2.3. Оқытушының педагогикалық жеке тұлғалылығы студенттерді адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызды фактор ретінде.
Педагогикалық қызметтің табыстылығы көбіне кәсіби біліктілік деңгейімен, моральдық бейнемен, ұстаздың адамгершілік ұстанымымен қамтамасыз етіледі. Сондықтан да ұстаздың өзінің тұлғасының адамгершілік қалыптасу, оны дайындаудың кәсіби-этикалық мәселелері білім беруді ізгілендіру мен гуманитарландырудың қазіргі кездегі кезеңінде мектеп қызметінің тиімділігін арттыруды анықтаушы ретінде болған және болады.
Әдебиетте мектеп мұғалімі туралы көп айтылғаны туралы бәріне мәлім. Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Ыбырай Алтынсаринне бастай және Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинскиймен аяқтай отырып, сондай-ақ өткен және қазіргі кездегі басқа да көптеген ұлы педагогтарды қоса. М.Горький мұғалімдерді қанында күннің тамшысы бар адамдар деп атған. Осы күн жоғары мектеп қабырғасында қалай жарқырауы туралы жеткіліксіз айтылған, бірақ та жоғары оқу орнының педагогикасы туралы фундаментальды еңбектердің автордары (Б.Г. Ананьев, Н.В.Кузьмина, З.Ф.Есарева, Э.А.Гришин, М.А.Кашутин, Н.Д. Хмель, М.А. Кудайкулов және т.б.) тікелей немесе жанама түрде жоғары оқу орныдарының оқытушыларына қызметінің ерекшелігін түсінуге көмектесуге тырысуда. Оқытушы жоғары оқу орнының тәрбие процессінің негізгі фигурасы болған және болып қалады, оның міндеттерді шешудегі табысы оқытушы тұлғасына, оның педгогикалық жеке тұлғалылығына байланысты болады. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, тәрбиеде тәрбиеленушімен бетпе бет келетін бәрі оқытушының тұлғасына негізделеді, және тәрбиешінің тұлғасының әсері ештеңемен алмастыруға келмейтін күннің жарық сәулесі іспеттес.Тәрбиеде бәрі тәрбиешінің тұлғасына негізіделетін болғандықтан, студенттің адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға тікелей әсер ететін оның педагогикалық жеке тұлғалылығының негізін түсіну өте маңызды.
Педагогикалық жеке тұлғалылық неден тұрады?
Педагогикалық жеке тұлғалылық – бұл, біздің көзқарасымыз бойынша, тәрбиеші тұлғасының оның тәрбиелік қызметінің әртүрлі түріне әсер ететін субъективті қасиеттері: ең алдымен оқу процессін ұйымдастыруда, студенттердің ғылыми жұмысына жетекшілік етуде, студенттермен сабақтан тыс тәрбиелік жұмысында, жеке тұлғалық көзқарасты жүзеге асыруда, тәрбиелік әсер етудің нәтижелерін дұрыс болжау мен бағалауға икемділігі және тиімді педгогикалық шараларды қабылдауда.
Жоғары мектептің оқытушысының тұлғасына тәрбиелік әсер ету , оның педагогикалық жеке тұлғалылығы көптеген фаткорлармен анықталады. Бұл оның әлеуметтік белсенділігі: жұмысқа деген, саяси өмірге, қоғам,а және қоршаған ортаға деген қатынасының сипаты, және жалпы мәдениет деңгейі, қызығушылық ауқымы, және зиялылық. «Мұғалім зиялылыға» ұғымына қатысты Мариэатта Шагинянның келесі түсініктемесін қарастыруға болады: бұл мұғалімнің мәдениет, эрудиция, такт және хоббиі. Зиялылыққа берілген мұндай анықтама жоғары оқу орнының оқытушысына да қатысты деуге болады.
Екіншіден, оқытушының тұлғасының тәрбиелік әсері оның кәсіби дайындығының деңгейімен анықталады: кәсіби шеберлікпен, ғылыми біліктілікпен, теориялық қабеліттілікпен, сендіре алу дағдысымен және үлгі болуымен, студенттерді қажетті мінез-құлық пен қызметке тартумен.
Бірінші кезекте, оқытушының педагогикалық жеке тұлғалылығының тәрбиелік әсерінің күші оның адамгершілік-этикалық қасиетінің деңгейімен анықталады, студенттердің оларға селқостықпен қарамайтындығы белгілі, мысалы оны олардың «Олар оқытушыда ең алдымен қандай қасиетті бағалайды?» деген сұраққа жауап беруде. Ең алдымен оқытушының шеберлігімен, жеке тартымдылығымен және 30 астам жақсы адамгершіліктік қасиеттерімен қатар, олардың ішінде: ізгіліктілік, әділеттілік, мейірімділік және қаталдық, жоғары адамгершіліктік және қарым-қатынас жасау дарыны. Оқытушының, студенттердің адамгершілік-этикалық қабілеті ретінде қарым-қатынас дарынын ажырата отырып, тұлғаның дамуы мен қалыптасуы негізінде білімді меңгерудің объективті процессі, қатынасы мен әрекеті жатады деп есептесек, онда оқытушының студенттермен қатынасы педагогикалық процесстің негізін қалаушы мәнін құрайды.
Оқытушы тұлғасын тәрбиелік әсерінде маңызды орынды оның жеке тұлғалық мінез-құлқының ерекшеліктері, ойлау сипаты, сезімі, ерік-жігері, темпераменті, қызығушылық ауқымы, өзіндік ұйымдастырушылық деңгейі, адамгершілік мінез-құлық мәнері, сырты түрі, эстетикалық және этикалық мәдениеті алады. Мұғалімнің сабақтағы адамгершілік, тәрбиелік әсерінің күшін сипаттауды біз М.Шагинянна табамыз: «Мыңдаған ұстатпайтын түстерде мұғалімнің мәдени бейнесі, оның білімін оқышулардың қабыладуының ауқымдылығы беріледі.
Басқа ғылымдардан, кездейсоқ шегінулерден және жеке тәжірибесінен әңгімелерден, көптеген оқыған кітаптардан алудан, ұлы ғалымдардың өмірбаяндарынан, жақсы орыс тілінің мәдениетінен, әңгіме құра алу дағдысынан, педагогтың жоғары, көптүрлі сөздік қорынан, оның жақсы тәрбиелілігі мен білімділігінен, тамаша талғамымнан - мұның бәрі қосымша фаткорлар секілді білім берудің нақты түріне айналады».
Аталған факторлар оқытушының педагогикалық жеке тұлғалылығының бар мәнін ашпайды: оларды басқаларды тәрбиелеуге талпынған тұлғаның жетекші қасиетін шартты бөлшектеу ретінде қарастыру керек. Тәлімгер тұлғасының адамгершілік-этикалық қасиеті тамаша қазақ ақыны Ғафу Қайырбеквотың төмендегі өлең жолдарында айрықша айқын берілген:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – сөзімнің ақындығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы
Сонымен, оқытушы тұлғасы, оның адамгершілік қағидалары және сенімдері, кәсіби біліктілігі мен ғылыми эрудициясы, сыртқы келбеті мен сөйлеу мәдениеті - осының бәрі студенттерге аса зор тәрбиелік әсер береді. Жоғары оқу орнындағы сабақтардың барлық түрлері - бұл педагог-тәрбиешінің студенттермен тікелей қарым-қатынас формасы. Хобби, оқытушының театрға, музыкаға, сурет өнеріне, әөркем әдебиетке және т,б, қызығушылықтары оны басқа да қосымша тамша да жарқын білімдермен және дағдылармен толықтыра түседі. Тек қызыға білген адам ғана басқаларды қызықтыра да біледі.
Оқытушының педагогикалық тұлғалылығының тәрбиелік әсерінің маңызды адамгершілік-этикалық мәселесі оның мәртебесі – моральдық мәртебесі болып табылады. Оны тек жеке қасиететрі , оның идеяляқ сенімділігі, оның сезімі ғана тудырады.
В.А.Сухомлинский атап өткендей, тәрбиешінің сезімі, оның адамды жақсы тірбиелеуге ұмтысылы, «мінез-құлық үлгісін» жасай алатын рух беретін күштен де жоғары болуы тиіс.
Студенттер үшін оқытушы шынымен де - тек белгілі бір ғылым маманы – филолог, математик немесе тарихшы ғана емес. Ол тірі тұлға, адам, оған әлеуметтік тәжірибе, практиалық қызмет тәсілдері, мүдделері мен өмірлік құндылықтары бар тұлға. Өмірлік тәжірибесі қаншалықты мол болған сайын оқытушының өзінің оқушыларына тигізетін әсері де мол болады. А.С.Макаренконың айтуы бойынша, бедел абсолютті, сөзсз тыңдау, ол күш салусыз бағынуға, еліктеуге және сөзсіз сенуге мәжбүрлейді.
Жоғарыда берілген, студенттерге тәрбиелік әсердің маңызды факторының бірі ретіндегі жоғары оқу орнының оқытушысының педагогикалық жеке тұлғалылығының мазмұнына жасалған талдауды, біз құрылымдық сұлбалар, үлгілер түрінде беруге тырыстық. Ол тек шартты, үлгілік сипатта ғана, бірақ олар оның адамгершілік-этикалық мәнін жалпылап, жүйелеп және көрнекілікпен қарауға мүмкіндік береді.
Бұл:
Оқытушы профессиограммасының компоненттерінің құрылымдық сұлбасы
Оқытушының тұлғалық сапасыны №1 үлгісі
Оқытушының кәсіби-этикалық сапасының №2 үлгісі
Кәсіби-іскерлік сапалардың №3 үлгісі
№2 сұлба
Оқытушы профессиограммасының компоненттерінің құрылымдық сұлбасы
Кәсіби-іскерлік сапалар кәсіби-этикалық сапалар Тұлғалық сапалар
Қоғамдық-саяси сапалар
Моральдық және адамгершілік-коммуникативтік
Тұлғаны психологиялық қалыптастыру
Оқытушы тұлғасының кәсіби-педагогикалық бағыттылығы
Студентке кәсібіи қызмет объектісі ретінде қызығушылық пен сүйіспеншілік
Оқытушы қызметіндегі кәсіби-педагогикалық этиканың қағидалары
Оқытушының педагогикалық әдепі
Оқытушының беделі
Рухани мәдениет, эрудиция, зиялылық
Кәсіби қаруланушылық
Ғылыми біліктілік
Шығармашылық қабілеттері
Арнаулы педагогикалық қабілеттер
Достарыңызбен бөлісу: |