Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік унверситеді БӨЖ
Микробиология
Тақрыбы Микроорганизмдер-дің зат алмасуы
Оррындаған;Жақсыбек Ш
Қабылдаған;Асанова Ғ
Зат алмасу метаболизм – клетканың тіршілігін қамтамасыз ететін, организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың клеткалар мен органдарға тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, клетка құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. \r\n\r\nКлеткадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін – метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттер деп аталады.
Кіріспе . Микроорганизмдер физиологиясы Тіршілік әрекеті барысында микроорганизмдер басқа жануарлар сияқты қоректенеді, тыныс алады және көбейеді. Клеткаға келіп түскен қоректік заттар оның қабығын және цитоплазмасын құрауға және сонымен бірге энергия алуға жұмсалады. Тіршілік әрекеті барысында микроорганизмдерде ассимиляция және диссимиляция процестері дамылсыз жүріп жатады. Бұл процестерді физиология ғылымы зертейді
Микроорганизм клеткасының органикалық заттары Микроорганизмдердің жасушаларының құрамында аз мөлшерде кейбір ферменттердің активті орталарының құрамына кіретін микроэлементтер болады (мыс, цинк, марганец, молибден, никель: Cu, Zn, Mn, Mo. Ni және т.б элементтер). Су — бактерия клеткаларының құрамындағы негізгі заттардың бірі. Ылғалды жерде ғана клеткада өте күрделі химиялық процестер жүреді. Қоректік заттар сумен бірге клеткаға түссе, керексіз заттар сол су молекулаларына ілесіп сыртқа бөлініп шығады. Құрғақ заттың ең негізгі бөлігі — белоктық заттар. Оның мөлшері құрғақ заттың 80% тең. Қоректік орта азотты заттарға бай болғанда бактериялар клеткасындағы белокта едәуір мөлшерге артады.