Оқытушы: Төлеген Өмірбек Шаймұратұлы


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі37,62 Kb.
#13789
түріСабақ
1   2   3
ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Егеменді еліміздің өскелең ұрпағын ойлы да іскер, өзіне – өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Ұстаздардың міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру. Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақылды, парасатты, ой – өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен, жаңаша әдіспен жұмыс істеуін қажет етеді [1].

Білім негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан, бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқыту мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан – жақты ізденістер жасау қажет. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау мұғалімнің басты қағидасы болуы шарт.

Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыруы үшін, өздігінен ізденіп, қажетті әдебиеттерді оқып, бақылау, тәжірибе жасап, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені, өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алу, оның жолдары мен дағдыларына үйрену белсенділіксіз мүмкін емес [2].

Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.

Педагогика ғылымында шағын жинақталған мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктерін арттыру мәселесіне арналған ғылыми-педагогикалық және жекелеген әдістемелік зерттеулер әлі де жеткіліксіз болып отыр. Бүгінгі күні Республика мектептерінің 50 пайыздан астамын, ал ауыл мектептерінің 90 пайызға жуығын шағын жинақты мектептер құрайтындығы белгілі.

Осыған байланысты оқушылар саны аз мектептер мен сыныптарда қалай оқыту керектігі жөніндегі мәселе бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеулер, ғылыми тұжырымдамалар өте қажет-ақ.

Шағын жинақталған мектептің негізгі белгілерінің бірі ретінде мектептегі және сыныптағы оқушылар санының аз болуын айтуға болады. Ендеше, оқушылар саны аз сыныптарда оқытудың оқушылар саны толық сыныптарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерінің болуы заңды. Ғалым-әдіскерлердің зерттеулері және мектеп тәжірибесі оқушылар саны 10-нан кем болатын сыныптарда оқыту әдістемесіне айтарлықтай өзгеріс енгізу керектігін дәлелдеп отыр. Сыныпта оқушылар санының аз болуы мұғалім үшін «қолайсыз жағдай» туғызады. Өйткені, мұғалімнің оқыту әдістерінің әртүрлі түрлерін, оқытудың басқа да формаларын, көрнекі құралдарды т.б. қолдану мүмкіндігі шектеулі болып қалады. Жаңа материалды түсіндіру кезінде қойылатын проблемалық мәселелерді шешуде, ойлаған нәтижеге жетуде қиыншылықтарға кездеседі. Сыныптағы оқушылар санының аз болуы оқушылар үшін де қиындық туғызады. Өйткені, әрбір оқушы үнемі «жауап беруші» рөлінде болады. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, бір оқушыдан бір оқу күнінде 18-25 ретке дейін, кейде тіпті одан да көп рет сабақ сұралады екен. Бұл, әрине, бастауыш сынып оқушысы үшін өте үлкен жүктеме. Оқушыдан осылайша күнде сабақ сұрау балаға эмоционалдық және психологиялық даму жағынан да кері әсер етеді. Дәстүрлі жаппай ауызша сұрау әдісі оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттырмайды, керісінше оқушылардың жауап беруін тежейді. Мұндай сыныптарда мұғалім оқушылар тарапынан жауап беруден «бас тарту» жағдайымен жиі кездеседі. Оқушылар әлсін-әлсін сұраудан «ығыр» болады, нәтижесінде мұғалім мен оқушы арасындағы нәзік байланыс үзіледі [3].

Шағын жинақты мектептерде осындай «ыңғайсыз» жағдайдың алдын алу үшін және оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдарын іздестіру шағын жинақты мектеп мұғалімінен оқушының сабақтағы іс-әрекетін педагогикалық және әдістемелік тұрғыдан сауатты, әрі тиімді ұйымдастыруды талап етеді. Мұндай мектептерде оқушының танымдық белсенділігін арттыруда маңызды рөл атқаратын жұмыстың бір түрі – оқушылардың өздігінен атқаратын жұмысы. 1-сыныптан бастап оқушыларды өзіндік жұмыстарды орындауға үйрету керек. Алғашқыда шығармашылық тапсырмалар көлемі жағынан үлкен емес, ұқсату сипатына ие болады, яғни балаларға үлгі бойынша тапсырмалар беріледі. Мысалы, «Қанша үшбұрыш болса, сонша шаршы сыз, бұл санды цифрмен жазып көрсет». Біртіндеп тапсырмалар күрделене түседі және шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға ұласады. Оқыту процесінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, т.б. жұмыс істеуге үйренеді. Өздік жұмыстарды ұйымдастыру сапалы және дидактикалық тұрғыдан көздеген мақсатқа жетуі үшін алдымен «өздік жұмыс» ұғымының мәнін анықтап алу қажет.

Оқушының өздігінен орындайтын жұмысы деп, берілген уақыт аралығында мұғалім басшылығымен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз атқаратын белсенді танымдық іс-әрекетін айтамыз [3].

Оқушыларға өздік жұмысты орындату кезінде өздік жұмыстардың бір-бірімен тығыз байланысты мынадай екі міндетін ескеру қажет:

Оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту және білімді өздігінен игеруге дағдыландыру;

Оқушылардың игерген теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары ой еңбегін дамытуға бағытталады және берілген тапсырмаларды орындаудың ең тиімді тәсілдерін өздігінен іздестіруін мақсат етеді. Оқу сабақтарында және сабақтан тыс уақыттарда оқушылардың орындайтын өздік жұмыстарының мынадай түрлерін атап айтуға болады: оқулықпен, оқу құралдарымен және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу; есептер мен мысалдарды шығаруға және түрлі жаттығуларды орындауға байланысты өздік жұмыстар; үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу; әртүрлі тақырыпқа байланысты баяндамалар, хабарламалар жасау; реферат жазу; көрнекіліктер дайындау; саяхат кезінде өлшеуге немесе есептеуге байланысты практикалық сипаттағы тапсырмаларды орындау және т.б.

Дидактикалық мақсатқа байланысты өздік жұмыстарды былайша топтастыруға болады:

Жаңа білімдерді игеру және оны одан әрі тереңдету.

Жаңа материалды бекіту мақсатында орындалатын өздік жұмыстар.

Өткен материалды қайталау және еске түсіру мақсатында орындалатын өздік жұмыстар.

Білім, білік және дағдыларды қолдана білу мақсатында орындалатын өздік жұмыстар.

Оқушылардың білім, білік және дағдыларының сапасын тексеру мақсатында орындалатын өздік жұмыстар.

Сонымен бірге өздік жұмыстардың ауызша және жазбаша орындалатын, сыныптағы немесе үйдегі, жалпы сыныптық, топтық және жеке түрлері де қолданылады.

Оқу материалының мазмұнына, материалдың ерекшеліктеріне, қолда бар оқу жабдықтарына және басқа да факторларға байланысты мұғалім оқу процесінде сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес өздік жұмыстардың түрлерін немесе олардың бірнешеуін тиімді қолданудың тиімді жолдарын жоспарлауы тиіс. Оқушыларға берілген әрбір өздік жұмыстың белгілі бір мақсаты болуы керек. Өздік жұмыс оқушыға түсінікті, қызықты, әрі оқушының қызығушылығын тудыратындай болуы керек. Осыған байланысты оқушыға ұсынылатын өздік жұмыстар теориялық материалды да, практикалық жаттығуларды да және зерттеушілік сипатындағы тапсырмаларды да қамтуы тиіс. Өздік жұмыстар бірте-бірте күрделеніп, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталғаны дұрыс [3].

Өздік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде мынандай талаптардың сақталғаны дұрыс:

1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;

2.Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуы тиіс;

3.Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;

4.Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.

Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

Мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

Өз бетінше жұмыстың түрлерін қолдана отырып, сабақтың барлық жүйесінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту керек. Оқулықпен жұмыс істеуде, есептерді шығару, мазмұндама, лабораториялық жұмыстарда және еңбек тапсырмаларын орындау кезінде өз бетінше жұмыс түрлерін жан-жақты қарастырады.

Дидактикалық мақсатта өз бетінше жұмыс жаңа сабақты меңгеруге дайындық, жаттығулық, қайталап пысықтау және бақылау болып бөлінеді.

Дайындық сипатындағы өз бетінше жұмысы жаңа сабақты сапалы түрде меңгеру, жаңа дағдыны қалыптастыру, өткен материалдарды қайталау мақсатында қолданылады.

Жаңа білімді меңгеру үшін жоғарғы сыныптарда өзбетінше жұмыс кең көлемде қолданылады, ал бастауыш сыныптарда мүлде қолданылмайды деп айтуға болады. Өз бетінше жұмысты қолдану, білім, іскерлік және дағдыларды бекіту және қалыптастыруда орындалады.

Қайтадан пысықтап қайталау өзбетінше жұмыстың тақырыпты оқудың немесе бағдарлама бөлімін пысықтауды қажет етеді. Ол жазбаша жұмыс түрлерімен және бақылау жұмысымен ерекшеленеді [4].



Мұғалім оқушылардың өздері орындайтын жұмыс түрлерін әр пәннің ерекшелігін ескеріп, күні бұрын жоспар жасап әр тақырыптың ауыр, жеңілдігіне қарап ұйымдастыруы тиіс. Сонда ғана әр сыныптағы сабақ жүйелі, ал оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы сапалы болады. Яғни мектептің бастауыш сыныптарында білімнің негізгі қалануымен бірге, өзбетінше жұмыстардың өте қажетті іскерліктері де қалыптасуы қажет.
Шағын жинақталған мектептердегі сабақтың шамамен 20-25 минутында балалар мұғалімнің басшылығынсыз өзбетінше жұмыс істейді.
Бір сыныппен жұмыс істейтін мұғалім кей сабақтарында өзбетінше жұмыс өткізбеуі де мүмкін. Ал бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің педагогикалық міндеті жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойылатын талаппен бірдей, бірақ өзбетінше жұмыс көбірек істелінеді.
Шағын комплектілі мектептер жұмысының жемісті болуы сабақтың өзбетінше жұмыстарды орындауға берілген уақытын тиімді пайдалана білуге байланысты.
Өзбетінше жұмысқа берілетін тапсырманың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы керек. Мұндай жұмыс тапсырылғанда оның ауыр, жеңілдігіне, қанша уақытта орындалатынына баса назар аударған дұрыс [4].
Мұғалім бір мезгілде екі немесе бірнеше сыныппен қатар жұмыс істейтіндіктен, бір сыныпқа жаңа материалды түсіндіргенде, басқа сыныптар өздік жұмыстар атқарулары тиіс. Шағын жинақталған мектептерде оқушылардың өзбетінше атқаратын жұмыстары сабақтың 50-60 пайыз бөлігін құрайды. Ендеше, шағын жинақты мектеп оқушыларын 1-сыныптан бастап, өздік жұмыс істеуге дағдыландыру маңызды болып есептеледі. Шағын жинақталған мектептердің негізгі ерекшеліктерінің бірі ретінде сыныптағы оқушылар санының аз болатындығын айтуға болады. Сыныптағы оқушылар саны аз болғандықтан, мұғалім әр оқушының қабілетін, даму және өздік жұмыстарды орындау деңгейлерін жақсы біледі. Сондықтан, өздік жұмыстардың тапсырмаларын іріктеу кезінде мұғалім әр оқушының өзіндік ерекшеліктерін есепке алып, жекелеген тапсырмаларды ұсынуға болады. Дегенмен, шағын жинақталған мектептерде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді етуде маңызды рөл атқаратын дифференциалды оқыту мен өздік жұмыстарды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері де бар. Оқушылар саны толық сыныптарда қабілеті жоғары, орташа және қабілеті төмен топтардың барлығында да оқушылар болады. Ал оқушылар саны аз сыныптарда оқушылардың барлығы да осы топтардың біреуіне ғана енеді немесе осы топтардың әрқайсысында бір-бір оқушыдан болуы мүмкін. Шағын жинақталған мектептерде оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың өзіндік қиындықтары да бар. Мұндағы негізгі қиындық – оқушылардың өзіндік іс-әрекетін басқарудың болмауы. Мұғалім оқушыға өздік жұмысты беру кезеңінде нұсқаулар берумен шектеліп, қалған уақытта жұмыстың орындалу барысын толық бақылауында ұстай алмайды. Өйткені, мұғалім басқа сыныппен жұмыс істейді. Сондықтан оқушыға берілетін нұсқаулар толық әрі жан-жақты болғаны дұрыс. Қорыта айтқанда, шағын жинақталған мектептерде сабақты тиімді ұйымдастырудың бірден-бір жолы оқушылардың өздік жұмыстарын дидактикалық талаптарға сай сауатты ұйымдастыру болып табылады [5].
Сөз соңында, шағын жинақталған мектептерде қордаланған мәселелерге тоқталып, олардың бірнешеуін айта кеткім келеді. Шағын жинақталған мектептер негізінен келешегі бұлыңғыр ауыл мектептері екені белгілі. Осыған дейін де, қазір де ауылдың шағын мектептері оқу-тәрбие үдерісін іске асыруда күрделі мәселелерге, қиыншылықтарға тап болып отырғаны ешкімге де құпия емес. Әсіресе оқу үдерісіне байланысты шешілмеген, ғылыми жүйелендірілмеген мәселелер жетерлік. Жалпы білім беретін ауыл мектептерінің қала мектептерімен салыстырғанда жағдайы төмен. Сондықтан, шағын жинақты мектеп мәселесін мемлекеттік деңгейде қарастырып, шешкен дұрыс [6].
Соңғы жылдары қаржы тапшылығының желеуімен ауылдық жерлерде кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілмей келеді. Мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орындарының ауыл мектептерімен байланысы үзілген. Білім алушыларды машықтандырудан өткізуге қала мектептері таңдалып алынады. Шағын жинақты ауыл мектептерінің ерекшеліктерін ескере отырып, білікті мамандар даярлау, олардың біліктілігін жетілдіру мен қайта даярлау, ауыл мектептерінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуге байланысты мәселелерді шешу уақыт талабы болып отыр [7].
Қазақстан Республикасының білім саласында барлық деңгейде сапалы білім алуға кең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық модельді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Дей тұрғанмен, шағын жинақты мектептер мәселесін шешу мемлекеттік деңгейде қолға алынғаны дұрыс болар еді. Бүгінгі күні шағын жинақты мектептерге байланысты қордаланған мәселелер баршылық. Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің ғылыми негізделген және бекітілген балама модельдерінің болмауына байланысты материалдық-техникалық жабдықтауда аймақтың бөлетін қаражатына байланысты қаржыландыру жүйесі, педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда әртүрлі тәсілдер қолдану жүзеге асырылуда. Жекелеген мектептердің мол тәжірибесі мен табысты нәтижелерінің болуына қарамастан, түлектердің мектептен кейінгі жағдайын талдап, шағын жинақты мектеп оқушыларының жалпы білім деңгейінің көрсеткішін анықтау жұмысы жүргізілмейді десе де болады.
Қазақстандағы шағын жинақты мектептерді дамытудың негізгі проблемалары ретінде келесі мәселелерді бөліп көрсетуге болады. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы оқушылар саны аз сыныптарда оқытудың дәстүрлі емес әдістемелерін қолдану үнемі мүмкін бола бермейді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігі жоқ, білім алушылар санының аздығына байланысты сапалы бейінді оқытуды ұйымдастыру да ойдағыдай емес. Шағын жинақты мектептерде олардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық база жетілдірілмеген, осыған арналған үлгілік оқу жоспары мен бағдарламалары да қарастырылмаған. Мұғалім үшін білімді дамытудың перспективаларын есепке алатын қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде шағын жинақты мектеп жағдайында оқыту үдерісін ұйымдастырудың құралдары мен әдістемелік ұсыныстары жоқ, әдіснамалық, мазмұндық, әдістемелік, технологиялық компоненттер нашар әзірленеді. Ал, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуіне тоқталсақ, олардың көбі ыңғайластырылған ғимараттарға ғана орналастырылған.
14. Шағын жинақталған бастауыш мектептің оқу процесінде оқыту технологияларын қолданудың маңызы

15. Шағын жинақталған мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі

16. Шағын жинақталған мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі

17. Шағын жинақталған мектепте математиканы оқыту әдістемесі

18. Шағын жинақталған мектепте технология пәнін оқыту әдістемесі

19. Шағын жинақталған мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесі

20. Шағын жинақталған мектепте дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі

21. Шағын жинақталған мектепте музыка пәнін оқыту әдістемесі

22. Шағын жинақталған мектепте әдебиеттік оқу пәнін оқыту әдістемесі

23. Дидактикалық ойын ұғымы және шағын жинақталған мектептің оқу процесінде қолданылатын дидактикалық ойындар

24. «Технология», «Педтехнология», «Инновация» ұғымдары туралы түсінік

25. Шағын жинақталған мектептердің тарихы туралы түсінік

26. Шағын жинақталған мектеп ұғымы және шағын жинақты мектепте оқыту ерекшеліктері

27. Шағын жинақталған мектепте сыныпт-комплектілерді құру жолдары

28. Шағын жинақталған мектептегі сабақ кестесіне қойылатын талаптар

29. Шағын жинақталған мектеп мұғалімінің жоспарына қойылатын талаптар

30. Шағын жинақталған мектепте жұп алмасу әдістемесін қолданудың жолдары

31. Шағын жинақталған мектептің оқу сабақтарында П.М.Эрдниевтің технологиясын қолдану жолдары

32. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы және оны шағын жинақталған мектепте қолдану жолдары

33. Шағын жинақталған мектептің оқу процесінде топтық, жұптық және басқа да тәсілдерді қолдану жолдары

34. Шағын жинақталған бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін дамыту жолдары

35. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау.

36. Шағын жинақталған мектептің оқу процесінде критериалды бағалау жүйесін қолдану жолдары

37. Шағын жинақталған мектепте оқыту технологияларын қолданудың маңызы



40. Шағын жинақты мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру жолдарыТехникаға қабілеті

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет