Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процессіндегі кәсіби бағыттылық - студенттердің адамгершілік-этикалық қалыптасуының жетекші қағидасы
Кәсіби бағыттылық қағидасы қызметтің кез келген түрінің өнімділігінің қажетті шарты болып табылады. “Бағыттылық” ұғымына кәсіпке деген қызығушылық, онымен айналысуға бейімділік, мақсатқа жетелейтін мотивтер, мақсаттар туралы ұғым, оған эмоционалдық қатынас жатады.
Кәсіби оқу орны ретіндегі жоғары мектеп үшін кәсіби бағыттылық оқу-тәрбие процессінің барлық салаларында жүзеге асырылуы тиіс.
Сонымен, кәсіби бағыттылықтың мәні неде?
Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процессінің кәсіби бағыттылығы – бұл, біздің пікірімізше, студенттердің дүниетанымын қалыптастыруға, оларды терең шығармашылық білім, практикалық және әдістемелік білімдер мен дағдылар беруге бағытталған құралдардың, әдістердің және тәсілдердің жиынтығы.
Кәсіби бағыттылықтың негізгі мақсаты - болашақ маман тұлғасын қалыптастыру. Осыған орай, кәсіби дайындаудың негізгі мәселесі - моральдық-этикалық, себебі, болашақ маманның идеялық-этикалық қасиеті оны кәсіби тәрбиелеудің бағдарламасы болып табылады.
Кез келген профильдегі маманды дайындаудағы кәсібилікке студенттің бойына, ол кейін кім болып және кіммен жұмыс істейтіндігіне тәуелсіз , тиісті этикалық қасиеттерді сіңіру. Барлық мамандық, соның ішінде инженер мамандығы да, “адамдық” болып табылады, маман не істесе де адам үшін істейді. Сондықтан да, оның идеялық-этикалық қасиеті кәсіби тәрбиелеудің бағдарламасы болып табылады. Әзірге мұндай бағдарлама, өзінің бастамасын Гиппократ антынан алатын, дәрігерлерде ғана бар.
Ал нақты жасалған кәсіби тәрбиелеудің бағдарламасы барлық оқу жылдары үшін қажетті. Барлық жоғары оқу орындары үшін кәсіби этиканың арнайы курсы қажет. Ол арнайы кәсіби пәндердің бірі болуы тиіс.
Кәсіби бағыттылық оқу-тәрбие процессінің болашақ маманның тұлғасын қалыптастыруды ескеріп отыруы қажет. М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация Академиясында – болашақ инженерді. Студентті кез келген өндірістік міндеттерді жоғары азаматтық тұрғыдан шешуге үйрету қажет. Бұл міндетке оқу орнының өмірін ұйымдастыру бағындырылуы тиіс.
Кәсіби бағыттылықты жүзеге асырудың маңызды аспектісі профессиограммалар, жоғары оқу орнында оқу барысында студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастырудың негізгі әдістерін анықтаумен болашақ маман үлгісін жасау болып табылады.
Профессиограммалар, болашақ маман үлгісін жасау саласындағы зерттеулер соңғы жылдары белсенді жүргізілуде.
Болашақ инженердің профессиограммасында екі негізгі бөлімі ажыратылуы тиіс:
Бірінші бөлімі қоғамлық-саяси қасиеттерді біріктіреді және болашақ маманның мінез-құлқы мен қызметінің идеялық негізін құрайды. Оған жатады:
идеялық және сенімділік;
қоғамдық борышын, азаматтықты түсіну;
әлеуметтік белсенділік және жауапкершілік;
бұқаралық жұмыс дағдылары, адамдармен шығармашылық жұмыс жүргізу икемділігі, ұжымдық тәжірибені пайдалану және бағалау, өзінің айналасындағылардың пікірін тыңдау, қол жеткізілгенді сыни бағалау.
Профессиограмманың екінші бөліміне әлеуметтік-психологиялық, этикалық қасиеттер жатады. Оған кәсіби мәнді қасиеттер де жатады:
- тұлғаның кәсіби бағыттылығы инженерлік қызметтегі қажеттілік көрінісі ретінде;
инженердің әлеуметтік рөлі мен қоғамдық мәртебесі туралы елестету;
кәсіби байқағыштық;
кәсіби қиял;
ұйымдастырушылық қабілеттері: адамдарды тарту және олармен байланыс жасау икемділігі, жаңа перспективалармен айналысу икемділігі, ойға алғынан жүзеге асырудың реттілігін айқын анықтау, уақытты, адамдардың күші мен мүмкіндіктерін бөлу, өзгеріп отыратын жағдайларда бағдар беруге себін тигзу, егер мұндай қажеттілік болса, өзінің мінез-құлқын өзегртуге деген дайындығы;
тұрақты рухани, ең алдымен танымдық мүдделер;
қатаң талап етушілік мінез қыры ретінде;
адалдық, қағидаға бағынушылық, әділдік, қарапайымдылық, сөзіне беріктік, жұғысғыштық, ұстамдылық.
Болашақ инженердің профессиограммасына психология-кәсіби дайнылау, аранйы дайындықтың құрамы мен деңгейі, мамандық бойынша әдістемелік дайындық мазмұны кіреді.
Болашақ инженерлерді дайындаудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде кәсіби икемділікті қалыптастыру мәселелерін зерттеу ерекше назар аударуды қажет етеді. Жасалатын профессиограммада болашақ инженерге қажет теориялық білім мен практикалық дағды мазмұны, жүйесі анықталған, инженердің міндетінің жеке түрлеріне қолданылатын кәсіби икемділікті қалыптастырудың мазмұны, формасы және әдісі жасалған.
Профессиограммада болашақ инженер тұлғасының барлық аталған қасиеттері оқу сабақтарының барлық жүйесімен, практикамен, сондай-ақ студенттермен аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары процессінде қалыптасады.
Өкінішке орай, қазіргі кездегі кезеңде жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процессінің кәсіби бағыттылығының әлсіздігін атай аламыз.
Сонымен, оқу-тәрбие процессінің кәсібит бағыттылығы болашақ инженердің адамгершілік-этикалық қалыптасуының ғылыми-негізделген мәнін құрайды, оны кәсіби тәрбиелеу бағдарламасы болып табылатын моральдық-этикалық дайындау мәселесін шешеді.
Кәсіби бағыттылыққа және тәрбиенің басқа қағидаларына сүйену студент тұлғасының қалыптасу әдістерін аныанықтайды және таңадйды, мысалы, сендіру, мәжбүрлеу, жаттығу, үйрету, көтермелеу және жазалау, жарыс, сынау және өзін өзі сынау әдісі.
Сендіру - бұл адамның тұлғалық сипатты қабылдаған көзқарастары мен ұстанымдарының ерекше формасы және тұлғаның әлемге, өзіне қатысын және тұлға бағыттылығын анйқтайды. Сендіру әдісі арқылы өте маңызды психологиялық қасиет – сендіру қалыптастырады.
Адамды сендіру - бұл қандай да бір талапты адам оның дұрыстығына күмәнданбайтындай дәрежеде түсіндіру. Адамды сендіру - бұл оны белгілі бір көзқарастардың дұрыстығына сендіру және оларды қабылдату, оларды өзінің мінез-құлқының және қарым-қатынасының қағидасы ету.
Сендіруді қалыптастыру процессі тиісті психологиялық процесстің психикалық күйге, ал содан кейін тұлғаның сәйкес қасиетіне өтуінен тұрады.
Осылайша, сендіру әдісі студенттің санасына, сезіміне, көзқарасы мен мінез-құлықан әсер етеді. Бұл әдістің ерекше әрекеттілігі осында. Сендіру әдісі әңгімелерде, дәрістерде, баяндамаларда, конференцияларды, пікірсайыстарда, кездесулерде және т.б. кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |