Оқытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет9/24
Дата16.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43392
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Тақырып 5 Өлшеудің (ӨАЖ) және бақылаудың (БАЖ) автоматтандырылған жүйелерінің негізгі блоктары

Дәріс жоспары


1. Көшпелі құрылғылар мен коммутаторлардың түрлері мен тағайындалуы
2. АСТ және САТ түрлері мен тағайындалуы
3. Микропроцессорлар, БСИ-ің негізгі бөлігі ретінде
4. Басқару блогы. Шығу блогы. Хабар қабылдау блогы
5. Индикация блогы. Қоректену блогы

Электрөлшеуіш техника құралдарының агрегатты кешені ЭТАҚАК ГСП өлшеуіш ақпаратын жинау мен түрлендіру құрылғыларын (электрлік және магнитті шамалардың унифицарлы және алғашқы түрлендіргіштері, күшейткіштер, коммутаторлар, аналогты-санды және санды-аналогты түрлендіргіштер және т.б.), электрөлшеуіш аспаптарын, ақпаратты көрсететін құрылғыларын, универсалды және арнайы тағайындалған өлшеуіш-есептеуіш кешендерді біріктіреді.


ҮИС (үлкен интегралды сұлба), микропроцессорлы жинақ және микро ЭВМ-ың бар болуы, станадартты аспапты интерфейс және КАМАК интерфейсі арқылы функционалды блоктарын біріктіру арқасында – АСЭТ-Ш-ің іске асырылуына және жобалануына әкеп соқтырды. АСЭТ-Ш-да өлшеуіш кешендер мен оның өзінен аяқталаған бұйымдар жүйесіне, жүйелік құралдарына ерекше назар аударады.
АСЭТ-Ш-ың ақпаратты сәйкестігі халықаралық және стандартты интерфейске сай стандарттармен унифицияланған сигналдар арқылы жүзеге асады.
АСЭТ құрылғыларының метрологиялық сәйкестігін анықтайтын жүйелік метрологиялық сипаттамалар істелінген, арнайы метрологиялық аппаратура жасап шығарылуда.
АСЭТ-Ш құрылымы суретте көрсетілген (жұлдызшамен блоктар және түрлендіру түрлері белгіленген, олар КАМАК стандартты интерфейсте орындалады).

Сурет – АСЭТ-ің аналогты функционалды құрылғылары

АСЭТ-Ш-те аспапты орындауда, яғни конструктивті, модульді және энергетикалық бітірілген түрде, функционалды блоктардың жасап шығарылуы алдын ала көзделген. Өзінің атқаратын функцияларын ол тек сәйкесінше блоктардың (қоректену, басқару) бірігуі кезінде атқарады. Аспапты функционалды блоктар аспапты интерфейс арқылы біріге алады, ал модульді КАМАК интерфейсі арқылы.


Өлшеуіш-есептегіш құрылғылар ГСП-ің функционалды мүмкіндіктерін, метрологиялық сипаттамаларын арттыруға және санды баға өлшеу алгоритмдерінің меншікті салмағын азайтуға мүмкіндік береді, сонымен қоса кіру шамалардың функцияларының және тәуелділіктерінің санды бағаларын алуға да қол жеткізеді. ИВС-ің жұмыс істеуі кезіндегі анализінде процессорлардың өлшеу процедураларын орындауына, өлшеу нәтижелерін алу процесіне ерекше назар аударылған,
Кең класты жүйелерді құру үшін датчиктердің электр емес сигналдарын унифицияланған түрлендіргіштері, электр энергиясы параметрлерін түрлендіргіштері және басқа да аналогты функционалды құрылғылар қажет. АСЭТ-Ш-гі құрылғылар құрамы суретте көрсетілген. Бұл құрамда аналогты сипаттамалары жақсартылған өлшеуіш түрлендіргіштердің кең номенклатурасы көрсетілген. Негізінде өлшеуіш түрлендіргіштердің қателігі уақыттың тұрақтысы 0,1-0,5 с дейінгі ±0,2% дейінгі шамасына жеткізіледі деп шамаланады.



Сурет – АСЭТ-Ш аналогты-санды электрөлшеуіш құрылғылар.

Ұсынылатын әдебиет


1 Управляющие вычислительные машины в АСУ технологическими процессами. / Под ред. Т. Харисона. - М.: Мир, 1975, т1.- 530с.
2 Автоматизация измерений и контроля электрических и неэлектрических величин: Учеб. пособие для вузов. Н.Д. Дубовой и др.; под ред. А.А.Сазонова.- М.: Издательство стандартов, 1987
3 Николайчук О.И. Система малой автоматизации.- М.: СОЛОН-Пресс, 2003. 256с

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары


1. Сұраққа жауап беру «АСЭТ ГСП электрөлшеуіш техникасы құрылғыларының агрегатты кешені»
2. Сұраққа жауап беру «Автоматты өлшеу жүйесінің (АӨЖ) қандай негізгі блоктарын білесіз»
3. Сұраққа жауап беру «Автоматты бақылау жүйесінің (АБЖ) қандай негізгі блоктарын білесіз»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет