тілін , дінін жетік білген азаматтар болмақ. Қазіргі уақытта «Қазақстандық керемет» деген ұғым пайда болған. Ол тек бастамасы. Оған нағыз сай болу үшін жан-жақты дамуымыз керек. Қазақ – құдыреттілігі, имандылығы , адамгершілігі көзінен , жүрегінен көрініп тұрған, патриоттығы ішінде ұйып жатқан кең халық.Бұл келешек жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату өзекті мәселелердің бірі болуда. Осы Қазақстанның азаматы мен азаматшалары еліміздің дамуына жан-жақты үлес қосады,-деген сенімдемін.Қазақ азаматтары,анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді,қайсарлығымызды,дарынымызды мемлекетіміздің дамуына пайдаланайық.Тәуелсіздікке қалай жеткенімізді ұмытпайық.Мұны ұмыту-ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту.Қазақстан-қазақ халқының ата-баба мекені,ежелгі қонысы.Бұл жерде ата-бабамыз туды,тұрды,өмір сүрді,оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері.Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ,ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан - ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Ата-бабамыз бізге керемет мұра қалдырған.Сол мұраны бағалай білейік.Бұл әр адамның патриоттық сана-сезіміне тікелей байланысты.Қазақстандық патриотизмді еліміздің әр азаматының санасына сіңіру кезек күттірмейтін мәселе. Менің пайымдауымша, жалпы халықтық патриотизм отбасынан, мектеп қабырғасынан қалыптасады деп ойлаймын. Ұлттық қасиеттеріміздің ұрпақ бойында қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды. Адамға ұлттық патриоттық тәрбие беру тек қана мектепте ғана емес жоғарғы оқу орындарында кең көлемде жүргізілуі тиіс. Ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әрбір оқытушы өз тәрбие жұмысының негізгі мақсатын от жүрегі Отан деп соғатын жастар тәрбиелеу деп түсінсе, ұлт болашағына, ел тыныштығына сеніммен қарауға болады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде айтылған еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі - жастарымызды отаншылдық, елжандылық, патриоттық қасиеттерді сақтауға шақырады . Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан елінің жас ұрпақтарын отаншылдыққа тәрбиелеу – аса маңызды идеологиялық міндеттеріміздің бірі деп білеміз. Ал оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн.» деген сөздерімен қорытындылай отырып, еліміздің әрбір азаматы өз елінің патриоты болсын десек, оның бойындағы патриоттық сезім отбасында, балабақшада, мектеп қабырғасында қалыптасуы тиіс деп ойлаймын.