104
ескертулері мұғалімдердің айқайы. Бұндай ескертпелер жүйкесі
тозған білім алушыларды булығуға апарып соқтырады.
Егер де мұғалімдер өзінің мінезін қадағалап білім алушыларды
бақылап, сыйластықты қажет етіп, жақсы қарым-қатынаста болып,
оқушылармен жылы сөйлессе, жоғары тәртіпке аса көңіл бөлсе,
әлде қайда жеңіл болар еді. А.С.Макаренко
педагогикалық
шеберлік көрсеткішіне байланысты «жақын кел маған» деген
дауысында оншақты өзгешеліктері бар деп санаған.
Білім алушы жолдастары мұғалімнің берген тапсырмасын
орындап, ал ол бұл тапсырманы орындай алмай оған көшбасшы топ
тарапынан
ескертпе
айтылғанында,
сыныптағы
қыздың
адамгершілік тұрғыда қарым-қатынас жасамау қылығы және соған
ұқсас оқиғалар жиі ашуландырады.
Аудиторияда, сыныптан тыс уақытта, тіпті кез-келген өмірлік
жағдайларда бәрінен бұрын әңгімені бастай білу керек. Әрбір
дәрістің, тәрбиелік пікірлесудің, ата-аналармен әңгіменің басталуы
бәрінен бұрын тыңдаушыға қызық болуы керек. Әкімшілік
тарапынан әсер етуді пайдаланып, дауыс көтермей ұйымшылдық
орнату,
тәртіпті сақтау, барлық тыңдаушыларды жұмысқа еліткен,
ата-аналар серіктестерін өзінің айтқанына зейіндерін аудартқан
мұғалімге мақтау мен абырой бере білу қажет.
Төмендегі үлгі осыған жетуге көмектеседі. Оның біреуі -
қарым-қатынастың алғашқы минуттарында, әсіресе алғашқы
сөздері күтпеген жерден тартымды әрі қызықты айта білуі.
Мұндайда
адамдармен
әңгіменің
жарқын
басталуындағы
қажеттілігін бағаламау мүмкін емес.
Сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де алғашқы минутта ерекше
ауыр болады. Педагог қобалжиды (егер ол сезім жоғалса, өте ауыр).
Сөз бастаудағы қобалжу ретке келтіруі, оның алдын ала
дайындығынан, эмоционалды сөйлеуінен,
ойының жинақты-
лығынан көрінеді. Мұғалімдер дәрістің және пікірталастың
алғашқы минуттарында бірден жұмысқа қосыла алмайды және ол
заңдылық. Бұл кезде ескерту айту орынсыз. Таң қалдыратын сөздер
қажет, сол кезде тыңдаушылар «арнаға» өздері келіп қосылып қана
қоймай, жұмысқа кедергі жасаушыларға «тыныш» деп айтады.
Ара қашықтықтың бұзылуы адамдарды қорғану үйлесімділігіне
әкеліп соқтырады, яғни, ара қатынасты қиындатады. Бірақ жиі
қарым-қатынас барысында адамдар - «өз орнын» тауып алады.
Білім
беру
мекеме
басшыларының
арасында
өткізілген
тәжірибесінде, оқытушылар мен оқу меңгерушілеріне залдан
105
өздеріне көбірек ұнаған орынға отыруын өтінді. Бастықтар
орталыққа отыруға құлшынды, яғни оларға дәрісхананы жақсы
көріп, естілуі маңызды болды. Өзін-өзі бағалауы төмен мұғалімдер
артта
немесе шет жаққа отырды, оларың демонстрация жасай
алмай, талаптанбайтындығына байланысты.
Іскер және жұмысшы жағдайын әңгімелесушілердің бір - біріне
қарсы орналасуына ықпал етеді. Егер де әңгімелесушілердің арасын
кең үстел бөліп тұрса, онда әңгіме іскерлік реңін алып жүреді, ал
егерде үстел жіңішкелеу және де әңгімелесушілердің ара
қашықтығы азырақ болса онда әңгіме достық, кейде сырластық
күйінде болады. Демек, егер үстел кең болса, жақсы қарым-
қатынастарға ұмтылғанша оданда,
қасына жақынырақ немесе
бұрыштың екі жақтың біріне отыруы қажет. Тағы бір вербальды
емес құрал – бейнелі қарым-қатынас. Сөздік қарым-қатынас көз
контактісі арқылы толығады. Адамдар тобымен сөйлесе отырып,
бір тыңдаушыдан басқасына, алдынан артқа, солдан оңға және
керісінше, әрқайсысына әсер қалдыруға ұмтылып көз қарасты
ауыстырады. Маңыздысы ол зейін объектісі болып таңдалған. Бір
жағынан ол эксперименталды сыпайылықты талап етеді.
Сөйлеушіні мұғалім сөйлесіп отырғанда қарамаса өте жағымсыз
әсер қалдырады. Екінші жағынан
- тыңдаушыны ынталандыру
әресі. Мұғалімнің түсіндірулеріне және жолдасының жауабына
көңіл бөлмеу, басқа нәрсемен айналысу, яғни жастардың өздері
айтқандай, бәрін көру педагог үшін өте ауыр. Нәтижесінде бұл кері
байланысты туындатады. Көздегі тұманды түтін тыңдаушы
жұмысқа қосылмағанын білдіреді. Білім алушы ықыласты тыңдап,
жұмыста іс-әрекетін қуана - қуана жасауы, белсенді дене
тұрғысына, жанарының жарқылына қарай байқалады. Қателікті
істеу
ұят емес, оны өзгертуді ойламай шыдамды қабылдау ұят.
Әріптестердің өтінішін, жақындарының қателіктерін жөндеу,
көркем әдебиеттерді жиі оқу, сөздікпен жұмыс жасау, әрқашан
өзіңіздің сөздік қорыңызды толтырып, табысқа жетудің бірден бір
жолы.
Достарыңызбен бөлісу: