Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі үшін



Pdf көрінісі
бет36/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   132
Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі үшін 
адам 
капиталының сапасын көтеріп
кадрлардың бәсекелестік 
қабілетін арттыруымыз қажет»
– деп білім беру орындарының 
алдына нaқты тaпcыpмaлap мiндeттeлгeн бoлaтын (сурет 11). 
Елбасы ұсынған нақты шаралардың барлығы елдің ертеңі болатын 
бүгінгі білімгерлердің, ертеңгі мамандардың жарқын болашағының 
айғағы. 
Сурет 11 – Білім беру саласы - «100 нақты қадам» Ұлт жоспары  


83 
Өзідігінен білім алу - мақсаты білім берудің тиімділігі мен 
сапасын арттыру болып табылатын болашақ мұғалімнің кәсіптік 
қызметінің қажетті шарты. 
Қазіргі заманғы мұғалім өзінің білімі мен дағдыларын үнемі 
жетілдіріп, өздігінен білім алып, көпқырлы қызығушылыққа ие 
болу керек. 
Қоғам әрдайым болашақ мұғалімге жоғары талаптар қойған 
және келешекте де соны талап етеді. Өзгелерді үйрету үшін тек 
өзіңіздің пәніңізді және оны оқытудың әдістемесін біліп қана 
қоймай, сонымен қатар жақын ғылыми, қоғамдық өмірдің түрлі 
салаларында біліміңіз болып, заманауи саясат, экономика 
жағдайларынан және т.б. хабардар болуыңыз қажет. 
Өздігінен білім алу - бұл адамның өздігінен үйреніп, өзін-өзі 
тәрбиелеу арқылы білім алу түрі.
Өздігінен білім алу жеке тұлғаның өзі басқаратын мақсатқа
бағытталған танымдық іс-әрекеті, ғылымның, техниканың, 
мәдениеттің, саяси өмірдің және т.б. қандай да бір саласында 
жүйелі түрде білімге қол жеткізу болып табылады.
Өздігінен білім алу мағынасы, көбіне, «білім беру», «тәрбие 
беру», «өзін-өзі тәрбиелеу», санатындағы түсініктер жүйесінде 
қарастырылады (Сурет 12). 
Сурет 12 - Өздігінен білім алу санатындағы түсініктер 
Адамдарда өзінің әрекетіне іштей қанағаттанбай, қайта 
даярлаудан өтуге, кейінгі кәсіби білім алуға деген саналы 
қажеттіліктің пайда болатын кезі туындайды. Өздігінен білім алу 


84 
әрдайым жеке маңыздылыққа ие, ол қажеттіліктер негізінде 
туындайды және ол кәсіптік қызметте, күнделікті өмірде, қоршаған 
ортаны тану және әлеуметтік қоғамда, өзін-өзі жүзеге асыру 
мақсатында өзінде белгілі бір қасиеттерді тәрбиелеу үдерісі кезінде 
жүзеге асырылады. 
Компьютер мен интернеттің пайда болуы өмірде қолданысқа 
енуіне байланысты болашақ мұғалімнің өздігінен білім алу 
мүмкіндіктері айтарлықтай артты. Жаңа тақырыптар, қызықты 
мәселелер және оларды іске асыру жолдары пайда болады. Басты 
мақсаты - оқытудың тиімділігін арттыру болып табылады. 
Бүгінгі таңда қоғам өз тарихындағы ең терең және жылдам 
өзгерістерді бастан кешуде. 
Бір рет білім алудың өзі өміріміздің соңына дейін жеткілікті 
болатын бұрынғы өмір стилінің орнына жаңа өмір сүру 
стандартының пайда болуына алып келеді. Адамның кәсіби 
құзыреттілігінің көрсеткіштерінің бірі – қанағаттанбаушылық. 
Қазіргі жағдайда кемеліне жетпегендігін түсіну және өсуге өзін-өзі 
жетілдіруге ұмтылу түрінде байқалатын оның өздігінен білім алуға 
қабілеттілігі болып табылады.
ХХІ ғасырда мобильді, динамикалық, ақпараттық қоғам 
жағдайында өзідігінен білім алу, біліктілікті арттыру үздіксіз және 
ұйымдасқан түрде жүзеге асырылуы тиіс үздіксіз кәсіби білім 
берудің ажырамас бөлігі.
Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді іс-
әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Біздің елімізде жаңаша 
білім беруде әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына 
ену мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Бүгінгі білім беру үрдісі 
адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің 
«Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен 
әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығарма-
шылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі 
таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті 
мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - 
әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.
Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі 
міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, 
мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.
Мұғалімнің кәсіби шығармашылығы - оның жан-жақты 
білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін 


85 
меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл 
болса, оның білім беру аясы да соғұрлым кең болмақ.
Аталған 
талаптар 
мұғалімнің 
шығармашылық 
іспен 
айналысуын қажет етеді. Жаңашыл мұғалім – өзін-өзі дамытып 
отыратын тұлға.
Өздігінен білім алудың әдістері мен құралдары. Өз бетімен 
білім алудың тиімді шарттары. Жылдам оқудың техникасы және 
әдістемесі. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет