Оқытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет12/24
Дата16.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43392
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
АИТП УМКДП каз

Тақырып 8 Аналогты-сандық және басқа да түрлендіргіштер. АСТ таңдау. АСТ қателіктері.

Дәріс жоспары


1. Аналогты-санды түрлендіру туралы жалпы мағлұмат
2. АСТ түрлері және таңдау шарттары
3. Аналогты-санды түрлендірудің негізгі қателіктері.

Аналогты мәннің үздіксіз тізбелігін санды аяқталған дискретті мәндерге ауыстыра алатын және оларды берілген кодта ұсына алатын – аналогты-санды түрлендіргіштер АСТ.


АСТ үш топқа бөлінеді:
- санау түрлендіргіштері;
- тізбектеп санау түрлендіргіштері;
- разряд бойынша теңеу түрлендіргіштері;
Санау АСТ пішін әдісі ретінде белгілі.Түрлендіру үрдісінде геометриялық кеңістігінің орны қай суреті шығу сигналына сәйкес келеді.
Кодталған пішін тік бұрышты пластина немесе дөңгелек түрінде орындалған. Дөңгелектің сыртқы жолдары төменгі разрядқа сәйкес келеді. Осылайша бұрыштың әр дискретті шамасы үшін сегменттің қайталанбайтын екі түрі бар (0,1) (қара және ақ).
АСТ мәні жоғары дәрежелі дәлдікпен белгілі аналогты сигналды эталонды кернеумен салыстыру өлшеу үрдісіне жатады. Нәтижесінде сигналдың үздіксіз лездік мәні эталонды кернеудің жақын квант мәнімен алмастырады.
АСТ-ің көп түрлерінің кірісіне алдын ала күшейткіштер орнатылады, олар кіру сигналының деңгейін керекті мәнге дейін жеткізіп, сигналды шуылдардан
арылтады.
Жалпы жағдайда АСТ құрамына келесі негізгі функционалды түйіндер кіреді: шамасы бойынша эталонды кернеу (немесе кернеу шамасы әр түрлі эталонды кернеулер), сигнал кернеуінің эталонды кернеумен салыстыру құрылғысы және нәтиже қорытындысын санды кодта көрсететін кодтау құрылғылары.
Барлық қолданыстағы АСТ-ді өлшенетін кернеуге байланысты екі топқа бөледі: кернеудің лездік мәндерінің АСТ және кернеудің орта мәнінің АСТ (интегралдау). Ал кернеудің лездік мәндерінің АСТ-ін келесі түрлерге бөледі: тізбектеп санау, тізбектеп шамалау (әр разрядты теңдік), параллель (санау) және параллель-тізбекті (конвейерді).
Тізбектеп санау АСТ-ің сұлбасы суретте көрсетілген

Ол кері байланыс тізбегі арқылы келетін эталонды кернеуді және кіру кернеуді салыстыратын компаратордан тұрады. Компаратордың тура кірісіне Uвх сигналы келеді, ал инвертті кірісіне U5 эталонды кернеуі барады. АСТ жұмысы басқару сұлбасынан (суретте көрсетілген) «ПУСК» импульсі келгенде басталады, ол триггерді ауыстырып, оның тура шығысында логикалық бірді орнатады. Бұл өз орнында тактілі импульстер генераторының импульстерін & сұлбасы арқылы санды-аналогты түрлендіргіштің жұымысын басқаратын импульс санағышқа өтеді. Санағыштың шығу кодының артуы САТ-ің U5 шығу кернеуінің сатылы түрде артуына әкеп соқтырады. САТ-ің қоректенуі U4 тіреу кернеуінен орындалады.


САТ-ің шығу кернеуі Uвх – мен теңелген кезде компаратор ауысып, оның шығу сигналымен RS-триггері түсіріліп,генератордан санағыш кірісіне импульстері өту үшін & сұлбасы жабылады. Шығу коды Uвх = U5 теңдігіне сәйкес келген жағдайда санағыштың шығу регистрінен шешіледі.

Ұсынылатын әдебиеттер


1 Управляющие вычислительные машины в АСУ технологическими процессами. / Под ред. Т. Харисона. - М.: Мир, 1975, т1.- 530с.
2 Автоматизация измерений и контроля электрических и неэлектрических величин: Учеб. пособие для вузов. Н.Д. Дубовой и др.; под ред. А.А.Сазонова.- М.: Издательство стандартов, 1987
3 Николайчук О.И. Система малой автоматизации.- М.: СОЛОН-Пресс, 2003. 256с

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары


1. Сұраққа жауап беру «Аналогты санды түрлендіру деген не»
2. Сұраққа жауап беру «Аналогты санды түрлендіргіштердің түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет