Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік унверситеді


Гетеретрофты организмдерге-



бет3/5
Дата10.12.2023
өлшемі438,89 Kb.
#135678
1   2   3   4   5
2. Гетеретрофты организмдерге- (heteros –баска, trophe - коректену) көміртегін дайын органикалық қосылыстардан алатын микроорганизмдер жатады. Бұларға шіріту бактериялары, әр түрлі ашу процесін коздырушылар және ауру туғызушы микробтар жатады. Сонымен қатар олар зат алмасу процесінде түзілетін көмір қышқылын да пайдалана алады. Сөйтіп, бұл микроорганизмдердің табиғаттағы өлі қалдықтарды ыдыратудағы ролі үлкен.
Бактерийлардың метаболизмы
Анаболизм Катаболизм
Аутотрофты Гетеротрофты
сапрофиттер паразиттер
патогенді шартты-патогенді
Энергияның көздері және электрондардың
Микробтық жасушаларды энергия көздерінің түрлеріне қарай қабылдауына байланысты, оларды фототроф және хемотрофтарға бөледі.
Фототрофты бактериялар күн сәулесінің энергиясын пайдалана алады. Оларды сондай-ақ фотосинтездеуші бактериялар деп атайды. Адам үшін патогенді микроорганизмдар олардың арасында жоқ. Субстраттарда тотығу-тотықсыздану реакциялар арқылы энергия алу қабілеті бар басқа прокариоттарды хемотрофтар деп атайды.
Хемолитотрофтылар — қуатты органикалық емес заттарды толықтырудан аладыхемоорганотрофтылар — көміртек пен қуатты органик. заттардан аладыБұған топырақта тіршілік ететін көптеген аэробты және анаэробты микроорганизмдер жатады. Олардың ішінде сапрофиттер және паразиттер де кездеседі. Қоректенудің осы екі тәсілі бірқатар микроорганизмдерде де байқалады. Мыс., сутек бактериялары. Қоректік ортада оттек немесе органик. қышқылдар көп болса, сутек бактериялары хемолитотрофты қоректенуден хемоорганотрофты қоректенуге ауыса алады.
Әр түрлі реакцияларды жүзеге асыру үшін жасушаларға электрондар қажет. Биохимиялық өзгерістер процесінде электрондардың беретін заттарын донорлар деп атайды.
Ал электрондарды алатын молекулаларды акцепторлар деп атайды.
Электрон көзі келесі бейорганикалық қосылыс Н2, H2S + NH3, Fe +2 болып табылатын микроорганизмдерді литотроф (- тас litos) деп атайды. Ал электрондардың доноры органикалық қосылыстар болып табылатын басқа бактерияларды органотроф деп атайды.
Микроорганизмдердің барлығы дерлік минералдық заттар мен дәрумендерді қажет етеді. Олар минералдық заттарды көп мелшерде пайдаланбайды. Бұған 10 миллиард бактериялар клеткасында 1 миллиграмм минералдық заттың болатыны анық мысал бола алады. Бірақ минералдық заттар болмаса олар қалыпты тіршілік ете алмайды. Минералдық заттардың біразын (фосфор, күкірт, калий, магний және темір) микроорганизмдер минералдық тұздардан алады да, қалған қажетті мөлшерін органикалық заттар ыдырағанда алады.
Әр түрлі микроорганизмдердің дәрумендерді талап етуі де түрліше. Ол қоректік ортаның құрамына және дәрумендерді микроорганизмдердің сіңіру қабілетіне тікелей байланысты. Микроорганизмдердің кейбір түрі өздерінің тіршілік еткен ортасында тіршілік әрекетінің нәтижесінде едәуір мөлшерде В6, В12 және Д дәрумендерін өздері түзе алады. Мұндай микробтарды қазіргі кезде қажетті мелшерде өндірістік жолмен дәрумен алуға пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет