Ыбырай Алтынсариннің педагогтық этикасы
- Адамгершілік мәні, адамның өмір сүру мәні мен бақыты, мінез-құлық пен қарым-қатынастың адамгершілік түрткілері туралы ойлар - жоғары адамгершілікті тұлғаны тәрбиелеу туралы ойлармен сіңірілген, ең алдымен педагогикалық болып табылатын Ыбырай Алтынсарин этикасының негізін қалаушы мәні.
- Өзінің ұстаздық қызметіне өзінің халқына ұлы адамгершіліктік қызмет ету ретінде қараған: «Мен өзімнің халқыма бар күшім сарқылғанша пайдамды тигізуге деген түбегейлі ұмтылыстарым мен көзқарастарымнан таймаймын. Тек адамдар қастығына қарсы тұруға және қисынсыз қарсы келулерден қайғыдан өліп кетпеуге күш бере көр.».
- Ы.Алтынсариннің педагогикалық этикасы – бұл халық этикасы, себебі халықтың өмірі мен тұрмысын, қайғысы мен бақытын, отаншылдығын, дәстүрлері мен салттарын көрсететін халық ауыз шығармашылығы – оның тәлім мен кеңестер түрінде берілген этикалық көзқарасының қайнар көзі.
- Ы.Алтынсарин бақыт ұғымына, көптеген компоненттерімен бірге үш негізгісін кіргізеді: еңбексүйгіштік, қанағатшылдық, жақсылық жасауға деген ұмтылыс.
- Орта – адамгершілік көзі , оны қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде емес, билік етуші азаматтық заңнама және тәрбие ретінде түсінген.
- Қазақ зиялыларының адамгершілік парызы - өз халқының қажеттіліктеріне қамқорлық, қоғамдық игіліктерге қамқорлық, өз отанының байлығын көбейту мен құдіретін нығайту – міне осылар отансүйгіш-азаматтың негізгі міндеттері, мұны орындау оның өмірінің адамгершілік мәнін құрайды.
- отбасылық және мектеп тәрбиесінің адамгершілік негіздері.
- Өз отанына деген ыстық махаббатын барлық реакциялылыққа деген терең жеккөрушілікпен үйлестіру, бұл қазақ халқының рухани дамуына кедергі болды, ол экономикалық артта қалушылықпен қатар молдалар және олар наисахаттайтын ислам болды.
- Отаншылдық пен гуманизм – жоғары адамгершілікті адамның маңызды ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |