2-тапсырма:«Сілтілік металдар» сөзжұмбақ.
Екінші топқа бериллий, магний, кальций, стронций, барий, кальций элементтері кіреді. Оның ішінде кальций, стронций, барийді сілтілік –жер металдар деп атайды. Магний, кальций, стронций, барийді таза күйінде, 1808 жылы Дэви алған. Бериллийді1828 жылы, радийді1910 жылы Пьер және Мария Кюрилер алған.
Кальций – күмістей ақ түсті жеңіл металл.. Едәуір қатты металл. Балқу температурасы – 840 0 С
Магний- ақ түсті металл, кальцийден аздап қатты. Балқу температурасы - 651 0 С. Mg пластикалығы басым, жеңіл созылады және иіледі. Сyдың кермектілігі – 1 литр сyдағы кальций және магний иондарының мг-эквивалент мөлшері.
Металлдар
Магний
Кальций
Атом құрылысы
2е 8е 2е
2е 8е 8е 2е
Табиғатта кездесуі:
Таралуы бойынша сегізінші орында,200 минералдың құрамына кіреді: MgCO3 магнезит, MgCO3*CaCO3 доломит, KCl*MgCl2*6H2O карналлит, Mg2SiO4 оливин, 3MgO*2H2O*2SiO2 асбест. В Қазақстанда доломит пен, асбесттің қоры бар. Мұхит,теңіз,тұзды көлдер суларында магнийдің көп мөлшері бар. Магнийсіз фотосинтез процесі жүруі мүмкін емес , адам ағзасына магний қажет.
Жер шарында кең таралған элемент, жер қыртысындағы таралуы бойынша 5 орында,ал табиғатта кальций қосылыс тарын бар жерде кездестіруге болады:тау жыныстары,сазды кендер,мұхит,теңіз,өзен сула рында,өсімдікпен жануар организмдерінде. Кең таралған қосылыстары: кальций карбо наты - бор, мрамор, әктас,ұлу тас, кальцит, маржан, коралдар, , перламутр;ғанышСаSО4*2Н2О; фосфорит и апатит Са3(РО4)2, флюорит СаF2.
Физикалық қасиеттері
Ақ түсті,жеңіл,ауада тез арада оксид қабықшасымен қапталатын металл, балқу температурасы -651 С, кальцийден қаттылау.
Күмістей ақ түсті металл,қатты лау тығыздығы(1,55) балқу температурасы– 840С,сілтілік металдар сияқты сақтайды.
Химиялық қасиеттері
Сілтілік металдардан белсендігі сәл төмен
Галогендермен: Mg + Cl2== MgCl2 Күкіртпен: Mg +S== MgS
Жанады: 2Mg + О2== 2MgО
Сумен :Mg +Н2О== МgО+Н2 Қышқылдармен конц Н2SО4 енжарланады. :
Көптеген металлдарды тотықсыздандырады:
TiCl4+ 2Mg==2MgCl2 +Ti
Сілтілік металдармен салыстырғанда белсендігі аз төмен
Галогендермен: Ca + Cl2== СаCl2. Күкіртпен: Са +S== СаS
Жанады: 2Са + О2== 2СаО
Сумен : Са +2Н2О== Са(ОН)2+Н2 Көптеген металлдарды тотықсыздандырады:Ti,Zr,V,Uоксидтері мен хлоридтерінен тзд металл алады.
Кальций құймалары авиацияда, машина жасауда қолданылады
Видеоролик. Кальций қолданылуы
Маңызды қосылыстары
қасиеттері
Кальций-оксиді СаО сөндірілмеген әк
Ақ түсті қиын балқитын зат,оны жоғары температурада ңк тасты қыздырып алады,сілтілік жер металл оксиді болғандықтан сумен жақсы әрекеттеседі. Реакция шабытты жүріпсу қайнап буға айналып,бопылдақ ақ ұнтақ түзіледі.
Суда аз ериді,оның қаныққан ерітіндісін лабораторияда көмір қышқыл газын анықтау үшін жиі қолданады.
Са(ОН)2+ СО2== СаСО3+ Н2О
Са(ОН)2+ СО2+ Н2О == Са(НСО3)2
Ғаныш СаSO4*2H2O
Кальций қосылыстарының сумен химиялық байланысып кристаллогидраттар түзу қабілетін құрылыста жиі қолданады.
Алебастр
СаSO4*0.5H2O
Ғанышты өңдегенде кристаллдық суын жоғалтады:
СаSO4*2H2O =СаSO4*0.5H2O+1.5 Н2О Алебастр ұнтағын сумен араластырғандакері реакция жүреді.
Магний оксиді MgO-магнезия
Жеңіл,борпылдақ,ақтүсті ,суды жеңіл сіңіретән ұнтақ, спорттық гимнастикада қолданады.
Магний сульфаты MgSO4*7H2O-ащы немесе ағылшын тұзы
Медицинада, қағаз алуда, жанбайтын материалдар жасауда қолданады.
Магний силикаты-асбест
Табиғи талшықты минералды заттың сирек мысалы,жылу оқшаулағыш, жанбайтын материалдар жасауда қолданылады, жұмсақ,жанбайтын,жеңіл,жылу өткізгіштігі төмен.
Табиғатта таза су болмайды ,ол үнемі қоспалар түрінде болады.Табиғи су топырақпен жанасқанда ондағы карбонаттармен гидрокарбонаттарды және басқа тұздарды шаяды. Бұндай суды кермек су деп атайды Судың кермектігі суда Са2+, Мg2+ иондарының болуымен түсіндіріледі. Судың кермектігі
Тұрақты
уақытша
Кальций және магний ( сульфаттары, хлоридтері, нитраттары, дигидроортофосфаттары). Тұрақты кермектікті қайнату арқылы жоя алмаймыз.
Әк суын немесе соданы қосу арқылы кетіреміз.
1. CaSO4 + Na2CO3 ==CaCO3+ Na2SO4
Кальций және магний гидрокарбонаттарының болуынан карбонаттық немесе уақытша кермектік болады.
1.Суды қайнатып,қақ түрінде бөлуге болады:Са(НСО3)2=СаСО3 + СО2 + Н2О
2.Әк сүті мен сода қосу арқылы кетіруге болады: Са(НСО3)2+Са(ОН)2=2СаСО3 + 2Н2О
Mg(HCO3)2+Na2CO3=MgCO3 + 2NaHCO3
1.Лабораториялық тәжірибе «Көміртек (4) оксидімен әрекеттестіру үшін әк сүті немесе әк суын дайындау)»
Са(ОН)2+ СО2== СаСО3+ Н2О СаО +Н2О –---Са(ОН)2 (ф/ф таңқурай түсті)
2.Лабораториялық тәжірибе «Кальций» дәрісін дайындау. 3.Барий хлоридінің ертіндісін көру.