Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет43/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   132
3. Шаршы топта сөз бастаудың қиындығын аңғаруы. 
 
Терлеп көрмеген тер қадірін қайдан білсін. Мемлекеттік 
қызметкер әркез «Көш бастау қиын емес, қонатын жерде су бар; 
Қол бастау қиын емес, шабатын жерде жау бар; Шаршы топта сөз 
бастау қиын, шешімін таппас дау барлығын»; сөйленер сөздің 
«бастамасы», «ұсынбасы», «мазмұндамасы», «қыздырмасы», 
«қорытпасы» боларын білуі тиіс. Данышпан Абай айтпай ма, «сөз 
танымайтынға сөз айтқанша, өзіңді танитын шошқаны баққан 
жақсы» деп.
Демек, өзгеге қарата сөз сөйлеу, шаршы топта сөз бастау 
қайдан оңай болсын. Сөз екшей білу өнері тыңдаушы қауымның 
жүрек лүпілі мен сана-сезімінің өзі жеке ойымыз бен сөзіміз 
арасында байланыс орната білу білігінен құралмақ. Бұл арада біз 
адамзат жүрегінің түкпірін жете түсінуіміз, тіпті оның әрбір 
қалтарысты иірімдерін сезіне де аңғара білуіміз керек, тек сол 
жағдайда ғана айтылмақ сөзіміз өзгені иландырмақ. Мәселен, 
тыңдаушыларымыздың орнына өзімізді қоя отырып, таңдаған 
формамыздың тақырыппен үйлесімділігін, көпшілікті елегзітіп, 
еліте толғандыра аларлықтай сезім тудыратындығына көзімізді 
жеткізіп көрелік. Бұл ретте мүмкіндігінше қарапайымдылық пен 
табиғилық қалыпты сақтай отырып, «түймедейді түйедей» етпеуге, 
мәндінің құнын түсірмеуге ұмтылған дұрыс. Таңдаған сөйлеу 
формамыз мейлінше айқын да жарқын болғаны, мазмұнға сәйкес 
келуі және құрамына тек аса қажеттілерді ғана кіріктіргені жөн. 
Жалпы адам нені жан-тәнімен сезінсе, ұғынса, соны ғана ол жетер 
жеріне жеткізіп айта алмақ. Өзі жақсы білмейтін жайды 
уағыздағанда ғана кісі сөз таппай қалады. Адамды ой жетектей 
алса, ол анық сөйлемек, ал адам ойын жетектей алса, одан да анық 
сөйлері анық. Адам модадан шығып қалмайтындай етіп сөйлеп, 
жазуы үшін, қашан да ақ сөйлеп, адал жазу қажет-ақ (Р.Эмир). Бұл 
арада атақты Аристотельдің «Платон – менің досым, алайда ақиқат 
орны қымбат-ақ» дейтін сөзін естен шығармау жөн. 
Десек те, шешендердің жүйрік ой толғауы тыңдаушылардың 
талғамына тәуелді. Демек, 
әрбір кәсіби маман не айтарын, қашан 
айтарын және қалай айтарын жете түсінуі тиіс. 
Бұл ретте 
тыңдаушылардың назарын аудару үшін, қысқалық, ширақ сөйлеу, 
көңілді сергітетін қысқа да нұсқа қайырым-шегіністердің болуы 
алдағы межелі мақсатқа жетуге еселеп жәрдемдеспек. Алғыр 


100 
шешен күні бұрын тыңдаушылардың ойлары мен көңіл-күйін өткір 
сезінеді. Ол аса сақтықпен сөйлейді, әбден өзіне бағындырып алған 
соң, олардың сезім-күйлерін билеп әкетпек. Мемлекеттік 
қызметкердің сөйлеу стилі тартымды да отты болуы тиіс. Ол 
тыңдаушылардың ынтасын біржола өзіне қаратуы қажет. Кәсіби 
маман әңгімесі оқтын-оқтын шымырқанған шабытпен айтылып, 
қадау-қадау ой-пікірлерді жаудырып, төгіп, төпелеп жіберуі де 
кейде артық емес. 
Шешен қырағы, байқампаз болса, аудиторияның шын-
шырғасын шығармай уысында ұстары даусыз. Егер де шешен сөзі 
аудиторияға ғаламат әсер ететін болса, онда тыңдаушылардың 
көздері от шашып, жүздері гүл-гүл жайнап, ықыластанып, жұмсақ 
жымиып, бастарын изеп, қоштағандай, қолдағандай ым-ишараттар 
жасайды. Ыстық ықыласын, ізет-ниетін дауыстап та білдіреді. 
Сөйтіп, шешен мен аудиторияның құлшынысы бірдей оянып, оттай 
маздап, бір-бірін жетелеп, қоян-қолтық араласып, туысып кетпек. 
Қысқасы, кәсіби маман шешен ретінде оны тыңдамау, түсінбеу, 
онымен келіспеу мүмкін емес болатындай тұрғыда сөйлеуі дұрыс. 
4. Сөз сөйлеуге даярланудың қажеттігі туралы. 
 
Кәсіби маман небір өнер я даналық шыңына оларды оқып-
үйренбей жету әсте мүмкін еместігін; кімде-кім өз сөзін алдын-ала 
дайындаса, сол- халыққа нағыз берілген, шын мәнінде халық үшін 
қызмет ететін жан, ал көпшілік сөзімді қалай қабылдайды дегенге 
немқұрайлы қараушылық – сендіруді емес, күшпен көндіруді 
мақсат еткендік екендігін есте ұстағаны жөн-ақ. 
5. Сөйлеу мәдениеті туралы ойлануы. 
Сократ: «Сөйлеп көріңіз, 
мен Сіздің кім екеніңізді айтайын» деген. Демек, кәсіби маман 
адамның хайуанаттан артықшылығы тілі, ал оны орынды қолдана 
алмаған адамның хайуаннан бетерлігін есте ұстап, кез-келген 
сөйленген сөз жанды құбылыс іспеттес, ол бас-аяғы бар дене 
секілді және де тұтас кеуде тұсы мен аяқ жағы бір-бірімен 
үйлесімді де сәйкесімді әрі біртұтастықта өрілген болып келуі 
заңды; жақсы сөйлеу – жай ғана естіртіп жақсы ойлау екенін 
ескеруі ауадай қажет. 
6. Кәсіби маманның ұстамды да орынды сөйлей білуі 
ділмарлықтан көп артық. 
Шынында да, ақылды ақырын сөйлер де, 
жауабын күтер. Бұл ретте А.П. Чеховтың: «Мен өзімді тежеуге 
үйрендім, өйткені парасатты кісі өзін бетімен жібермеуі тиіс», – 
дегені бар. 


101 
7. Жылы жүзді, жылы сөзді бола білуі.
Кәсіби 
маманның 
сөйлеу 
сәтіндегі 
жан-дүниесінің 
қозғалыстары дене қимылымен ұштасуы тиіс. Бұл реттегі «От 
сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзіңіз» деген Шәкәрім сөзі ой 
салса керек. 
8. Әр сөздің айтылуына қарай мың сан мағынасы барлығына 
үңілуі.
А.С. Пушкиннің өзі мағынасыздықтың екі түрін көрсетеді: 
бірі– сезім мен ойдың жетімсіздігінен пайда болар сөздің көптігі, 
екіншісі – сезім мен ой асып-төгіліп жатса да, оны жеткізер сөздің 
кемдігі. Сондай-ақ шешен нәзік құбылыстарды қатқыл үнмен айтса, 
не болмаса ыңғайсыз әңгімелерді нәзік дауыспен жеткізсе, 
тыңдаушысын иландыра алар ма еді.
9. Қысқа да нұсқа сөйлеуге төселуі.
Ж.Баласағұни: «Көп сөйлеме азбен келтір иінін, Бір сөзбен 
шеш түмен сөздің түйінін»,-демей ме. Шын сөз қашан да нұсқа, 
жақсы сөз қашан да - қысқа болмақ. Көп сөйлеген мылжың шын 
сөзді аз айтады; Ақылы келте адамның әдетте тілі тым ұзын 
болады; Ойшыл адам, мүмкіндігіне қарай, көп ойды аз сөзге 
сыйғызуға тырысып, қысқа сөйлейді; Бүге-шүгесіне дейін түгін 
қалдырмай айтуға тырысу нәзік сезінуге қабілетті адамды 
жалықтырып, намысына тиеді; Тілінде тиегі жоқтардың бәрі 
бөспелер ауылынан. Ең бергісі жалған жымиып, босқа 
даңғырлайды. Қысқасы, «Аз сөйлер де, көп тыңдар, Хас асылдың 
баласы», – деп, Махамбет бабамыз айтқандай, кім-кімге де аз 
сөйлеп, көп тыңдаған жөн. Қашан да аз сөйлеген қателеспес, аз 
жеген ентікпес. Кәсіби мемлекеттік қызметкерлер ең қысқа сөздің 
мағыналы көзқарас екендігіне назар аударуы артық болмас еді. 
Демек, қазақтың Қабдоловына сүйене ой түйсек, «көп біліп, дөп 
сөйлеген-шешен, аз біліп, көп сөйлеген-мылжың». 
10. Үндемей қалудың да үлкен күш екендігін сезінуі. 
 
Исократқа сүйенсек, екі жағдайда ғана сөйлеуді қолдайды: 
бірі- өзіңнің сөйлер сөзіңді айқын ойланып алғанда, екіншісі - бір 
нәрсе жайында айтудың аса қажеттілігі туындағанда. Тек осы 
жағдайларда ғана үндемегеннен сөйлеуді мақұл көрсе, қалған 
тұстарда сөйлегеннен сөйлемегенді анағұрлым артық санайды. Шал 
ақын айтпай ма: «Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық, 
Бәйге алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық» деп. Иә, көп 
сөйлеген көп сәтсіздікке де ұшырамақ, ендеше сөзге сақ болу 
шешендіктен де асқақ. Өз саласының майталманы А.Ф. Кони мәнді 


102 
ештеңе айтпағаннан, үндемеуді артық көрсе, білгір Боуви: 
«Ақылды сөйлеу-қиынның қиыны, ақыл безбеніне салып үндемей 
қалу одан да қиын», – деп тұжырымдады. Демек, өзінің тіліне күші 
жетпеген адамның сөзінде шынайы шындық болмасы анық. Ұлы 
ойшылдарымыздың бірі Анахарсис кейінгіге тіліңді, тәбетіңді, 
нәпсіңді тыйып ұстау турасында ұлағат қалдырған.
Қысқасы, кәсіби маманға орнымен сұрауға, көңіл қойып 
тыңдауға, байсалды түрде жауап беруге және басқа айтар ештеңесі 
жоқ кезде сөйлеуді доғаруға үйренгені абзал. Бұл орайда: «Егер 
айтпағаныңа бір рет өкінер болсаң, үнсіз қалмағаныңа жүз рет 
өкінерсің», – деген Л.Н. Толстойдың бұған жалғастыра, «адамдар 
қалай сөйлеуді үйренумен әуре болып жүр, ең басты ғылымда 
қалай және қашан үндемеу керектігін» айту ескеруге тұрады. Десек 
те, есті адам қашан да тілін тияр-ау, ойымыз тиылмасын делік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет