Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет72/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   132
Тұлға дегеніміз
, біріншіден - әрбір даму кезеңдерінде 
қасиеттерінің өсуімен өз көрсеткіштері, деңгейлері анықталатын 
іс-әрекеттің субъектісі. 
Тұлғалық күйлердің өзгергіштігіне 
қарамастан, 
оны 
құрайтын 
психикалық 
құраушылардың 
тұрақтылығы белгілі бір жағдайларға байланысты адамның іс-
әрекетін алдын ала көруге мүмкіндік береді.

Екіншіден, тұлға біртұтас жан. Тұлға тұтастықпен ғана 
түсіндіріледі. 
Тұлғалық қасиеттер жағымды және жағымсыз 
көрсеткіштермен сипатталады. Өз кезегінде оның әр қасиетінің өзге 
күйлермен өзара қатынастарына байланысты өзіне тән мәнге ие 
болады. Өз кезегінде жағымсыз қасиеттер тұлғаның басқа 
тұлғалық-кәсіби қасиеттеріне әсер етеді. Адамның қасиеттері 
бастапқыда генетикалық тұрғыда шартталып, өмірдің алғашқы 
сәттерінде тұлғаның қабілетінен тәуелсіз дамиды. Индивидтің 
сапалары әлеуметтік байланыстар арқылы даму үдерісінде қайта-
қайта жаңғырып, өзгеріп, тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік 
береді. Ал, тұлғалық қасиеттердің өзгергіштігі әлеуметтік және 
биологиялық құрылымдардың өзара байланыстарымен анықталады.
Үшіншіден, тұлға белсенді жан.
Белсенділік танымға, 
өзгеріске, қоршаған әлемді түрлендіруге, өзіндік болмысын 


169 
өзгертуге бағытталған көптүрлі және көпаспектілі іс-әрекеттерде 
байқалады. 
Адамның әрекеті оның санасының, психикалық үдерістерінің 
және қасиеттерінің қалыптасуын шарттайды, олар адам әрекетін 
реттей отырып, оның адекватты орындалуының шарты болып 
табылады. Мұндай әрекеттің субъектісі басқа адамдармен тығыз 
байланыстағы - адам, индивид, тұлға болып табылады. 
Көптеген әрекеттер мен амалдардың сан түрлілігін біріктіретін 
сана мен әрекеттің тұтастығы, тұлғаның мақсаты мен мотивациясы 
болып табылатын бастапқы мотивациялары мен соңғы мақсаттары-
ның біртұтастығынан тұрады.
Сонымен, нақ әрекет кезінде тұлға қалыптасады, жеке дара 
адам болады, дүниеге, қоғамға, өзіне деген көзқарасын 
қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет