Оқытушы: Төлеген Өмірбек Шаймұратұлы


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі37,62 Kb.
#13789
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Документ

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК 
ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ 

Жас  ұрпақты  ойлы  да  іскер,  жігерлі  де  батыл,  өз  Отанын  шын  сүйетін,  өз  ұлтының 

салты  мен  дәстүрін  құрметтеп  сақтайтын,  өзіне-өзі  сенімді,  интеллектуалдық  даму  деңгейі 

биік,  дүниетанымы  дұрыс  қалыптасқан  азамат  етіп  тәрбиелеуде  мектептің  алатын  орны 

айрықша.  Мектепте  берілетін  білім  мазмұны,  өткізілетін  тәрбиелік  іс-шаралардың  мақсаты 

қазіргі  қоғамның  тыныс-тіршілігімен,  экономикалық-әлеуметтік  жағдайымен  тығыз 

байланысты болуы керек. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып, рухани дүниесінің 

қалыптасуына негіз салады[1]. 

Тәрбиенің  сан  салалы,  күрделі  мәселелеріне  терең  бойлауға  бастайтын,  күнделікті 

тұрмыста  кездесетін  дағдылар  арқылы  баланың  жан  дүниесіне  әсер  ететін,  білім  мен 

тәрбиенің  алғашқы  баспалдағы  –  бастауыш  мектеп. Бастауыш  саты  –  білім,  іскерлік, 

дағдының,  баланың  психофизиологиялық,  дене  бітімі  жағынан  және  ақыл-ойының 

қалыптасуының бастамасы болып табылады. 

Алдағы  уақытта  іргелі  ғылыми  білім  алу  мен  кез  келген  мамандыққа  талпынудың 

іргетасы  осы  бастауышта  қаланбақ.  Сондықтан,  бастауышта  берілетін  білімнің  сапасы  мен 

мазмұны,  оқытудың  әдістері  мен  формалары  қазіргі  ХХІ  ғасыр  талабына  сай  болуы  қажет. 

Өйткені,  баланың  негізгі  жеке  бас  қасиеттері,  оның  адамгершілігінің,  белсенділігінің 

қалыптасуы алдымен балабақша мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Бастауыш мектеп 

жасы  баланың  рухани  күш-қуаты  мен  ерік-жігерінің,  шығармашылық  қабілетінің,  жалпы 

мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, 

оның  алғашқы  қалыптасуын  қамтамасыз  ету,  білімге  деген  сенімін  нығайту,  іскерлігі  мен 

дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып 

табылады.  

Жастарға  жалпы  орта  білім  беруді  жүзеге  асыруда  негізгі  және  орта  мектептер-  мен 

қатар,  бастауыш  мектептердің,  оның  ішінде  шағын  жинақты  бастауыш  мектептердің 

атқаратын рөлі орасан зор. 

Республикада шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан  пайда болған құбылыс емес. 

Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин 

жасаған оқыту әдістемесінде жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың 

тұңғыш  педагогы  Ы.Алтынсариннің    есімімен  және  педа-  гогикалық  қызметімен  тікелей 

байланысты.  Содан  бері  қанша  уақыт  өтсе  де  шағын  жинақты  мектептер  қызметі  әлі  де 

жалғасуда. 

Жалпы,  осы  уақытқа  дейін  шағын  жинақты  мектептерде  оқу-тәрбие  жұмысының 

мамзмұнын  жақсарту,  оқушылардың  білім  деңгейін  мемлекеттік  стандарт  талаптарының 

дәрежесіне  көтеру  сияқты  мәселелер  бірқатар  ғалымдарымыз  бен  әдіскерлеріміздің  зерттеу 

нысанына  айналды.  Олардың  еңбектерінде  бірнеше  сыныпты  бір  мезгілде  қатар  оқытудың 

тиімді  жолдарын  іздестіру  (Ж.Аймауытов,  Ғ.Бегалиев,  Ж.Қаржасбаев,  М.Бүрлібаев, 

Ғ.Сүлейменов,  А.Асқарбаева),  сабақты  ұйымдастырудың  өзіндік  ерекшеліктері  мен  әдіс-

тәсілдерін  анықтау  (Б.Құлмағамбетова,  А.Асқарбаева,  Г.М.Храпченков,  Қ.Аймағамбетова); 

«Қазақ  тілі»,  «Ана  тілі»,  «Математика»,  «Айналамен  таныстыру»  пәндерін  оқытудың 

Ммазмұны мен 

практикалық 

бағытын 

белгілеу 

(Ш.Әуелбаев, 

А.Асқарбаева, 

Б.Құлмағамбетова);  бір  пәндік,  бір  тақырыптық  сабақтардың  тиімділігін  дәлелдеу 

(М.Сайпин,  З.Бейсенбаева,  Е.Шапаева,  О.Сатқанов,  Б.Катембаева),  осы  үлгідегі  мектептер 

үшін  болашақ  мұғалімдерді  дайындау  мәселелері  (З.Әділғазинов)  еңбектерінде 

қарастырылады. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  шағын  жинақты  мектепке 

мынадай анықтама беріледі: «Шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас 

және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны  аз жалпы білім 

беретін мектеп»[1].  

Шағын жинақты мектеп өзі орналасқан елді мекенде оқитын білім алушылардың білім 

сапасының деңгейіне тікелей жауапты болып есептеледі. Ендеше, шағын жинақты мектептің 

оқу-тәрбие процесі заман талабына және ғылыми-педагогикалық, әдістемелік талаптарға сай 

құрылуы, ұйымдастырылуы тиіс. 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  мәліметтеріне  қарағанда 

Республика  мектептерінің  44,1  пайызы,  ал  ауыл  мектептерінің  70  пайызға  жуығы  шағын 

жинақталған  мектептер.  Шағын  жинақты  мектепте  бір  сынып  бөлмесінде,  бір  мұғалімнің 

басшылығымен,  екі  немесе  бірнеше  сыныптар  қатар  оқитын  болғандықтан,  мұндай 

мектептерде  сабақты  ұйымдастыру  мен  өткізудің  өзіндік  ерекшеліктерінің  болуы  заңды. 

Шағын  жинақты  мектепте  кемінде  екі  сынып  бір  мұғалімнің  басшылығымен  сабақ 

оқитындықтан, оқушылардың сабақтағы негізгі іс-әрекеті – оқушылардың өздік жұмыстары 

болуы тиіс[2].  

Оқытудың кез келген әдісін қолдану оқушылардың өздік жұмыстарымен жалғасатыны 

белгілі.  Кезінде  неміс  педагогы  А.Дистервег:  «Ойды  ешнәрсемен  толтыруға  болмайды.  Ол 

барлығын өзі меңгеріп, қорытуы керек» - деп айтқан болатын.  

Оқушының  өздік  жұмысы  деп  –  мұғалім  басшылығымен,  бірақ  мұғалімнің  тікелей 

қатысуынсыз,  белгіленген  уақыт  аралығында  орындалатын  белсенді  танымдық  іс-әрекетті 

айтады.  

Дидактикалық  мақсатына  қарай    өздік  жұмысты  жаңа  сабақты  меңгеру  үшін  қажетті 

дайындыққа  арналған,  жаңа  материалды  меңгеруге,  жаңа  сабақты  бекітуге,      қайталап 

пысықтауға      және  оқушылардың  білім,  білік  дағдыларын  тексеруге,    бақылауға  және 

бағалауға арналған деп бөлуге болады. 

Дайындық  мақсатында  берілетін  өздік  жұмыс  жаңа  сабақты  сапалы  меңгеруге,  жаңа 

дағдыны  қалыптастыруға  қажетті  бұрын  өтіп  кеткен  материалдарды  қайталау  мақсатында 

қолданылады. Бұған есептерді шешу, жаттығуларды орындау, ережелерді, амал қасиеттерін 

қолдануға байланысты  оқу материалын таңдап алу жатады[3]. 

Жаңа  білімді  меңгеру  мақсатында  берілетін  өздік  жұмыстар  жоғарғы  сыныптарда 

кеңінен қолданылады.  

Сондай-ақ  өздік  жұмыстарды  жалпы  сыныптық  және  жеке  дара  деп  екі  түрге 

бөлуге  болады.  Жеке  тапсырмаларды  әр  оқушы  өз  бетінше  орындайды.  Ал  жалпы 

сыныптық  тапсырмаларды  шағын  топтар  бойынша  орындатқан  дұрыс.    Көбінесе  шағын 

жинақты  мектепте  өздік  жұмыстың  жеке  түрлері  қолданылады.  Сонымен  бірге  өз  бетімен 

жұмысты ұйымдастырудың ұжымдық түрі де қолданылады.  

Оқушылардың  өз  бетінше  жұмысының  педагогикалық  тиімділігі  мұғалімнің  өздік 

жұмысқа жасаған басшылығының сапасына байланысты. Ол өзбетінше жұмыстың мақсатын 

анықтап  оқушыларды  ой  еңбегін  орындауға  үйретіп,  сыныптың  өздік  жұмысты  орындау 

барысын  бақылап,  оқушылардың  қате  жібермеуіне  көмектеседі.  Сөйтіп,  орындалған  өздік 

жұмысты  тексеріп,  қорытынды  жасап,  әрбір  жұмыстың  нәтижесін  бағалайды.  Шағын 

жинақты  мектепте  өздік  жұмысты    орындауда  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  көңіл 

бөлінуі тиіс [4] . 

Оқушының  өзбетінше  жұмысының  негізгі  ерекшелігі  –  оқушының 

берілген  міндетті  мұғалімнің  көмегінсіз  өзінің  шешуі.  Тапсырманы    орындауда  жақсы 

нәтижеге  жету  үшін,  оқушының  біліміне,  іскерлік  дағдысына  сүйене  отырып,  оның 

байқағыштығын,  қырағылығын,  ойлауын,  есепті  шешудің  тиімді  жолын  таңдауын 

бақылап  көру  керек.  Есепті  шығаруда  бір  қате  екінші  қатеге  жалғасып,  нәтижесінде  қате 

жауап  алынуы  мүмкін.  Шығарған  есебі  қате  болып,  оқушы  қиыншылыққа  кездескенде 

мұғалім  оны  тоқтатып,  қателерін  жөндеу  керек  пе?  Ондағы  қиыншылықтарды  жойып, 

оқушының ойлауын,  ісін  дұрыс жолға бағыттау керек пе? Жоқ, әлде, оқушының шығарған 

есебінің  қате  екендігіне  көзін  жеткізіп,  қателерін  өзіне  тапқызып,  өздеріне  жөндете  ме? 

Өзбетінше  жұмыстарды  ұйымдастыру  әдістерін  белгілейтін  мұндай  сұрақтар  әр  мұғалімнің 

алдынан шығады[5]. 

Сондықтан  шағын  жинақты  мектеп  мұғалімінен  оқушылардың  өзіндік 

жұмыстарын  дұрыс  ұйымдастыра  білу  талап  етіледі.  Шағын  комплектілі  мектептің  оқу 

тәрбие  жұмысында  уақытты  дұрыс  пайдалана  білуге  көп  көңіл  бөленеді.  Уақытты 

дұрыс пайдалана  білу үшін және өздік жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында мұғалім 

өздік  жұмыстардың  түрлерін,  ұйымдастыру  формаларын,  оқушыға  жұмысты  орындауға 

қажетті  бағыт  беретін  сұрақтарды,  схемаларды,  көрнекіліктерді  алдын-ала  дайындап  алуы 

керек.   

 Балаларды  өздігінен  жұмыс  істеуге  үйретудің  аса  қажет  екендігін,  техниканың, 

технологияның,  ғылымның  алға  басып  өркендеуі,  жаңадан  пайда  болған  проблемаларды 

ойланып  шеше  білудің  қажеттігі  адамның  өздігінен  үйреніп,  білімін  өздігінен  толықтырып 

отыруын  талап  ететіндігін,  келешек  ұрпақты  өздігінен  жұмыс  істеуге  үйрете  білуіміз 

керектігін бүгінгі күні заман талап етеді. 

Мектеп  оқушыларының  өз  бетінше  жұмыстарын  ұйымдастырудың  басты  формасы  – 

жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей 

тиісті талаптарды орындауға тура келеді:  

1. Өз  бетінше  орындалатын  жұмыстың  нақты  мақсаты  болуы  керек.  Әрбір  оқушы

жұмыстың орындалу тәртібін жетік білуі керек; 

2. Өз  бетінше  жұмыс  оқушылардың  бойындағы  танымдық  қабілетін,  шығармашылық

ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беруі тиіс; 

3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі  тиіс. Яғни оның

тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек; 

4. Өз  бетінше  жұмысты  оқушылар  еңбек  дағдылары  мен  әдістерін  жетік  игеріп

түсінетіндей етіп ұйымдастырылуы қажет[6].      

 Қорыта  келгенде,  оқушылардың  өз  бетімен  орындайтын  жұмыстары  оқушының 

дербестігін дамытып, оқуға деген танымдық қызығушылығын тудыруы қажет деп ойлаймыз. 


6. Шағын жинақталған бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктерін дамыту жолдары.

7. Шағын жинақталған бастауыш мектептің оқу процесінде оқыту технологияларын қолданудың маңызы.

8. Ұжымдық оқыту әдістемесі туралы түсінік және оны шағын жинақталған мектептерде қолдану жолдары.

9. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы және оны шағын жинақты мектепте қолдану жолдары.

10. Деңгейлік оқыту технологиясы және оны шағын жинақты мектепте қолдану әдістемесі.

11. Дидактикалық ойындар және оларды шағын жинақталған мектептің оқу процесінде қолданудың маңызы.

12. Жаңартылған жүйе бойынша оқыту тәсілдері және оларды шағын жинақталған мектепте қолдану мүмкіндіктері.

13. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет