168
Тұлға
- өзін-өзі жасайтын индивид.
Тұлғаның болмысы
- әлеуметтік эволюция формасында дамып
отыратын, барлық қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы,
яғни, адам әлеуметтік рөлдерді, нормаларды, құндылық бағдар-
ларды игерумен анықталады. Демек, тұлға - белсенді әлеуметтік
индивид.
«Жантану атауларының түсіндірме сөздігі» атты психоло-
гиялық еңбегінде тұлғаға мынадай анықтама береді (Қ.Жарықбаев):
«
Тұлға
: 1) дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам
болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық
өмірінің дара нысаны.
Тұлға
- әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан
дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді
және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады;
2) адамдар арасындағы өзінің ұстанымын, орнын еркін және
жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Ол
қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар
жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам
тұлға болып туылмайды, әлеуметтену үдерісінде тұлға болып
шығады», - деп көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: