79
өмірге
дайындап жатқанын, өз бойындағы қайсы қасиеттердің
келешекте қажеттігін, немесе керісінше, өз іс-әрекетінің қай
тұстары бекер өтіп жатқанын байқай алуы керек.
Өзін-өзі талдау
- өзін-өзі танудың екінші тәсілі. Бұл үдеріс –
өте күрделі, ол
фактілердің сыни бағалануын, оның белгілі
құндылықтар мен сәйкестілігін талап етеді.
Өзін-өзі талдаудың жиі кездесетін түрі – адамның өзін идеал
мен, немесе достарымен, не өткендегі немесе келешектегі өзінің
бейнесімен салыстыру тәсілі. Бұл
тәсіл студентке өзін даму
қозғалысында, үнемі өзгеру үдерісінде көруге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі танудың белсенді тәсілі өзін-өзі сынау болып
табылады. Бұл тәсілді қоғамдық ұйымдастыру жұмыстарында,
ұжымдық қарым-қатынас жасағанда, құрылыс жасақтары сияқты
қоғамдық жұмыстарда жүзеге асыруға болады.
2.
Өзін-өзі ынталандыру
.
Өзінің кемшіліктері мен жетістіктерін
білу олармен күресу қажеттілігін тудыруға
жеткіліксіз екендігі
жақсы белгілі. Ол үшін мақсатқа ұмтылушылық, ерік күші, т.б.
тұлғалық қасиеттер қажет. Өзін-өзі сынаудың ынталандырушы
әсері болады. Алдымен, тұлға өзінің кемшіліктерін анықтап, шеше
білуі қажет. Екіншіден, өз өміріне белгілі бірмақсат қоябілуі керек.
Әрине, мақсатты өз мүмкіндіктеріне қарай қоюы тиіс. Сонымен
өзін-өзі сынау мен өмірлік мақсатының болуы өзін-өзі тәрбиелеудің
ынталандырушы факторы болып табылады.
3.
Өзін-өзі бағдарлау
немесе
өзін-өзі тәрбиелеу жоспары
әртүрлі формада жүзеге асуы мүмкін: жазбаша түрде немесе саналы
мақсаттар мен міндеттер қойып ойша жоспарлау. Бірінші курс білім
алушыларына жазба түрдегі жоспарлау қолайлы болып табылады.
Кейінірек, өзін-өзі тәрбиелеу процедурасын меңгергеннен кейін,
жазба нұсқаның қажеті болмайды.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасы мен жоспарлау
түсініктерін ажырата білу керек. Өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасы
тұлғаның толық өзгеру мүмкіндігін анықтауды болжайды. Ал,
жоспарлау – нақты адам үшін жасалған өзін-өзі тәрбиелеудің нақты
әдістері мен құралдары, міндеттері және қолданылатын іс-шаралар.
Өзін-өзі тәрбиелеу жоспарын болашақ мұғалімдердің өздері де
жасай алады.
Дегенмен, оларға мұғалімнің көмегі немесе атақты
адамдардың өзін-өзі тәрбиелеу жоспарларының үлгісі мен танысу
тиімді. Мысалы, К.Д.Ушинский жас кезінде мынадай жоспар
құрған:
1. Байсалдылық, кем дегенде сыртқы байсалдылық.
80
2. Сөз бен іс-әрекеттегі турашылдық.
3. Іс-әрекеттің саналылығы.
4. Шешімді тез қабылдаушылық.
5. Егер қажет болмаса өзі туралы бір сөз де айтпау.
6. Уақытты саналы өткізу.
7. Әр күні кеште өз іс-әрекеттеріне есеп беру.
8. Еш қашан болған нәрсеге немесе болатын нәрсеге
мақтанбау».
4. Өзіне-өзі ықпал етудің әдістері мен тәсілдері
. Өз
тұлғасына ықпал ету әдістері мен тәсілдері жүйесінің шегі
болмайды, мұнда әркімнің жеке шығармашылығына байланысты
әдіс-тәсілдер әр қилы болуы мүмкін.
Өзін-өзі тәрбиелеу жоспарын жасамастан бұрын, болашақ
мұғалім өз тұлғасы жайлы нақты ақпаратқа ие болуы керек.
Бастапқы бағыттарда қателіктерге жол берілсе,
өзін-өзі тәрбиелеу
амалға аспауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: